Санат: Жаңалықтар
-

ХРОМТАУДА 70-КЕ ЖУЫҚ ЖЕМІС АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Хромтау ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, аудан аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдарының ұжымдары және белсенді тұрғындар қатысты. Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып, ауданның көркеюіне атсалысты. Сонымен қатар, №7 мектеп-гимназиясының аумағында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен көгалдандыру…
-

САЛА МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні. Мерекеге орай аудан әкімдігінде сала мамандарына құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жомарт Бақыткелді, бөлім басшылары және сала мамандары қатысты. Бұл кәсіби мереке тұрғындарды жылумен, сумен, жарықпен қамтамасыз етіп, инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуін қадағалайтын мамандардың еңбегін құрметтеу мақсатында белгіленген. Бұл сала қызметкерлерінің күнделікті жұмысы –…
-

2026 жылы Ақтөбе облысында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аясында 540 жұмыссыз азаматты оқыту жоспарлануда
Еңбек мобильділігі орталығы Қазақстан Республикасының жұмыссыз азаматтары мен қандастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқуға шақырады. Бағдарлама жаңа дағдыларды меңгеруге, жаңа мамандық алуға және біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Оқыту келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: шаштараз, тігінші, кондитер, аспаз, электрмонтер, электргаздәнекерлеуші, токарь, балабақша тәрбиешісінің көмекшісі, автокөлік жөндеу слесарі және басқа да жұмысшы мамандықтар. Оқыту білім…
-

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34%-ға қысқарады
Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді. Оның аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды заманауи экологиялық шешімдер негізінде жаңғырту қарастырылған. Жобаларда қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған «таза көмір» технологияларын енгізу көзделген. Жаңа станциялар бу мен температураның аса жоғары критикалық параметрлерінде жұмыс істейді, бұл электр энергиясын өндіру тиімділігін 5–6%-ға арттырып, көмір шығынын азайтуға…
-

КЕЗЕКТЕН ТЫС XLVII СЕССИЯ ӨТТІ
14 сәуір күні Хромтау қаласында аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылады. Сонымен қатар, аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының дербес құрамдарына…
-

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй басқарудың жаңа жүйесіне өтті
Шығыс Қазақстан облысының көпқабатты тұрғын үй қорында басқарудың жаңа жүйесі белсенді түрде енгізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек мәлімдеді. Жаңа басқару үлгісіне мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) және тікелей бірлескен басқару (ТББ) жатады. Сонымен қатар «бір үй – бір шот» қағидаты қарастырылған,…
-

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданындағы көрікті Қасқыр сарқырамасында «Sarqyrama Fest» туристік фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті
Табиғат аясында өткен ауқымды шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және бірегей табиғи локацияларды кеңінен танытуға бағытталды. Фестивальді «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырып, бұл бастама аймақтың жаңа туристік брендингін қалыптастыруға негіз болды. Шараның басты мақсаты — Қасқыр сарқырамасын туристер үшін тартымды демалыс орны ретінде дамыту. Ашық аспан астында өткен мерекелік іс-шараға 6000-ға жуық адам…
-

Шығысқазақстандық университет QS Stars рейтингінің ең жоғары бағасын алды
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті беделді QS Stars рейтингтік жүйесінде ең жоғары 5 жұлдыздық бағалауға ие болды. Бұл «бір реттік комиссия бағасы» емес, университеттің халықаралық әдіснама бойынша кезең-кезеңімен өтетін кешенді аудиті. Алдымен университет өтінім беріп, ауқымды дәлелді деректер пакетін дайындайды. Оған статистикалық мәліметтер, ішкі есептер, студенттер мен түлектер сауалнамасының нәтижелері, оқытушылар құрамы туралы ақпарат,…
-

ЖЕРЛЕСІМІЗ СПОРТТЫҚ ЖҮРІСТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
26–29 наурыз аралығында Алматы қаласында спорттық жүрістен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Аталған жарыста Ақтөбе облысының жас спортшысы Аиша Жургентаева жоғары нәтиже көрсетіп, ел чемпионы атанды. Ол 5 шақырым қашықтықта U-18 жас санатында сынға түсіп, бірінші орынды иеленді. Аиша Жургентаева — Хромтау қаласындағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы. Жеңіс — өңір спорты үшін маңызды жетістік. Айта…
-

АУДАН БАСШЫСЫ «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Ауданға «Байтақ» жасылдар партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Айман Сексенова бастаған делегация жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратовтың қабылдауында болды. Қабылдау барысында өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту және табиғатты қорғау саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың…
-

«ХРОМТАУ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖАҢА МАУСЫМДА АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың тапсырмасымен құрылған «Хромтау» футбол командасы жаңа маусымда ойынға қатысады. Футболдан «Екінші лига» командалары арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігіне қатысатын «Хромтау» футбол клубының ойыншыларын таныстыру рәсімі өтті. Рәсім аясында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов командамен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында өңірде футболды дамыту бағытындағы мәселелер қозғалып, алдағы жоспарлар талқыланды. Аудан әкімі командаға…
-

ХРОМТАУДА ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС САПАРЫ ӨТТІ
13 сәуір күні Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев Хромтау ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов басқарма басшысын қабылдап, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Алдымен делегация №2 Хромтау балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты. Одан кейін аудандық мәдениет үйінде болып, жастарға арналған шығармашылық үйірмелердің…
-

КЕЗЕКТЕН ТЫС XLVII СЕССИЯ ӨТТІ
14 сәуір күні Хромтау қаласында аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылады. Сонымен қатар, аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының дербес құрамдарына…
-

ШҚО-да «EAST CUP 3×3» хоккей турнирінің жеңімпаздары анықталды
Шығыс Қазақстан облысында «EAST CUP 3×3» турнирінің екінші маусымы аяқталды. Салтанатты жабылу рәсімі Б. Александров атындағы Спорт сарайының кіші аренасында өтті. Чемпионат әуесқой хоккейдің дамуына серпін беріп, «3х3» форматының қарқынды дамып келе жатқанын айқын көрсетті. Қазақстанда осы форматтағы алғашқы ресми турнир дәл Өскеменде басталды. Биылғы маусым аты аңызға айналған Борис Александровтың алғашқы тәлімгері, белгілі бапкер Юрий…
-

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы Грекияда өтті
Афина, 2026 жылғы 19 сәуір – Грекия астанасында жағалау аумағын тазарту бойынша экологиялық акция өтті. Қазақстанның Грекиядағы Елшілігі шетелде «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету аясында ұйымдастырған бұл іс-шара Еуропадағы аталған қозғалыстың алғашқы жобасы болды. Акция 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында өткізілді. Бастаманы Грекияда тұратын Қазақстан азаматтары, студенттер, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қолдады.…
