Санат: Жаңалықтар
-

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мендіқара ауданының білім бөлімі» ММ жоспарлы тексеру қорытындылары туралы
2026 жылғы 10-13 наурыз аралығында Қостанай облысының білім басқармасы органдарының жоспарлы тексерулер кестесіне сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мендіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы анықталып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар түсіндіріліп, жою мерзімдері белгіленді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1182417?lang=kk
-

Қарағандыдағы газ құю станциясы сұйытылған газды заңбұзушылықпен сатқан
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды қаласының тұрғынының өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында Қарағанды қаласының Пригородная көшесінде орналасқан автогаз құю станциясында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, нысанда сұйытылған газды сату кезінде пайдаланылатын УЗГС-01 типті автокөлік құралдарын сұйытылған газбен толтыру…
-

16 наурыз – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
16 наурыз– МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ. Қазақстанда Наурызнаманың үшінші күні мәдениет, өнер мен ұлттық құндылықтарға арналады. Бұл мереке қазақ халқының ұлттық мұралары мен салт-дәстүрін сақтауға бағытталған. Мәдениетті сақтаудың, оны келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын ұғындырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1182419?lang=kk
-

Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия отырысы
2026 жылғы 16 наурызда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс басшының орынбасары Е. Мұхамединнің төрағалығымен, комиссия мүшелері мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтті. Комиссия 16 отбасының (30 адам) өтініштерін қарады. Отырыс қорытындысы бойынша қандас мәртебесі 15 отбасына (29 адам) берілді, оның ішінде Ақкөл ауданында…
-

ШҚО полицейі республикалық чемпионатта алтын медаль жеңіп алды
ШҚО полицейі республикалық чемпионатта алтын медаль жеңіп алды Наурыз айының басында Өскемен қаласында Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінің базасында Қазақстан Республикасының жабық ғимараттардағы жазғы Президенттік көпсайыс бойынша чемпионаты өтті. Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар қатысты. Тартысты өткен бәсеке барысында қатысушылар бірнеше негізгі спорт түрлері бойынша сынға түсті: ату, жүзу және қысқа қашықтыққа…
-

«Ақтас кентінің мәдени – сауық орталығы» КМҚК
14 наурыз – «Амал келді – жыл келді» көрісу күнін мерекелеу аясында Ақтас кентінің Мәдени-сауық орталығының қызметкерлері ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған құттықтау акциясын өткізді. Бұл күні мәдениет саласының қызметкерлері кенттегі мекемелерді: әкімдік аппараты мен емхананы аралады. Олар ұжымдарды Амал мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерімен бөлісті. Сондай-ақ қызметкерлерге ерен еңбектері үшін алғыс…
-

ШҚО-да жас полицейлер үшін ұлттық дәстүрлер әлеміне экскурсия ұйымдастырылды
ШҚО-да жас полицейлер үшін ұлттық дәстүрлер әлеміне экскурсия ұйымдастырылды Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінде Зайсан ауданының полиция қызметкерлері өздерінің жас көмекшілері үшін ерекше іс-шара өткізді. Юрий Гагарин атындағы орта мектептің 6-шы «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары аудандық тарихи-өлкетану музейіне барды. Жас тәртіп сақшылары…
-

ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % құрады. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам…
-

Құқық кабинеті
“Құқық кабинеті” – әрбір азамат құқықтық ақпарат тегін ала алатын орын. “Құқық кабинетінде” интернет желісіне қосылған компьютер орнатылған, оған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін кез-келген азаматтар қол жеткізе алады. Ауыл тұрғындары құқықтық сауаттылығын арттыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-labasy/press/news/details/1182448?lang=kk
-

Білім басқармасының басшысы Көрісу күні педагог ардагерін барып құттықтады
Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні — Көрісу күнінде Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева педагогика саласының ардагері, мәдениет пен білімнің көрнекті қайраткері Аманжол Дүйсенұлы Исмағұловты арнайы барып құттықтады. Көрісу күні — ақжарма тілек, ізгі ниет, үлкенге құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын айшықтайтын ерекше күн. Осындай мәні терең мерекеде бүкіл ғұмырын өңірдің музыкалық білім беру саласының дамуына…
-

ТМҰ бақылаушылары: референдум ашық әрі заңға сай өтті
Референдум күні Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы үш топқа бөлініп, Астана қаласындағы 31 дауыс беру учаскесінде мониторинг жүргізді. Бұл туралы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ұйымның Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мәлімдеді. Оның айтуынша, миссия әкімшілік немесе құқық қорғау органдарының дауыс беру учаскелерінің жұмысына араласуын байқамаған. Адамдар өз еркімен келіп дауыс берген. «Миссия…
-

Ақтау қаласында заңсыз орнатылған күш өлшегіш құрылғылар алынды
Ақтау қаласының аумағында рұқсатсыз сауда нүктелерін анықтау және заңсыз орнатылған құрылғыларды жою бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл шаралар қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, кәсіпкерлік қызметтің заң талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз ету және тұрғындар қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып келеді. Жүргізілген кезекті тексеріс барысында қолданыстағы талаптарға сәйкес келмейтін және рұқсатсыз орнатылған 4 күш өлшегіш (силомер)…
-

Көрісу күні білім басқармасының басшысы педагог ардагерін құттықтады
Көрісу күні білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева педагог ардагер, ҚР Білім беру үздігі Малайдар Марта Есіркепқызын барып мерекемен құттықтады. Марта Есіркепқызы — өмірін білім саласына арнаған адам. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс кентінде дүниеге келген ол математика мұғалімінен бастап білім беру ұйымдарын басқарушыға дейінгі үлкен және абыройлы еңбек жолын өтті. Педагогикалық қызметін 1979 жылы бастаған…
-

ТҮРКІСТАНДА «TENNIS EUROPE 16&UNDER TURKESTAN G3» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласында алғаш рет теннистен 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтетін «Tennis Europe 16&Under Turkestan G3» халықаралық турнирінің жалауы көтерілді. Беделді додаға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен және Қазақстанның әр өңірінен іріктелген жас теннисшілер қатысуда. Жалпы жарысқа 32 ұл және 32 қыз спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтайды. Халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық…
-

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛҚЫЛАУ САҒАТЫ
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде құқықтық талқылау сағаты өткізіліп, Қазақстан Республикасындағы білім саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы талқыланды. Департамент басшысы М. Бекмағанбетов құқықтық талқылау сағатын жүргізіп, бірқатар тапсырмалар берді. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, негізгі жұмыс орнында ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін орта білім беру ұйымдары педагогтері үшін қосымша…
