Санат: Жаңалықтар
-

Талдықорғанда 8 км жылу желілерін жаңғырту тозу деңгейін 61%-дан 38%-ға дейін төмендетеді
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Талдықорған қаласында жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2026–2029 жылдарға арналған коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында облыс орталығында инженерлік инфрақұрылымның тозуын төмендетуге және тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту көзделген. Оның аясында 1980 жылы пайдалануға берілген және тозу деңгейі…
-

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Шэньчжэнь қаласында (ҚХР) Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, инвестициялық қорларының, қаржы институттарының, девелоперлік және технологиялық компанияларының өкілдері қатысты.Қатысушыларға Алатау қаласын дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде инвесторларға арналған жеңілдікті жағдайлар, инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу және арнайы құқықтық режимнің…
-

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да еңбек заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу және еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілдері «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Еңбек заңнамасы басқармасының басшысы Мукушев Жанболат Қамалиевич және Еңбекті бақылау және талдау басқармасының бас…
-

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді
10.06.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының базасында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары, олардың тәжірибелік маңызы және мемлекеттік органдар қызметінде қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін…
-

10 басым бағыт: Қарағанды облысында цифрландыру қалай дамып жатыр
Қарағанды облысында ауқымды цифрлық трансформация басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы және жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өңірде 2030 жылға дейінгі ақылды қалаларды дамыту стратегиясы мен цифрлық трансформация картасы бекітілді. Қазіргі таңда 50 жаңа жоба іске асырылуда. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, экология, құрылыс, мәдениет және туризм секілді 10…
-

Бизнес және салықтар: Өскеменде мобильді аударымдар мен шетелден алынған табыстарға салық салу мәселелері талқыланды
2026 жылғы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Бизнес және салықтар» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфир өтті. Кездесудің тақырыбы мобильді аударымдар мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған жеке тұлғалардың табыстарына салық салу мәселелері болды. Іс-шара барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова…
-

ҚазжолҒЗИ Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын кешенді диагностикалау жұмыстарына кірісті
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық және көлік жобаларының бірі – Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) кешенді диагностикалау жұмыстарына кірісті. Бүгінде ҮАААЖ Алматы қаласы мен Алматы облысының көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Автомобиль жолы қала көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтуға, транзиттік көлік қозғалысын жеделдетуге және өңірдің логистикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен…
-

Жетісу облысы: қабылданған шаралардың арқасында Талдықорғанда биыл жылу желілерінің тозуы 11%-ға төмендейді
Талдықорған қаласында 2022–2025 жылдар аралығында 25,1 шақырым жылу желісіне күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жансүгіров көшесіндегі магистралды жылу желілерінің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Атап өтсек, бұл жобаны іске асыру жылу желілерінің тозуын 11%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз…
-

«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясының қорытындылары: ШҚО үшін жаңа ынтымақтастық пен жобалар
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытайға жұмыс сапары барысында бірнеше кездесу өткізді. Алдымен Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаярмен жүздесіп, Өскемен – Баян-Өлгей бағыты бойынша әуе рейсінің іске қосылуының маңызын атап өтті. Бұл бастама қос тарап үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Сонымен қатар облыс әкімі Зайсан мен Катонқарағайда екі әуежайдың құрылысы жүріп жатқанын, жол және…
-

Жетісу облысына – 4 жыл: Талдықорғанда 187 аула, 30 үйдің қасбеті, 80 үйдің шатыры жөнделді
Жетісу облысы құрылғаннан бері Талдықорғанда 187 аула абаттандырылып, 80 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделді, сондай-ақ 30 көп қабатты үйдің қасбеті жаңартылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасып жатыр. Жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тексерді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, биыл «Самал», «Жастар», «Мүшелтой», «Болашақ», «Көктем»,…
-

Бразилия темекі өнеркәсібі федерациясының президентімен кездесу
Бразилиа, 2026 ж. 10 маусым – Елші Болат Нүсіпов Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінде Бразилия темекі өнеркәсібі федерациясының «Sinditabaco» Президенті Валмор Тесингпен және «Бразилия-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Кассиано Вианамен кездесті. Кездесу барысында таза темекі өндірісі технологиялары мен жабдықтары саласында екіжақты ынтымақтастықты орнатуға қатысты мәселелер талқыланды. Сұхбатшының хабарлауынша, Бразилия әлемдегі жетекші темекі экспорттаушы болып табылады, өндіріс көлемі бойынша…
-

Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды
Астана, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасынының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі – АҚШ-тың Үндістандағы Елшісі Серджио Гормен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылап, экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға, инновациялар мен жасанды интеллект, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастыққа…
-

Астанада Automechanika Astana 2026 халықаралық автомобиль индустриясының ең ірі көрмесі өтуде
10–12 маусым аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында Орталық Азиядағы автомобиль индустриясына арналған ең ірі халықаралық көрме – Automechanika Astana 2026 өтуде. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған мерейтойлық көрмеге әлемнің 23 елінен 400-ден астам компания қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Германия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей және басқа да мемлекеттер бар. Көрме аясында Қытай,…
-

Астанада «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі өтеді
Астана қаласында «Қазанат» ипподромында 11-12 шілде күндері қазақтың асыл сусыны қымызға арналған «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» атты халықаралық ірі көлемдегі мəдени-аграрлық іс-шара өтеді. Аталған фестиваль халқымыздың дəстүрлі тағам мəдениетін, оның ішінде қымыз өндіру дəстүрін жаңғырту мен халықаралық деңгейге ілгерілетуге бағытталған. Іс-шараға 60-70 мың адам келеді деп жоспарланып отыр. Еліміздің əр өңірінен жəне…
-

Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді
Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді 2026 жылғы мамырда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының пластикалық медициналық бұйымдар өндіретін зауыты іске қосылды. Өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Жоба Мемлекет басшысының жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың нәтижесі. UMC қорының…
