Санат: Жаңалықтар
-

Пошта және курьерлік қызметтер көлемі 1,1%-ға өсті
2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті. Оның ішінде 13,4 млрд теңге халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі. Өңірлер бөлінісінде пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына – 58,7%, Астана қаласына – 13,2% және Қарағанды облысына – 3,2% тиесілі. Ауылдық…
-

Балаларының алдындағы жауапкершіліктен жалтарғандар: алимент төлемеген борышкерлер Павлодар облысында анықталды
Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналарды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.– Жыл басынан бері қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 113 адам анықталды, – деп хабарлады облыстық көші-қон қызметінің бастығы Александр Кузьменко.Мәселен, полиция қызметкерлері ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған баласының тәрбиесіне қатысуды тоқтатып, ұзақ уақыт…
-

Әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскері – 1 бірлік
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды Бос лауазымдар атауы: Әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскері – 1 бірлік; Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 23.09.2026 ж. Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 01.10.2026 ж. Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары:…
-

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың негізгі бағыттары белгіленді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланған кеңес өткізді. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мемлекет басшысы 19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру, экология, құрылыс, жол инфрақұрылымы және қалалық ортаны дамыту бағыттарындағы бірқатар өзекті мәселеге тоқталған болатын.Облыс әкімі…
-

Такси жүргізушісі мен полицейлер зейнеткерге 6 миллион теңгеге жуық ақшасын қайтаруға көмектесті
Ерекше оқиға қаладағы көлік жуу орындарының бірінде басталған. Такси жүргізушісі Алматы қаласына сөмке жеткізуі тиіс болған. Бір уақытта ол сөмкеден жарманың төгіліп жатқанын байқайды. Сөмкенің ішін тексеруді ұйғарған ер адам оның ішінде қомақты ақша жатқанын анықтаған. Күдіктенген ол мәселені шешу үшін полицияға жүгінген.Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға дереу кірісті. Көп ұзамай ақшаның кімге тиесілі екені…
-

Теректі ауданы білім беру бөлімінің конкурстық комиссияның шешімі
Теректі ауданы білім беру бөлімінің конкурстық комиссияның шешімі: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі лауазымына конкурс қорытындысы бойынша Анна Михайловна Бородулинаның кандидатурасы тағайындауға ұсынылсын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-terekti/press/news/details/1296252?lang=ru
-

Әдістемелік кабинетінің дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша әдіскері – 1 бірлік
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды Бос лауазымдар атауы: Әдістемелік кабинетінің дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша әдіскері – 1 бірлік; Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 23.09.2026 ж. Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 01.10.2026 ж. Еңбекке ақы төлеу…
-

ҚАЗАҚСТАНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫН ІРІКТЕУ ЖОБАСЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ
Алматыда мүгедектігі бар адамдарға берілетін оңалтудың техникалық құралдарын қайтару және қайта пайдалану жобасы іске қосылды. Жобаны Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асырып жатыр. Алматы тұрғындары жобаға 2026 жылдың 14 қыркүйектен бастап қатыса алады. Жобаның алғашқы кезеңінде кресло-арбалар мен жүріп-тұруға арналған басқа да құралдар қамтылған. Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – әр адамға оның…
-

«Әлеумет» порталы қалай жұмыс істейді?
Мүгедектігі бар азаматтарға қажетті техникалық оңалту құралдары мен жекелеген әлеуметтік қызметтерді таңдауға және алуға мемлекет цифрлық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Солардың бірі – «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы. Портал арқылы азамат өзіне қажетті құралды үйден шықпай-ақ таңдап, оны ұсынатын жеткізушіні анықтап, электронды түрде тапсырыс бере алады. Порталда протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо- және тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған құралдар, міндетті…
-

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. «Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміз ауқымды өзгерістер дәуіріне қадам басты. Жаңа Конституция Озық Қазақстанды одан әрі дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазірдің өзінде барлық салада ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр.…
-

Қоныс аудардыңыз. Енді не істеу керек?
Қандастар мен қоныс аударушыларға жаңа қоныстанған жерінде қажетті мәселелерді шешуге – құжаттарды рәсімдеуден бастап, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелеріне дейін кешенді мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Әр отбасы үшін негізгі мәселелерді жедел шешуге және жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін жеке сүйемелдеу маршруты қалыптастырылады. Барлығы 25 бейімдеу және интеграциялау қызметі қолжетімді. Мамандар қажетті құжаттарды рәсімдеуге, тұрғын үй іздеуге,…
-

ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік жүйелерді қолдануды кеңейтуде
Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Осындай шешімдердің бірі – жолдардағы бақылауды күшейтуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретін лазерлік жүйелер. Лазерлік жүйелер тұман, боран, қатты жаңбыр және басқа да қолайсыз ауа райы жағдайларында көріну мүмкіндігі шектеулі болған кезде жүргізушілерге жол бағдарын айқындауға…
-

Дүниежүзілік тазалық күніне орай жаппай экологиялық акция өтті
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті.Оған Құрылтай депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары,ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент және инспекция басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, эко белсенділер, жастар ұйымдары және студенттер қатысты.Акцияның мақсаты – жұртшылықты ортақ іске жұмылдыру, экологиялық…
-

СЭБД бөлім басшысы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
СЭБД бөлім басшысы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күніне орай санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және адал еңбегі үшін Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Абдрахманова Құралай Теміртасовна «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты Департамент басшысы Батырбек Алиев табыстап, Құралай Теміртасованы кәсіби мерекесімен құттықтап, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің…
-

HR ENBEK: жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы хабарлама нені білдіреді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілерге HR Enbek порталы арқылы қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы жолданатын хабарламалардың қалыптастырылу тәртібін түсіндіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. ЖОМС…
