Санат: Жаңалықтар
-

Құрметті әріптестер, ардагерлер, қадірлі құтқарушылар!
Сіздерді «Құтқарушы күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Құтқарушы – қазіргі заман қаһарманы. Батылдық пен жанқиярлық қасиеттерге ие тұлға. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен батылдықтарыңыздың арқасында талай адамның өмірі сақталып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Қазіргі таңда бірігіп, қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес. Президентіміз бен Үкімет тарапынан көрсетілген сенім мен қолдаудың арқасында бұдан да биік жетістіктерге…
-

«Е-АРХИВ» Ақпараттық жүйесі бойынша оқыту өтті
Аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін (Е-архив АЖ) пайдаланушыларға арналған орталықтандырылған онлайн оқыту жұмыстары жүргізілді. Оқытуға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің, кент, қала және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының ведомстволық архивтерге жауапты мамандары қатысты. Оқыту барысында жүйені баптау және базалық анықтамалықтармен жұмыс істеу, ұйымдарда құжаттарды…
-

Отбасын қолдау – әлеуметтік өзгерістердің өзегі
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бала тууға және оның күтіміне байланысты берілетін жекелеген бюджеттік жәрдемақыларды тағайындау шарттары отбасының сол кездегі әл-ауқат санатына қарай айқындалады. Бұл ретте Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер мен бюджеттен берілетін жәрдемақылардың құқықтық негіздері әртүрлі екенін ескеру қажет. Атап айтқанда, бала тууына байланысты берілетін біржолғы бюджет жәрдемақысы C, D…
-

Абай облысы ТЖД бастығының Құтқарушылар күніне құттықтауы
Құрметті әріптестер, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері! Сіздерді ортақ мерекеміз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Құтқарушы қызметі – жүрек қалауымен таңдалып, үлкен жауапкершілікпен атқарылатын мәртебелі мамандық. Бұл қызмет батылдықты, төзімділікті, шапшаң шешім қабылдауды және ел қауіпсіздігіне деген адалдықты талап етеді. Күн сайын қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып жүрген Абай облысының құтқарушылары төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамдардың…
-

ҚАЗАҚСТАНДА 81 ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ 189 АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМШЕ АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы көмек көрсету желісін кеңейту жоспарлануда. Атап айтқанда, 81 бастапқы орталық пен 189 аутизмі бар балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесін ашу көзделіп отыр. Бұл ерте диагностикалау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін, оның ішінде ауыл тұрғындары үшін де арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ведомствода өткен кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру…
-

Қазақстан әлеуметтік қолдауды күшейтеді: қандай жәрдемақылар отбасының санатына қарамастан беріледі?
Мемлекет мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесін енгізу кезінде кейбір азаматтарға берілетін жәрдемақыларға қатысты нақты ерекшеліктерді заңмен бекіткен. Мысалы, отбасының әл-ауқаты қандай санатқа жататынына қарамастан, мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тиісті мемлекеттік жәрдемақылар тағайындала береді. Осындай ерекшеліктер ата-анасынан айырылған жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталған…
-

Қоржынға 100 ұпай: Самалай Ерғалиеваның Ақтаудағы жарқын жеңісі
Дзюдошы Самалай Ерғалиева Қазақстанның үйдегі Азия кубогында Қостанай облысына алтын медаль сыйлап, Қазақстан әйелдер құрамасының дзюдодан бірінші нөмірлі спортшысы мәртебесін нығайтты. Ақтауда өткен Aktau Asian Open 2026 халықаралық турнирінде ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, IJF рейтингіндегі қоржынына 100 ұпай қосты. Бұл жетістік спортшының ағымдағы маусымдағы жеңісті жолын жалғастырды. Маусымды ол…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы Шардара қаласында Орман шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесі және Шардара орман шаруашылығы мекемесіне 60 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. «Абай» мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, орман шаруашылығы саласының ардагерлері, мекеме басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков сөз сөйлеп,…
-

EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ eGov Mobile мобильді қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа сервис пайда болды. Ол 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір мемлекеттік көмектерді отбасының нақты жағдайы мен мұқтаждығына қарай көрсету тәртібіне көшу аясында іске қосылды. Калькулятор арқылы азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау талаптарымен танысып, отбасының саламаттылық деңгейін анықтай…
-

30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ
30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ 🔷 Шымкентте баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлерді ұсыну жұмысы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясында 30 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. 🔷 Пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Олар сатып алу құқығымен жалға…
-

Тұрсынай Қабыл 2026 жылғы Азия Пара ойындарының «күмісін» иеленді
Нагоя (Жапония), 19 қазан. Қазақстандық пауэрлифтер Тұрсынай Қабыл Нагояда өтіп жатқан V жазғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасына күміс медаль сыйлады. Қостанай облысының спортшысы 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетті. Қабыл жатып сығымдау жаттығуында барлық үш мүмкіндікті де қатесіз орындап, мінсіз техника көрсетті. Алғашқы талпынысында ол 100 келі салмақты бағындырса, екіншісінде нәтижесін 102…
-

Шемонаиха тұрғынына ауладағы құрылыс қалдықтары үшін айыппұл салынды
Шемонаиха тұрғынына ауладағы құрылыс қалдықтары үшін айыппұл салынды «Таза Қазақстан» аясында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері елді мекендердегі абаттандыру қағидаларының бұзылуын болдырмау және тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Өткен демалыс күндері Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің аумағына құрылыс қалдықтарының үйілгенін анықтады. Мұндай әрекет ауланың көркін бұзып қана қоймай, тұрғындарға да қолайсыздық туғызады.…
-

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітаппен кемелденген ұлт» атты дөңгелек үстел өтті. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өткен басқосуда алғашқы болып сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірде аталған жоба аясында атқарылып жатқан…
-

Рөлде мас әйел: жолдағы сапар қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді
Бақытымызға орай, бұл жолы ешқандай қайғылы жағдай орын алған жоқ. Алайда алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін еді. Таңсәріде Талдықорған қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Nissan Juke автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 40 жастағы жергілікті тұрғын болған. Тексеру нәтижесінде әйелдің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік…
-

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес тексеру комиссиясының мүшесі Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы 2026 жылдың 21 қазан күні сағат 11.00-13.00 аралығына Қызылорда қаласының тұрғындары арасында жеке қабылдау жүргізілетінін хабарлайды. Жеке қабылдау Қызылорда қаласы әкімінің ғимаратында өткізіледі. Мекен жайы:…
