Санат: Жаңалықтар
-
Тыл ардагерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы медалымен марапаттау
Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында аудан аумағында тұратын тыл ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Прездиентінің арнайы медальдары табысталды. Шараға жергілікті атқару органдары, аудандық ақсақалдар төрағасы, Ауған ардагерлері мен қорғаныс істері бөлімінің бастығы ардагерлердің хал-жағдайы мен тұрмыстық-әлеуметтік ахуалдарына назар аударып, әңгімелесу жүргізді. Өз кезегінде тыл ардагерлері соғыс жылдарындағы көрген қиындықтарымен еңбек еткен жылдарын еске алып, өскелең ұрпаққа…
-
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған гүл шоқтарын қою рәсімі
Құрметті Қалбатау ауылының тұрғындары, сіздерді 9 – мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы орайда Қалбатауда Даңқ аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің бастамасымен Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің есімдері енгізілген QR-код тақтайшасы орнатылып, оның салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. Аталған тақтайшада Ұлы Отан соғысына қатысқан Жарма ауданының ардагерлері туралы…
-
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қымбатты екібастұздықтар!
Сіздерді Екібастұз қалалық мәслихатының атынан және өз атымнан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 9 Мамыр – бұл ұрпақтарды біріктіретін қасиетті күн. Дәл осы күні, 80 жыл бұрын, халық ерлігі мен жанқиярлығының арқасында адамзат тарихындағы ең ұлы Жеңіске қол жеткізілді. Біз соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, соғыс балалары мен жеңіске үлес қосқан барлық…
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара аудан орталығында орналасқан “Жеңіс” саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Өңір басшысы Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары, аудандағы зиялы қауым өкілдері қатысып, бабалар рухына тағзым етілді. Бір минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды. Сондай-ау, аудандық Мәдениет…
-
Тыл еңбеккері марапатталды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында «Құрық порты» ЖШС нысанын күзету атқыштар жасағының бастығы Сейтмағанбетов А.О. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Ж.Сабитовамен бірге. Құрық ауылының 88 жастағы қарт тұрғыны, тыл еңбеккері Р.Ниязованы құттықтап барды. Кездесу барысында тыл еңбеккері Р.Ниязоваға «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80…
-
Мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 10 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді
2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша аумақтық Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының өндірісінде 44 арыз-шағым қаралды. Арыз-шағымдарды қарау нәтижесінде 13 азамат пен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында тиісті шешімдер қабылданды. Департаменттің бақылау басқармасымен Соттар әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіндегі 10 мемлекеттік қызметкердің ұжымдық арызы қаралды. Арызда мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек демалысының кестесі бекітілмегендігіне…
-
Үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді
Мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін сегіз сағаттық жұмыс уақытының режимі белгіленген. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті жүргізуге уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері болып табылады. Мониторинг жұмыстары мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу Қағидаларының талабына сәйкес, кіруді басқару және бақылау жүйесінің «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен ықпалдастырылуы бойынша қашықтықтан және бару…
-
Швейцарияда кеңес жауынгерлерін еске алды
Базель, 2025 жылғы 9 мамыр — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Швейцариядағы Қазақстанның Елшісі Қайрат Саржанов пен Елшілік қызметкерлері Базель қаласындағы Германия шекарасына жақын орналасқан «Хёрнли» зиратындағы кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. 1966 жылы орнатылып, 2008 жылы жаңартылған бұл ескерткіш Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Швейцарияда қаза тапқан 23 кеңес…
-
«Ерлік елге мұра, ұрпаққа – ұран» Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шара Құрық ауылында өтті
⚜️9 мамыр күні Құрық ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік елге мұра, ұрпаққа – ұран» атты салтанатты шара өткізілді. ⚜️Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тыл және соғыс ардагерлері, аудандық мәслихат төрағасы, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары, жастар мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында майдан даласында мерт болған боздақтардың…
-
Ерлік пен қайсарлықтың үлгісі: елордада 9 мамыр күні ҰОС ардагеріне құрмет көрсетілді
Астананың Алматы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді. Жеңіс күні Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі үйдің ауласында майдангерге әскери оркестрдің қатысуымен нағыз мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. ҰОС ардагерінің құрметіне арналған шараны Алматы ауданы әкімдігі мен Қазақстан Қарулы Күштерінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы ұйымдастырды.Майдангерді құттықтауға туған-туыстары, көршілері, мектеп…
-
Талғат Орынбасар алғаш рет Grand Slam финалына шықты
Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық дзюдо турнирінде Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол отандасы Аман Бақытжанды жеңіп, алғаш рет Grand Slam турнирінің финалына шықты. Турнирдің финалдық белдесулері бүгін, 9 мамыр күні, сағат 17:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/992697?lang=kk
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді. Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында…
-
Ерлік пен жігер, естелік пен рухтың мерекесі: Бородулиха ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйге өтті
Ерлік пен жігер, естелік пен рухтың мерекесі: Бородулиха ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйге өтті 9 мамыр күні Бородулиха ауылындағы ипподромда мерекелік митингтен кейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ұлттық және ат спорты түрлері бойынша ашық жарыстар өтті. Бұл мерекелік шара «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» ұранымен өтті. Бұл – 2019 жылдан бері аудандық…
-
Жылдар жаңғырығы: Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын Нью-Делиде атап өтті
Нью–Дели, 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Есқараев пен Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Үндістан астанасындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шара Үндістандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің аумағындағы мемориалда өтіп, ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Елші Азамат Есқараев…
-
Мәслихат депутаттары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шараға қатысты
Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары Б.Абдрахманов, Ш.Ибраев, Д.Кәкімжанов, А.Данабек, И.Осипова Тайтөбе ауылындағы Р.Қошқарбаев атындағы саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шараға қатысты. Мерекеге орай ұйымдастырылған жиынды қала әкімі Азамат Есімұлы құттықтау сөзімен бастап, жиналған жұртшылықты 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады. Одан кейін Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Нұрқасым Әжітаев және аға буын өкілдері,…