Санат: Жаңалықтар
-

Көліктегі ПД-де 2026 жылғы бірінші тоқсанның қорытындылары шығарылды
Көліктегі полиция департаментінде 2026 жылдың I тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Оған департамент басшылығы, аппарат қызметтерінің басшылары, сондай-ақ аумақтық бөліністердің басшылары мен жеке құрамы онлайн форматта қатысты. Кеңес барысында жұмыстың басым бағыттары қаралды. Атап айтқанда, әуе және теміржол көлігі объектілерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ…
-

Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, аудан мәслихатының кезектен тыс сессиясына шығарылатын мәселелер қаралды.
Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, аудан мәслихатының кезектен тыс сессиясына шығарылатын мәселелер қаралды. Күн тәртібі аясында депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, Бейімбет Майлин ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер енгізу, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға қатысты…
-

Тексерулерді бірлесіп жүргізу туралы
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалармен жүргізілетін кесте бойынша тексерулерге Департамент қызметшілерін де тарту көзделген. Осы мақсатта Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Мақпал Жузбайқызы Баратова Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен жүргізілген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «И.С.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК тексеруіне…
-

Атырау облысының прокуратурасы экологиялық заңнама талаптарының бұзылуын тоқтатты
Облыс прокуратурасы органдарымен су бұру нысандарын заңсыз пайдалану және қалдықтарды орналастыру фактілері анықталды. Анықталғандай, «А.» ЖШС басшылығы өндірістік базасының аумағында сарқынды суларды заңсыз төгуді ұйымдастырған. Ассенизаторлық техниканың иелері тиісті рұқсатсыз сұйық тұрмыстық қалдықтарды төккен. Қадағалау актілері бойынша заңсыз коллектор жойылып, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, Махамбет ауданында ауылдық округ әкімдігі экологиялық рұқсатсыз…
-

Қостанай облысының прокуратурасы Полиция департаментімен және білім беру органдарымен бірлесіп, «Қауіпсіз жол – балалар үшін» жобасы аясында балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алуға және оқушылардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ауқымды профилактикалық акция өткізді.
Қостанай облысының прокуратурасы Полиция департаментімен және білім беру органдарымен бірлесіп, «Қауіпсіз жол – балалар үшін» жобасы аясында балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алуға және оқушылардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ауқымды профилактикалық акция өткізді.Іс-шара кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың аясында жүзеге асырылды, бұл прокуратура органдарының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.Акция…
-

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғаш рет сапармен келген Джевдет Йылмазға ілтипат білдіре отырып, бауырлас Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктесі екеніне назар аударды. – Бауырластығымыз өзара сенім мен құрметке негізделген. Дипломатиялық қатынас орнаған 35 жылға жуық уақыт ішінде біз көптеген биік белесті бағындырдық. Қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Арамызда ешқандай түйткіл жоқ. 14 мамырда Президент Режеп Тайип…
-

Тікелей эфирден уақытша ұстау изоляторына дейін: ШҚО-да TikTok-та ұлтаралық араздықты қоздыру фактісінің жолы кесілді
Тікелей эфирден уақытша ұстау изоляторына дейін: ШҚО-да TikTok-та ұлтаралық араздықты қоздыру фактісінің жолы кесілді Өскеменде полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер таратқан азаматтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Полицияға жергілікті тұрғын арызданып, тікелей эфир кезінде ұлттық негізде балағат сөздер айтып, қорлайтын пікірлер білдірген TikTok пайдаланушысына қатысты шара қолдануды сұраған. Тергеу барысында 35 жастағы ер…
-

Ұнды фортификациялау туралы не білу керек?
Ұнды фортикациялау – халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі. Бұл процесс барысында ұн құрамына адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералдар қосылады. Фортификация – тағам өнімдерінің биологиялық құндылығын арттыру мақсатында оларға арнайы қоректік заттарды енгізу дегенді білдіреді. Көбінесе ұн темірмен, фолий қышқылымен, сондай-ақ В тобының дәрумендерімен (В1, В2, В6, В12) және мырышпен байытылады. Ұн күнделікті…
-

Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты
🟦Сондай-ақ Президент Режеп Тайип Ердоғанның сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, Түркия көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапарына және Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістандағы бейресми саммитіне ерекше мән беріп отырғанын мәлімдеді. – Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында жаңа ғана Премьер-министр Олжас Бектенов мырзамен бірге Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының 14-отырысын өткіздік. Оның қорытындысы бойынша түрлі саладағы нақты шараларды…
-

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды іске асыру аясында елімізде заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ерекше мән берілуде. Осыған сәйкес, барлық деңгейде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.…
-

Солтүстік Қазақстан облысында Digital Aimaq жобасы аясында 12-ші креативті IT орталығы ашылды
Орталық аудан тұрғындарына, әсіресе жастарға арналған заманауи білім беру және технологиялық алаң ретінде құрылды. Мұнда цифрлық сауаттылық, жасанды интеллектпен жұмыс, 3D модельдеу, робототехника, ұшқышсыз жүйелер, медиатехнологиялар және креативті индустриялар бағыттары қарастырылған. Жоба AMANAT партиясының күн тәртібі аясында, соның ішінде «Цифрлық қоғам» бастамасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Орталықтың ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партияның цифрлық комиссары Екатерина…
-

Жеңіспен оралған жеңімпаздар
Жеңіспен оралған жеңімпаздар 9–11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетіп, оған қатысқан дарынды шәкірттеріміз жеңіспен оралды. Білім бәсекесінде оза шауып, жүлделі орындарға ие болған Оралбекқызы Асылжан мен Тұрарбек Алиназды аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы, мектеп директоры Ақжол Мендығалиұлы, мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары теміржол вокзалынан зор мақтанышпен…
-

Қарағанды облысында Еуропалық иммундау апталығын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша облыстық семинар өтті
БҮГІН, 15 сәуірде, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылдың 19-25 сәуірі аралығында Қарағанды облысында Еуропалық иммундау апталығын ұйымдастыру және өткізу бойынша «Вакцина әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен облыстық семинар өткізді. Семинарға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары, эпидемиологтар және алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметкерлері қатысты.2026 жылдың иммундау апталығының мақсаттары мен міндеттерімен Департамент басшысының орынбасары Гүлжан…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары! Сарыағаш ауданы аумағындағы қала және елді мекендерде халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 2026 жылғы 18 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап «Таза аула» (үй аулаларын тазалау) атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылады. Осыған орай, барша…
-

Ақтөбелік мектеп оқушыларының 99%-ы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады
Ақтөбелік мектеп оқушыларының 99%-ы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады 🏕️Ақтөбе облысында биыл оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Облыстағы 1-10 сынып аралығында оқушылардың 99%-н жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мәлімдеді. Оның айтуынша, жазғы маусымда…
