Санат: Жаңалықтар
-
Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы “Бурабай Су Арнасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
жоспар Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-burabay/press/news/details/1047961?lang=kk
-
Қазақстанның Даму Банкінің қарыз алу саясаты анағұрлым ашық болады
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2028 жылға дейінгі даму жоспарында қарыз алу саясатын неғұрлым ашық және болжамды ету шараларын қабылдады. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді. Биыл Жоғары аудиторлық палата «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында қарызды басқару тиімділігіне аудит жүргізді. Нәтижесінде «ҚДБ» АҚ-ның қарыз алу саясатының стратегиялық бағыттары даму жоспарында…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті Ақмола облысының және қала тұрғындары! Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, Ақмола облысы Әділет департаментімен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Әр азаматқа – құқықтық көмек», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» тегін акцияларын өткізу жоспарлануда. Акция барысында адвокаттар мен жеке сот орындаушылар мен нотариустар және…
-
«Таза Қазақстан»: елордалық жастар Абайдың 180 жылдығын мерекелеу аясында экологиялық акция өткізді
Елордадағы Абай атындағы гүлзарда Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен және «Жасыл ел» жобасының белсенді жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын мерекелеу аясында бірлескен акция ұйымдастырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Алдымен «Жасыл ел» жобасының қатысушылары гүлзар таза әрі көрікті болу үшін жасыл желекке күтім жасап, аумақты ретке келтірді. Одан…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА “Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру” конкурсын өткізу туралы
Конкурсқа мемлекеттік меншіктегі, жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы қойылады. Конкурсқа қатысуға ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ресімдеген Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары жіберіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы “25” тамыздан бастап 2025 жылғы “05” қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.…
-
Ақтоғай ауданында тамақтану орындарындағы ас мәзірінің мемлекеттік тілде болуы бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары туралы
Ақтоғай ауданында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау мақсатында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мейрамхана, дәмхана, асхана және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының иелері мен жауапты тұлғаларына заңнама талаптары таныстырылды. Түсіндіру барысында ас мәзірін, көрнекі ақпараттарды және тұтынушыларға арналған жарнамалық материалдарды мемлекеттік тілде ресімдеу міндетті екені ескертілді. Кәсіпкерлерге «Тіл туралы»…
-
Қазақстандық оқушылар Пекинде өткен IOAI 2025 Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында рекордтық жетістікке жетті
Қазақстан құрамасы мектеп оқушыларына арналған Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI 2025) ең үздік нәтижелердің бірін көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл дода оқушылардың жасанды интеллект мен техникалық білім саласындағы дайындық деңгейін көрсетті. Олимпиада 2–9 тамыз аралығында Бейжіңде өтіп, 61 елден келген 77 команданы жинады. Қазақстан атынан оған екі команда…
-
Абай мұрасы» залының салтанатты ашылуы өтті
6 тамыз күні қалалық қазақ кітапханасында ұлы ойшыл, ақын, ағартушы – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы» залының салтанатты ашылуы өтті. Жобаның басты мақсаты – Абайдың рухани мұрасын сақтау және насихаттау, жас ұрпақты оның дана өсиеттері рухында тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарға және ана тіліне құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шараға қалалық қоғам өкілдері, мәдениет және…
-
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде отандық «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылады
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі. Бағдарлама балалардың әл-ауқаты индексінің қағидаттары мен халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және буллингке қарсы күрестегі үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенеді,…
-
Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 41-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессияның күн тәртібіне: Сарысу аудандық мәслихатының…
-
Заң мен тәртіп күзетіндегі патрульдік полиция қызметкерлері
Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдыңғы шепте тұрған құрылым. Патрульдік батальон қызметкерлері күн сайын қала көшелерінде құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарының орындалуын бақылау және тұрғындардың тыныштығын сақтау бағытында қарқынды жұмыс атқарады. Патрульдік полиция инспекторларының қызметтік міндеттері сан қырлы. Олардың басты міндеттерінің қатарына жол қозғалысын бақылау…
-
Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік субъектілеріне арналған «Көрнекі ақпарат пен жарнама: жаңа заң талаптары және кәсіпкерлердің міндеттері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» заң талаптарын түсіндіру, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заңнамаға сәйкестендіру бойынша нақты нұсқаулықтар беру. Шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кәсіпкерлер палатасы және жергілікті кәсіп иелері қатысты. Кездесу барысында көтерілген негізгі мәселелер: • Мемлекеттік тілде көрнекі ақпаратты орналастыру талаптары; • Жарнама мәтіндерінің мазмұны…
-
«TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте өңірдегі «TURAN» арнайы экономикалық аймағының маңызы зор. Аталған аймақтың түйткілді мәселелері бойынша арнайы мәжіліс өтіп, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді. Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасовтың айтуынша, 2019 – 2025 жылдардың қорытындысы бойынша «TURAN» АЭА-ның…
-
128 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ақтөбе облысында 128,9 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі 160 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару жоспарын бекіткен. Бүгінгі таңда оның 128,9 мың гектары қайтарылды. Бұдан бөлек, жалпы ауданы 176,4 мың гектарды құрайтын 94 учаскені тексеру жоспарлануда. Өткен жылғы тексеру нәтижесінде 53 учаске заң…
-
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының сумен қамтылу жағдайын тексерді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, жергілікті шаруалармен кездесіп, суару науқанының барысымен танысты. Ведомство басшысы Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы шаруа қожалықтарында болып, күріш алқаптарының жағдайын көрді. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында бес магистральдық және үш шаруашылықаралық канал арқылы кезекпен су беріліп жатқанын еске сала кетейік. Бүгінгі таңда аймақтағы барлық дақылдың…