Санат: Жаңалықтар
-

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында этнопарк ашылды
Ақтөбе облысында кәсіпкер Жандос Исин «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен туристік жобаны жүзеге асырды. Су қоймасының жағасында орналасқан этнопарк аумағында бес киіз үй жабдықталған. Мұнда келушілер табиғат аясында демалып, қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлі тұрмысымен таныса алады. Этнопарк құру идеясы кәсіпкерде Мемлекет басшысының Жолдауларының бірінде туризмді дамыту мәселесі көтерілгеннен кейін пайда болған. Жандос Исин осы…
-

Атбасар ауданы әкімінің Құтқарушылар күніне орай құттықтауы
Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері, құтқарушылар, өрт сөндірушілер және Атбасар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барша азаматтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Құтқарушы мамандығы – үлкен батылдықты, табандылықты, жауапкершілікті және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап ететін абыройлы қызмет. Сіздер күн сайын адам…
-

ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
1. Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу. Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы…
-

Атбасар ауданы әкімінің Жапонияның Нагоя қаласында өткен V Азия Пара ойындарындағы жеңісіне орай Давид Дегтяревке жолдаған құттықтауы
Жерлесіміз Давид Дегтярёвті жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Жерлесіміз Давид Дегтярёв Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алып, парапауэрлифтингтен жарыстың жаңа рекордын орнатты. Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 192 келі зілтемірді көтеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл айтулы жеңіс – тынымсыз еңбектің, қайсар рухтың, табандылық пен жеңіске деген жігердің жемісі.…
-

🌿 «Таза Қазақстан – Таза аймақ» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді
🌿 «Таза Қазақстан – Таза аймақ» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілдіАққұм ауылында «Таза Қазақстан – Таза аймақ» республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл аумағын абаттандыру, тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында бірқатар тазалық жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында белгіленген аумақтар тазаланып, санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – ауылдың көркін арттыру, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті…
-

«Құтқарушы болу – үлкен жауапкершілік»: астаналық өрт сөндіруші өз мамандығы туралы айтты
19 қазанда Қазақстанда Құтқарушылар күні аталып өтеді. Астанадағы №24 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бағдат Құлбаев өзінің күрделі әрі жауапкершілігі жоғары мамандығының қыр-сыры туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бағдат Құлбаев Қостанай облысы Амангелді ауданының Иманов ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Рудный қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжге түсіп, математика бағытын…
-

Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс – 14,64 трлн теңге. Жүргізілген төлемдерді қоса алғанда оның зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі 40,6%-ға тең, бұл көрсекіш азаматтардың жинақтарын өсіруде инвестициялық кірістің маңыздылығын растайды. 2014 жылдан бастап зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай артуы байқалады, бұл…
-

Құтқарушылардың ерлігі – бұқаралық ақпарат құралдарының назарында
19 қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күні қарсаңында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінде баспасөз турлары ұйымдастырылып, телеарналардың ақпараттық бағдарламаларына сұхбаттар берілді. Іс-шараларға «Хабар», «24KZ», «Әділет», «Оңтүстік» және «Отырар» телеарналарының өкілдері қатысты. «Хабар» және «24KZ» телеарналарының түсірілім топтары өрт сөндіру-құтқару қызметінің жұмысымен және жедел кезекші ауысымның қызметімен танысты. Азаматтық қорғау майоры Роман Письменскийдің…
-

Артық және қате төленген салықтарды есепке жазу: 2026 жылғы ережелер
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру жағдайында артық төлемдерді есепке жазу механизмі іс жүзінде толығымен автоматтандырылды. 2026 жылғы Салық кодексі артық төленген сома (іс жүзінде аударылған және есептелген сомалар арасындағы оң айырмашылық) мен қате төленген сома (қате деректемелермен, БСН/ЖСН немесе БКК-мен жасалған төлем) ұғымдарын нақты ажыратады. Есепке жазуды жүргізу тәсілдері Салық органы есепке жазуды тек ұлттық валютада екі…
-

Қарағанды облысында Республика күніне орай 400-ден астам іс-шара өтеді
Қарағанды облысында Республика күніне орай 400-ден астам мәдени-көпшілік, патриоттық және спорттық іс-шара ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама аясында концерттер, патриоттық акциялар, спорттық жарыстар өткізіліп, жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Ұлттық мерекеге дайындық барысы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Білім беру ұйымдарында «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты танымдық-ағартушылық апталық өтуде. Сондай-ақ еліміздің тарихы мен…
-

Бейжіңде CSCEC International компаниясымен бірлескен инфрақұрылымдық жобалар мен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Бейжің, 2026 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев «China State Construction Engineering Corporation International» (CSCEC International) компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Гао Бомен кездесу өткізді. Тараптар құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту келешектерін талқылап, Алатау қаласындағы ірі жобаны іске асыру сұрақтарына ерекше назар аударды. Гао Бо жобалау және дайындық жұмыстарының барысы…
-

ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір құтқарушыларын кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күнімен құттықтады. «Құтқарушылар күні құтты болсын! Қиын сәтте көмекке келіп, адам өмірін сақтап қалу жолында жанқиярлықпен қызмет ететін құтқарушылардың еңбегі әрдайым зор құрметке лайық. Ең күрделі жағдайларда осы саланың мамандары қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын созып, адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етеді.…
-

Қарағандыда полицейлер мен такси жүргізушісі алаяқтық схеманың жолын кесті
Қарағанды қаласы Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында ірі көлемдегі интернет-алаяқтықтың жолы кесілді. Қаскөйлер 68 жастағы ауыл тұрғынынан 3 миллион теңгені жымқыруға шақ қалды. Алайда полицейлердің қырағылығы мен такси жүргізушісінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында зейнеткер қаражатын сақтап қалды. Өкінішке орай, бүгінде…
-

📢 ЖАЛПЫ ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕН АЙЫРЫЛУ ДӘРЕЖЕСІН БЕЛГІЛЕУ
📢 ЖАЛПЫ ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕН АЙЫРЫЛУ ДӘРЕЖЕСІН БЕЛГІЛЕУ Азаматтар нені білуі керек? 🔹 Кімдерге белгіленеді? Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әлеуметтік тәуекел туындаған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға белгіленеді. 🔹 Қандай мөлшерде белгіленеді? Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген өлшемшарттарға сәйкес 30 пайыздан 100 пайызға дейін қоса алғанда пайыздық…
-

«ЖАС САҚШЫ» ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Отырар ауданындағы №1 жалпы білім беретін мектепте ішкі істер органдарының қызметін таныстыру, қазақстандық полицияның оң имиджін қалыптастыру және оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды. Салтанатты рәсім ішкі істер органдарында қызмет атқарып, зейнетке шыққаннан кейін өмірден өткен полиция ардагері Шындалиев Әкімбай Шындалыұлын еске алуға арналды. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы, Отырар ауданының…
