Санат: Жаңалықтар
-

Лисаков музейінде «Музей түні – 2026» өтті
Лисаков музейі дәстүрлі «Музей түні» акциясы аясында жарқын оқиғалар мен шығармашылықтың орталығына айналды. Кеш жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, көптеген қонақтардың басын қосты. Келушілер Қостанай суретшісі Юрий Матюшконың «Метаморфоза» атты жеке көрмесімен танысып, «Лисёнок» ән студиясының (жетекшісі – Е.Н. Соколова) тәрбиеленушілерінің өнерін, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы мен Балалар өнер мектебінің (педагогтары – Н.А. Каракиян,…
-

Басқарма мамандары әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Qarmet» металлургиялық комбинатына барды.
Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы басқарма мамандарымен бірлесе Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ-ның өндіріс нысанына барды. Кәсіпорында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талаптарының орындалуын зерделеп, көрнекі ақпараттың жазылуын бағдарлады. Айта кетейік, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тіл саясатын жүзеге асыру аясында мемлекеттік мекемелермен, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізумен қатар, өндіріс орындарында да…
-

Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты
Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2026 жылғы 3 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 271,4 млрд теңге, жұмыс берушінің міндетті…
-

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау…
-

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА ТЕЛЕГРАММ БОТ АРҚЫЛЫ ШАҒЫМДАНА АЛАСЫЗ
Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі. Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және азаматтардың…
-

2026 жылы Қазақстанда көкжөтелмен сырқаттанушылық 2,4 есеге төмендеді
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда көкжөтелдің 83 жағдайы тіркелді, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,4 есеге төмендегенін көрсетеді. Комитет вакцинацияның көкжөтелдің алдын алудың және аурудың ауыр асқынуларының, әсіресе ерте жастағы балалар арасында, алдын алудың ең тиімді тәсілі болып қала беретінін еске салады. Ағымдағы жылдың 4 айында көкжөтелге қарсы жоспарлы вакцинациямен 178,9 мың бала…
-

Алматы облысында жаңа балық өсіру шаруашылығы ашылды
Алматы облысының Жамбыл ауданында құны 450 млн теңге болатын балық өсіру шаруашылығы пайдалануға берілді. Жобаның инвесторы — «ТехноСнаб 2002» компаниясы. Кәсіпорында жылына 200 тоннаға дейін тауарлық балық пен 2 млн шабақ өсіру жоспарланған. Нысанның жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Жоба бекіре тұқымдас балықтар мен форельді өсіруге, өндіруге және кейіннен өңдеуге бағытталған. Қазіргі таңда шаруашылық…
-

«Адал азамат»
Тұрақты әрі үйлесімді қоғам құру құқықтар мен міндеттердің тепе-теңдігін сақтаған жағдайда мүмкін болады. Бұл ретте мемлекет те, азаматтар да заң талаптарына сай әрекет етіп, әділдік, жауапкершілік және өзара құрмет қағидаттарын ұстануы қажет. Адам қадір-қасиетін құрметтеу, адалдық пен парасаттылық нормаларын сақтау ерекше маңызға ие. «Адал азамат» тұжырымдамасы жеке жауапкершіліктің, адалдықтың, заңға құрметпен қараудың және қоғам өміріне…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
Абай ауданы әкімінің аппараты қазіргі таңда Тәуке хан даңғылы, 3 мекен-жайына (бұрынғы ғимарат) ауысқанын хабарлаймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai/press/news/details/1223272?lang=kk
-

Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аудан әкімдігімен бірлесіп салық төлеушілерге арналған семинар ұйымдастырды
Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аудан әкімдігімен бірлесіп салық төлеушілерге арналған семинар ұйымдастырды.Іс-шарада салық заңнамасының өзгерістері, салықтық есептілікті дұрыс толтыру тәртібі, электрондық қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері мен салықтық жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.Семинарға кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары және жеке тұлғалар қатысты. Мамандар салық төлеушілердің сауалдарына жауап беріп, практикалық ұсыныстар ұсынды.Мақсаты – салық мәдениетін арттыру, заң…
-

Хормозган провинциясының Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасы президентінің орынбасарымен кездесу
2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Бәндәр Аббас қаласындағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иранның Хормозган провинциясының Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының вице-президенті Х.Рухани Тазианимен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Иран өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кен, балық шаруашылығы, мұнай өнімдерін өңдеу, инвестиция,жүк транзиті мен тасымалы және өзге де салалардағы қатынастарды одан әрі…
-

Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» акциясы өткізілді
Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.Іс-шара барысында тұрғындар мен кәсіпкерлер салық заңнамасының өзекті мәселелері бойынша толық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, электронды салық есептілігін жүргізу ережелерін, жеңілдіктер мен жеңілдіктерді енгізу мүмкіндіктерін нақты білді.Басқарма мамандары әрбір салық төлеушіге жеке-дара кеңес берді, туындаған сұрақтарға жауап берді және практикалық…
-

Қазақстанда термосезімтал жүктерді тасымалдауға қойылатын бақылау күшейтілді
Қазақстан Президентінің тапсырмасы аясында елде термосезімтал жүктерді тасымалдауға арналған жаңа стандарт бекітілді. Бұл температуралық режимді тасымалдаудың барлық кезеңінде, соның ішінде аралық тиеу-түсіру мен сақтау барысында қатаң сақтауды талап ететін өнімдерді жеткізуге қатысты. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі №22-НҚ бұйрығымен СТ РК ISO 23412-2026 «Температуралық…
-

Қазақстанда 3 энергоблокқа, 25 қазандыққа және 11 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілуде
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев өткен жылыту маусымының қорытындысы және алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы баяндады.Ержан Ертаевтың айтуынша, елімізде өткен жылыту маусымы штаттық режимде аяқталды. Былтыр 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ 17 мың шақырым электр…
-

Жұмыс барысынан есеп: Меркі ауданына іссапар
14–15 мамыр күндері №3 МӘС бөлімі Меркі ауданында жоспарлы көшпелі отырыс өткізіп қайтты. Негізгі атқарылған жұмыстар: Науқастарды (алғашқы және қайта келушілерді) медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткізу. ПМ дәрігерлеріне сырттай-проактивті куәландыру жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасуда! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1223280?lang=kk
