Санат: Жаңалықтар
-

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Рейімбаева Жанар Нұрдәулетқызы Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен түлектер жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесіне жас мамандарды тартуға ерекше назар аударылды. Жәрмеңке аясында түлектерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіби өсу перспективалары, әлеуметтік кепілдіктер және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі қызметтің маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, кадрлық резервті қалыптастыру және өңірдің қоғамдық денсаулығын нығайтуға үлес қосуға дайын білікті мамандарды тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ақпарат көзі…
-

20 жылдан кейінгі тарихи жеңіс: әлем чемпионы атанған елордалық таеквондошы елге оралды
Әлем чемпионы атанған елордалық таеквондошы Айым Серікбаеваны Астана әуежайында жанкүйерлері мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды елорда қала әкімдігінің ресми сайты. Ол Ташкентте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстанға 20 жылдан кейін алтын медаль әкелді. Спортшымен бірге оның жеке бапкері Еркебұлан Ермекалиев пен жаттықтырушылар құрамы да елге оралды. Тарихи жеңіске жеткен…
-

2026 жылдың 16 сәуір күні Ақой ауылдық округінде интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылдың 16 сәуір күні Ақой ауылдық округінде интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, олардан қорғану жолдары және күмәнді сілтемелер мен қоңыраулардан сақтану туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, банк картасының деректерін жарияламау қажеттігі түсіндірілді.🔐 Сақ болыңыздар!Алаяқтардың арбауына түспеу –…
-

Индустриялық серпін: «Jibek Joly» АЭА өңір дамуының жаңа нүктесіне айналуда
Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында бірқатар ірі инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Аталған аумақта өнеркәсіптік әлеуетті нығайтуға және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды baq-orda.kz. Солардың бірі – «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС-нің сутегі асқын тотығын (пероксидін) өндіретін зауыты. Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстарының 80%-ы аяқталып, негізгі…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ДАМЫП ЖАТЫР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) деп жариялады. Бұл бастама волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлін арттыруға, еріктілер қозғалысын қолдауға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Осы орайда Түркістан облысында волонтерлік қозғалысты жандандыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Халықаралық волонтерлер…
-

Қазақстандық ғалымдар өнімділікті 10 ц/га дейін арттыратын құрғақшылыққа төзімді сорттарды патенттеді
2026 жылы А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы аграрлық саладағы жаңа селекциялық жетістіктер мен технологиялық шешімдерге бірқатар патент рәсімдеді. Бұл әзірлемелер құрғақ климат жағдайында өсімдік шаруашылығының тұрақтылығын арттыруға және өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған. Жаңа сорттардың қатарында жалаң дәнді «Дамсинский» сұлысы, жаздық қатты «Торғай» бидайы, мал азықтық «Изумрудное» тарысы және тағамдық «Реноме» тарысы бар. Олардың…
-

БЮДЖЕТ: МҮМКІНДІК ПЕН ҚАЖЕТТІЛІК
Бүгін Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХХV сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде ауылдық округтердің бюджеттік жоспарлары қаралып, бекітілді. Отырысты аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева жүргізді. Әр округтің өз даму жолы бар, сәйкесінше мүмкіндігі мен қажеттілігі де әртүрлі. Кідірген шаруаны орнынан қозғайтын – бюджет. Әкімдердің дені қолына түскен қаражатпен төтенше жағдайға дайындықтарын нықтап алмақ. Мәселен, Бұлан,…
-

ЗАҢСЫЗ БАРИТ ӨНДІРУШІЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы Өнеркәсіп басқармасы, Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және облыстық полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы бірлесіп, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында заманауи «дрон» құрылғысы қолданылып, Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылдық округі, Ойық елді…
-

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы «дағдарыстық фрейминг» тақырыбына арналады
Бұл – аудиторияда үрей туғызып, асығыс шешім қабылдауға итермелеу үшін қарапайым оқиғаларды әдейі ауқымды қауіп ретінде көрсету тәсілі. Неліктен жергілікті мәселелер «жүйелі дағдарысқа» айналдырылады? Қорқыныш сезімі қалай басқарылады және ақпарат тарату мен манипуляцияның аражігі қайда? Шығарылымда типтік кейстер, аудиторияға қысым көрсету схемалары және манипуляцияны тануға көмектесетін негізгі белгілер талданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1204038?lang=kk
-

Батыс өңірінің су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Батыс Қазақстан облысының су айдындарында арнайы жүзу құралдарын пайдалану арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, профилактикалық рейдтік іс-шаралар басталды. Бұл жұмыстар судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге бағытталған. Рейд барысында мамандар демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, су айдындары маңында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмау…
-

Қобда ауданында кәсіпкерлік ахуалды жақсарту жолдары қаралды
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов Қобда ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Сапар аясында ауданның шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Жиын барысында кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаты – біздің негізгі ұстанымымыз. Сондықтан әрбір ұсыныс біз үшін…
-

СЫРЫМДА САРБАЗДАР НЕГЕ ТАПШЫ?
Сырым ауданы әкімдігінде әскерге шақыру жұмыстары талқыланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов төрағалық етіп, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Серік Саянов, полиция қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері қатысты. Әскер жасына толған жастардың аты-жөні, қайда жұмыс істейтіні, қай мекенжайда тіркелгені жеке-жеке қаралды. Тіркеуде тұрғанымен, үйінде жоқ жастар көп, ал кейбірі шақыру қағазын алмағанын айтады. Учаскелік…
-

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА «ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Таза аула» экологиялық акциясы шеңберінде Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өтті. Тазалық шарасына аудан тұрғындары белсенді қатысып, елді мекендердің көркеюіне өз үлестерін қосты.Жалпы сенбілікке 4 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 11 арнайы техника тартылды. Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде аудан аумағынан 24 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді.…
-

«Құқық кабинеті»
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді. Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған. Олардың көмегімен…
-

ЖҮРЕК ТАҢДАҒАН ЖОЛ
Бүгінде елімізде ауылдарды сақтап қалу мақсатында «Дипломмен – ауылға», «Қаладан – ауылға» секілді түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар жас мамандарға ауылдық жерлерде еңбек етуге мүмкіндік беріп, жұмыспен қамтуға жол ашуда. Дегенмен, диплом алған жастардың бәрі бірдей ауылға баруға асыға қоймайтыны да жасырын емес. Көптеген жас отбасылар қала тіршілігін таңдайды. “Жайлылық зонасынан” ешкімнің…
