Санат: Жаңалықтар
-

Қазақстандық оқушылар Грекияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жүлдегер атанды
Түркістан облысы Қазығұрт ауылының Qazygurt командасы Грекияда өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар Champions Award номинациясында екінші орын иеленді. Құрамада Бауыржанқызы Арайлым, Абдрай Ернұр, Жаркинбек Інжу,…
-

Жаңартылған энергия көздері артуда
Елімізде «жасыл» энергия өндірісі артып келеді. Мәселен, 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 миллиард киловат сағатты құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға жоғары. 2026 жылға арналған болжам бойынша жаңартылатын энергия көздері өндірісі 8,8 миллиард киловат сағатқа деңгейінде күтілуде, деп хабарлайды baq-orda.kz. Энергетика министрлігінің…
-

ТҰРАН АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік іс-шара өтті. Мерекелік бағдарлама аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, онда түрлі этнос өкілдерінің ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Концерт барысында өнерпаздар достықты дәріптейтін әндер мен билерін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып,…
-

МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕБІ МЕН ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында кенттер мен ауылдық округ әкімдіктерінен, сондай-ақ дербес бөлімдерден шақырылған мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен ауқымды жиын өтті. Жиын барысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер қаралып, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен халықпен жұмыс сапасын арттыру, арыз-шағымдар мен өтініштерге уақытылы әрі сапалы жауап беру міндеттері пысықталды. Кездесу аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі…
-

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Harvest Agro» ЖШС директоры Нұрлан Увашевпен кездесті. Кездесуде аймақта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жайы талқыланды.«Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын пайдалануды жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту тапсырмасына сәйкес бірқатар шара атқарылды.Өткен жылы су үнемдеу технологиялары қолданылған жер көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 8100 гектарға жеткізілді. Биыл бұл…
-

КТС төлемдерін дұрыс бюджеттік сыныптама коды бойынша төлеу туралы
💎Шет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы республикалық бюджетке есептелетін корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілерге КТС төлемін 101111 бюджеттік сыныптама коды (БСК) бойынша төлеу қажеттігін назарға жеткізеді «Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы». 📍101110 БСК тек республикалық бюджетке КТС төлейтін салық төлеушілерге…
-

«Боз Қарағай орманы» балалар денсаулығын жақсарту лагері» МКҚК
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-kyzylzhar/press/news/details/1218646?lang=kk
-

Абай облысының командасы «Seitkhan cup» турнирінің жеңімпазы атанды
Семейде БАҚ өкілдері арасында белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық шағын футбол турнирі аяқталды. Биыл алғаш рет Абай елінде өткен жарысқа еліміздің 12 командасы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша финалда «ҚазМедиа» командасын пенальти сериясында жеңген Абай облысының құрамасы чемпион атанды. Екінші орынды – «ҚазМедиа», үшінші орынды Жетісу облысының «Қаракет» командасы иеленді. Жабылу…
-

Ерлікке тағзым 🇰🇿⭐Бүгін біздің Виноградов ауылдық округінде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты әрі жылы шырайлы мереке өтті
Бұл күн – әрбір ауыл тұрғыны үшін қастерлі де маңызды мереке.Виноградовка ауылындағы мереке қалай өтті: Тағзым мен құрмет. Ауыл тұрғындары Мәңгілік алау маңына жиналып, майдан даласынан оралмаған боздақтарды еске алып, гүл шоқтарын қойды. Жеңісті жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне шексіз алғыс айтылды. Әуен мен жыр. Бүгінгі күн ерекше ахуалда өтті: соғыс жылдарындағы жүрек тебірентер әндер…
-

Ш.С. Нұржігітті Ақтөбе облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы
Ш.С. Нұржігітті Ақтөбе облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ш.С. Нұржігіттің міндеттерінен өз еркімен босату туралы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Шыңғыс Сейдахметұлы Нұржігіт Ақтөбе облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.…
-

Жетісу облысында қант қызылшасын себу жұмыстары аяқталды
Жетісу облысында қант қызылшасын себу жұмыстары толық аяқталды. Екі қант зауытының өндірістік қуатын ескере отырып, биыл тәтті түбір 13,0 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 708 гектарға артық, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы өңірде қант қызылшасын егу жұмыстарына 124 сепкіш жұмылдырылды, оның 47-сі сервистік-дайындау орталықтарының сепкіштері. Барлығы 17,5 мың себу…
-

Абай облысының спортшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінде топ жарды
2026 жылдың 8-10 мамыр күндері Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam әлемдік додасында Абай облысының спортшысы – Жалғас Қайролла 81 кг салмақта ел намысын абыроймен қорғап, АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды! Бұл – қажырлы еңбек пен тынымсыз дайындықтың жемісі! Көк туымызды биікте желбіретіп, барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жарайсың, чемпион! Алар асуың…
-

Хабарландыру
Құрметті Баянауыл ауылының тұрғындары! Сіздерді «Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-сі «Ашық есік күні» іс-шарасына шақырады. Кеңес берілетін мәселелер: – өсімдіктер карантині – өсімдіктерді қорғау – асыл тұқымды мал шаруашылығы – мемлекеттік қызмет көрсету Өтетін орны:Баянауыл ауылы, Жарылғапберді көшесі 12 А үй Күні: 2026 жылғы 14 мамыр Уақыты: сағат 11.00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1218656?lang=kk
-

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдары аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға ықпал ету мақсатында ағылшын тіліндегі Speaking Club-тың кезекті отырысы “Professional Ethics” тақырыбында өтті
Іс-шара қызметкерлердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі кәсіби этика қағидаттарын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталды. Кездесу барысында қатысушылар кәсіби мінез-құлықтың негізгі аспектілерін, жұмыс ортасындағы жауапкершілікті, этикалық нормалар мен стандарттарды сақтау мәселелерін және олардың мемлекеттік қызмет тиімділігін арттырудағы рөлін талқылады. Сондай-ақ этикалық тұрғыдан негізделген шешім қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Speaking…
-

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған.Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады.Келісім аясында келесі…
