Санат: Жаңалықтар
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды ✔️Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай саласының қызметшілері ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын-сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептейтінін айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1313626?lang=ru
-

Астана әкімі Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы айтты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар тасымалының көлемі 11,5 миллионға жуықтады. Бұл көлік түрі қала тұрғындары арасында сұранысқа ие болып, олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып келеді. Бұған…
-

Қарағанды жоғары инженерлік колледжіне 50 жыл толды
Кәсіптік лицейден заманауи шеберханалары мен озық цифрлық технологиялары бар, сұранысқа ие мамандар даярлайтын оқу орнына дейін. Қарағанды жоғары инженерлік колледжі жарты ғасырлық тарихында осындай белесті бағындырды. Бүгінде мұнда мыңнан астам студент құрылыс, сәулет, техникалық және цифрлық мамандықтарды меңгеріп жүр. Оқу орнының дамуындағы жаңа кезең былтыр басталды. Колледжге жоғары колледж мәртебесі беріліп, мамандар даярлау аясын кеңейтуге…
-

Қаржылық бақылау
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық бақылау мақсатында жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны сайланбалы лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ мемлекеттік және оларға теңестірілген лауазымдарға үміткерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары тапсырады. Декларация заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынылады. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын, мемлекеттік…
-

Мақат ауданында «Ашық есік» күні өткізілді
Мақат ауданында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, «Ашық есік» күні аясында салық салу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында қатысушыларға 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ салық төлеушілер үшін өзекті мәселелер, салық міндеттемелерін орындау тәртібі және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалану кезінде туындайтын қиындықтар талқыланды. Іс-шара барысында…
-

Отбасының цифрлық картасы: әл-ауқат деңгейі 30-дан астам мемлекеттік дерекқор негізінде бағаланады
Бүгінде Қазақстандағы 6,2 миллион отбасы мен үй шаруашылығы туралы өзекті әрі жан-жақты мәлімет Отбасының цифрлық картасында жинақталған. Отбасының әлеуметтік жағдайын объективті әрі дәл бағалау үшін 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйенің деректері пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Отбасының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау әдістемесі екі…
-

Кеңес отырысы өтті
ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы аудандық бөлімшесінің қызметкері және Жамбыл облысы Полиция департаменті Жуалы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығының қатысуымен аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің тізіміне енгізілген мекемелердің басшылары мен жауапты орынбасарларына арналған кеңес отырысы өтті. Кеңес барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету алгоритміне сәйкес қойылатын талаптар мен…
-

Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымы Қаржы комитетінің 112-ші сессиясына қатысты
2026 жылғы 7-8 қазанда Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымы (бұдан әрі – ДКҰ) Қаржы комитетінің кезектен тыс 112-ші сессиясы өтті. Аталған сессияның жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер ДКҰ-ны тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету, міндетті мүшелік жарналарды есептеу тетігін жетілдіру және донорлық қаржыландыру саласындағы…
-

Бюджетке берешекті банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бюджеттің тұрақты толығуын қамтамасыз ету үшін салықтық міндеттемелердің уақытылы орындалуына ерекше назар аударады. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындамауы мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіз болады. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру шаралары Салық кодексіне сәйкес берешек мөлшеріне қарай қолданылады: • 20АЕК –ке дейін- хабарлау (извещение) жолдау шаралары; • 20-ден 45…
-

Оңтүстік Алтайда алғаш рет қар барысына спутниктік қарғыбау орнатылды
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысына спутниктік қарғыбау орнатылды. Оңтүстік Алтайда алғаш рет жүргізілген бұл жұмыс сәтті аяқталды. Қар барысына «Алтай» деген ат берілді. Спутниктік қарғыбау арқылы мамандар Алтайдың қай бағытта жүретінін, қандай аумақтарды мекендейтінін және қаншалықты алысқа қозғалатынын бақылайды. Бұл мәліметтер қар барысының тіршілігін зерттеп, оны қорғау жұмыстарын жоспарлау…
-

Еламан Жоламан Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері
Бүгін ядроны серпуден F35 классында өнер көрсеткен Еламан Жоламан 12.09 м нәтижесімен күміс жүлдені еншіледі. Оның қарсыласы өзбекстандық Хусниддин Нурбеков 15.43м көрсеткішімен бірінші орынға ие болды. Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан 14 пара спортшы ел намысын қорғауда. Жарыста Азия елдерінен 600-ге жуық пара атлет қатысуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1313634?lang=ru
-

Абай облысының прокуратурасы ерекше күтімді қажет ететін балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтады
Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Абай облысының прокуратурасы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тексерулер бастады. Аягөз ауданының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын тексеру барысында санитарлар тарапынан тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен 100-ден астам факті анықталды. Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттер көз алдында жасалған, бірақ олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбаған…
-

Әдеп қағидаларын сақтау жөнінде кездесу
16 қазан күні Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Шанаев Бекен Өтегенұлы мен Қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Капышева Айзада басқарма қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды.…
-

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға қажетті негізгі құжаттар
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға қажетті негізгі құжаттар Міндетті құжаттар: 1. Жеке куәлік — түпнұсқасы және көшірмесі.2. Мүгедектікті растайтын анықтама.3. Өтініш — ХҚКО-да немесе eGov порталы арқылы толтырылады. Қосымша құжаттар (бар болған жағдайда): 1. Банк шотының деректемелері — жәрдемақыны аудару үшін. Қазақстан Республикасындағы кез келген банктің картасы.2. Тұрғылықты жері бойынша анықтама.3. Қорғаншының құжаттары — егер құжаттарды…
-

Әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж жандарға бағыттау: Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін тағайындау тәртібі өзгереді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемнің 14 түрін тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік жағдайы кешенді бағаланады. Жаңа тәсілдің мәні мен өзгерістері туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді. Бұған дейін бірқатар жәрдемақы адамның белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалса,…
