Санат: Жаңалықтар
-

Жамбыл облысында жол жөндеу бойынша 76 жоба іске асады
Биыл Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге барлық бюджет көздерінен 21,3 млрд теңге қарастырылып, 76 жоба іске асырылмақ, деп хабарлайды baq-orda.kz. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов мәлімдеді. 2026 жылы 2 көпір мен 3 теміржол өткелінің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ 7,6 шақырым көше жолы қайта жаңғыртылып, 167,6…
-

Түнгі рейд
10.04.2026 ж. “Рахат ауылдық округі әкім аппаратының” қызметкерлері мен ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.Рейд барысында кәмелетке толмаған жастарға түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сауда орындарының сатушыларына спиртті ішімдіктер мен темекі өнімдерін заңда белгіленген талаптар мен уақытқа сәйкес қана сатудың қажеттілігі…
-

Экологиялық акция
Новоселов ауылдық округінің құрметті тұрғындары! “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында сіздерді елді мекенімізді абаттандыру және тазалау іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/1199361?lang=kk
-

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Әуесқой бокс: Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасында өткен Азия чемпионатында 13 медаль (6 алтын, 2 күміс, 5 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте топ жарды. 2-орынды Үндістан боксшылары (5 алтын, 3 күміс, 8 қола) иеленсе, үздік үштікті Өзбекстан командасы түйіндеді (3 алтын, 4 күміс, 4 қола). Теннис: Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының…
-

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
2026 жылы 11 сәуірде сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев – Штраус және Розыбакиев – Жандосов көшелерінің қиылыстарында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Шектеулер 10 кВ кернеулі кабель желісінің екі өткелін ашық әдіспен жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі. Бұл жұмыстар «ПС-6А, ПС-168А (2 кезең) нысандарында 6 кВ желілерін 10 кВ кернеуге ауыстыру» жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Жұмысты мердігер…
-

Балалардың құқықтарын қорғау саласында профилактикалық жобаларды енгізу нәтижелері туралы
Бас прокуратура «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, жасөспірімдер қылмысын азайтуға және әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Өңірлерде цифрлық технологияларды, профилактика мен тәрбиелік жұмысты үйлестіретін жаңа форматтағы заманауи жобалар енгізіліп, олар нақты нәтижелерімен өз тиімділігін дәлелдеді. Мәселен, Атырау облысының прокуратура органдары жыл басынан бері…
-

Алматыда жаңа мектептер ашылып жатыр
Алматының Наурызбай ауданында 1290 оқушыға арналған №41 жаңа мектеп ашылды. Жақын күндері №223 мектептің ашылып, «Шұғыла» шағынауданында №15 мектеп-интернат пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілдері хабарлады. 2025 жылы Алматыда шамамен 40 мың орынға арналған 38 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Олардың қатарында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 20 мектеп,…
-

«Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды
7 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 10 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол мемлекет пен азамат арасындағы негізгі қызмет көрсету арнасына айналды. Бүгінде жүйе жыл сайын ондаған миллион өтінішті қамтып, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін «бір терезе» қағидатымен ұсынады. Осы жылдар ішінде елде мемлекеттік қызмет алудың біртұтас жүйесі қалыптасты. Соның арқасында…
-

“Рахат” командасы II орынға ие болды
⚽️📣Құрметті достар мен жанкүйерлер!2026 жылғы 7-9 сәуір аралығында Павлодар қаласында 2013 ж.т. және одан кіші командалар арасында “Ауылфутбол CUP – 2026” республикалық футбол турнирі өтті.🏃🏼➡️⚽️🏃🏽♂️Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда күміс медаль жеңіп алды-2 орын!🏆🥈🤝Темирбеков Алишерге жеке құттықтаулар-турнирдің үздік қорғаушысы деп танылды!👍Балалар футболын дамытуға қосқан үлесі мен қолдауы үшін тренер-Гайсагалиев А.Н. алғыс айтамыз!👏🏼 Ақпарат көзі :…
-

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН ” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАТЫРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ -100 ТҮП ҚАРАҒАЙ !
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАТЫРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ – 100 ТҮП ҚАРАҒАЙ! Қарқаралылықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгін көктемгі тазалық, көгалдандыру жұмыстары барысында қазақтың тұңғыш ғарышкері, батыр жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай, Қарқаралы қаласындағы батыр атындағы көше бойында 100 түп қарағай ағашы отырғызылды. Шара басталмас бұрын, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы бұл…
-

Фольк-шоу группа “Рябинушка”
Фольклорлық шоу тобы «Рябинушка» 12 жылдан астам уақыт бойы Красный Яр ауылының шығармашылық өмірін көркейтіп келеді, «Көкше» мәдениет үйі жанынан жұмыс істейді. Ұжым құрамында халық әнін жай ғана музыка емес, туған өлкенің жаны мен тарихы деп білетін талантты әйелдер ән шырқайды. Ансамбльдің репертуары алуан түрлі: ол төл халық әндерін, сондай-ақ дәстүр мен заманауи әуен үйлесім…
-

700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылықты үйренді
Наурыз айынан бастап ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылық бойынша оқыту курстары Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді болды. Бір айдың ішінде шамамен 700 қазақстандық оқудан өтіп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды меңгерген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Жоба алғашында Астанада пилоттық форматта іске қосылған. Сұраныс жоғары болғандықтан, наурыз айынан бастап ол еліміздің барлық өңіріне кеңейтілді. Сабақтар…
-

🇰🇿🇺🇿Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан Президенті Мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады. Атап айтқанда, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді. Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1199338?lang=kk
-

Есірткісіз өмір-мықтылардың таңдауы
Орталық” Есірткісіз өмір-мықтылардың таңдауы ” аттыкушыларға арналған нашақорлыққа қарсы кезесу өтті.Іс-шараға Қарағанды облыстық психикалық денсаулық орталығының Теміртау бөлімнің психиатр-наркологы дәрігер С.Р. Баекеева, Теміртау қаласы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімнің бастығының орынбасарлары Сейтенов А. Д., Теміртау қ. ҚҚБ ЮПТ ПБ инспекторлары Қошалова М.М., “Благодать” ширкеудің басшысы Ку Е.П., қала тұрғандары Рыжова О. А., Стариков Н. В. және №9…
-

ТҮРКІСТАНДА EKOS ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН АЛҒАШҚЫ ОТА ЖАСАЛДЫ
Түркістан қалалық орталық ауруханасында Қазақстанда тұңғыш рет EKOS тамырішілік ультрадыбыстық тромболизис технологиясын қолдана отырып, күрделі әрі жоғары технологиялық медициналық ота сәтті өтті. Аталған ота Алматы қаласындағы Artven клиникасының тамыр хирургы, PhD Азимбаев Ғалимжан Сайдуллаұлы және Түркістандық ангиохирург дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған шеберлік сабағы аясында жүзеге асырылды. Бұл тәжірибе өңірлік медицинаға заманауи әдістерді енгізіп, жергілікті мамандардың біліктілігін…
