Санат: Жаңалықтар
-

Павлодар облысы макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша елдегі үздік төрт өңірдің қатарына кірді.
7 айдың қорытындысы бойынша облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 109,8%-ды құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен 4,9%-ға жоғары. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5 трлн теңгеге жетіп, НКИ 107,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 10,7%-ды құрады.Негізгі капиталға салынған инвестициялар 646 млрд теңгеден асты (НКИ – 111,9%). Ауыл шаруашылығы 4,6%-ға өсіп, 145,1 млрд теңгеге жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 234,9 млрд теңгені…
-

Қазақстанның Албаниядағы Елшілігінде конституциялық реформа мен Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған брифинг өтті
Тирана, 2026 жылғы 18 тамыз – Қазақстанның Албаниядағы Елшілігінде жергілікті албан бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдеріне арналған Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы және алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы ақпараттық брифинг өтті. Аталған кездесуге Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен сараптамалық топтардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында сөз алған Қазақстан Елшісі…
-

“Tramontina” Қазақстанның нарығына шығуға мүдделі
Астана, 2026 жылғы 18 тамыз – Бразилиялық «Tramontina» компаниясының Басқарушы директоры Линда Роденің Астанаға жасаған сапары барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының кеңесшісі Қанат Алинмен кездесулері өтті. Тараптар, келіссөздер барысында бразилиялық брендттің Қазақстан нарығына ілгерілету бойынша ынтымақтастықтың, сондай-ақ тараптардың әлеуетін ескере отырып, инвестициялық ықпалдастықтың жолдары мен…
-

Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары
Шөптікөл ауылдық округінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-shoptikol/press/news/details/1276226?lang=ru
-

Чех азаматтарының жүрегінде Қазақстанда өткен жылдар өшпес із қалдырды
Прага, 2026 жылғы 15 тамыз – Орталық Чехия өлкесінің Бела-под-Бездезем қаласында чех ұлты өкілдерінің тарихи Отанына оралғанына 30 жыл толуына орай отандастар кездесуі өтті. Іс-шараны Эрик Лукас басқаратын Т.Г. Масарик атындағы Халықаралық мәдени-ағартушылық орталық Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігі мен қазақстандық қауымдастықтың қолдауымен ұйымдастырды. Кездесуге Қазақстанда бұрын тұрған чех азаматтары, чех мәдени-гуманитарлық ұйымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат…
-

БҚО-да мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда
Бүгін Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мал азығын дайындау жұмыстары туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Жолдыбайұлы Халиуллин 2026–2027 жылдардағы мал қыстағына дайындық, мал азығын дайындау барысы және өңірдегі жем-шөп базасын нығайту жұмыстары туралы баяндады. Алдағы мал қыстағына облыс бойынша 1 млн 247 мың шартты мал…
-

Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров қоғам және мемлекет қайраткері, марқұм Амангелді Айталының отбасында болды
Бүгінде бұл шаңырақта 35 жыл отасқан жұбайы Гүлжан Сүйінбайқызы ғалымның өнегелі өмірі мен мол мұрасын сақтап отыр. Кездесуде облыс әкімі Амангелді Әбдірахманұлының елге, ғылымға және қоғамға сіңірген еңбегін атап өтіп, оның артында қалған мол ғылыми әрі рухани мұрасының маңыздылығына тоқталып, көрнекті ғалымның ұзақ жылғы зерттеулері мен пайымдары топтасқан, бұрын жарық көрмеген «Ділтану» жинағының алғашқы…
-

Күнге күйіп, тарихқа қаныққан қала
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1276231?lang=kk
-

Ақтөбелік Қазыбек Қалмағамбетов — U20 Әлем чемпионы!
Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында ақтөбелік балуан Қазыбек Қалмағамбетов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Қазыбек жарыс барысында қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші белдесуде Беларусь өкілі Михаил Маркоускимен кездесіп, 13:7 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Қазыбектің әлем чемпионатындағы жолы:Іріктеу — Себастьян…
-

Кері санақ: Құрылтай сайлауына 5 күн қалды
Қазақстанда 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Еліміз үшін маңызды саяси науқанға 5 күн қалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Осыған дейін елорданың бірқатар көрнекті нысанында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылған болатын. Арнайы ақпараттық таблолар алып шолу дөңгелегіне және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына орналастырылды. Сондай-ақ Сығанақ…
-

Астана жеті жылдан кейін күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды
Күрес түрлерінен жаһандық дода 2026 жылғы 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы Barys Arena мұз сарайында ұйымдастырылады. Байрақты бәсекеде еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 30 салмақта жүлде сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жүзден астам елден 900-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Осы орайда жарыстың ресми маскоты ретінде қыран бейнесіндегі Muzbalaq таныстырылды. Әлем чемпионатының…
-

Ақмолалық 5 мыңнан астам педагог тамыз конференциясына қатысты
Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Өңір тарихында алғаш рет «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбындағы іс-шара онлайн форматта 5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Оның ішінде 60-қа жуық адам конференцияға офлайн форматта қатысты. Конференция барысында жаңа Конституция құндылықтарын білім…
-

Ауыл шаруашылығы вице-министріне «Burabay Milk» ЖШС жобалары таныстырылды
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинге Ақмола облысындағы «Burabay Milk» ЖШС-нің инвестициялық жобаларын іске асыру барысы таныстырылды. Баянбай ауылында 1 440 азықтық мал басына арналған тауарлы-сүт фермасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде Германиядан фермаға голштин тұқымды 330 бас сиыр әкелінді. Жоба аясында төрт сиыр қорасы мен сауын залын кезең-кезеңімен пайдалануға беру көзделген. Сонымен қатар,…
-

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан басшысы Ақжар ауылдық округіне барып, бірқатар сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты. Аралау барысында учаскелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, қажетті құрал-жабдықтардың қамтамасыз етілуі, дауыс беруге қолайлы жағдай жасау және сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты жұмыстардың орындалу барысы қаралды. Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тоқтамұрат Балабаев сайлау комиссияларының дайындық деңгейі, сайлаушылар тізімдерінің нақтылығы және дауыс беру рәсімдерінің…
-

САРЫАҒАШ: ШЕКАРАШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне арналған Шекарашылар күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, Отан шебін күзетіп жүрген әскери қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. – Мемлекеттік шекараны қорғау – зор жауапкершілік пен қырағылықты талап ететін абыройлы міндет. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз…
