Санат: Жаңалықтар
-

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында қалалық мәслихат депутаты Арман Иманкулов тыл еңбеккерлері Казиза Махтаевна Ералимова мен Райхана Хисматуллинаның шаңырағында болып, ортақ Жеңіске қосқан үлестері үшін шынайы алғысын білдірді. Құрметті еңбеккерлерге ризашылық белгісі ретінде гүл шоқтары мен азық-түлік себеттері табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1216456?lang=kk
-

Қызылорда облысында газ шығынын есепке алу кезінде заң бұзушылықтар анықталды
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Кристалл Менеджмент» АҚ-да жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оған «Ақшабұлақ» кен орнындағы газ шығынын өлшеу жүйесіндегі ықтимал заңбұзушылықтар туралы өтініш негіз болды. Тексеру барысында компания пайдаланатын газ шығынын өлшеу жүйесі (есепке алу торабы) міндетті метрологиялық аттестаттаудан өтпегені және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізіліміне…
-

Құрметті салымшылар!
Алаяқтар телефон, SMS, электрондық пошта және әлеуметтік желілер арқылы жеке әрі қаржылық деректерге қол жеткізуге тырысады.Кодтарды, құпиясөздерді, банк картасының деректерін сұрау, «шот бұғатталды» немесе «күдікті операция» туралы шұғыл хабарламалар алаяқтықтың негізгі белгілері.Ешбір жағдайда SMS және push-кодтарды, банк картасының деректерін, логиндер мен құпиясөздерді, QR-кодтар мен жеке мәліметтерді бермеңіз.Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпаратты тек ресми байланыс арналары арқылы…
-

Құрметті ардагерлер! Құрметті тыл еңбеккерлері! Қала тұрғындары!
Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір қазақстандық үшін бұл мереке батылдықты, еркіндікті және бейбітшілікті білдіреді. Біз ардагерлердің қаһармандығына және тылда Жеңісті жақындатқан жандардың жанқиярлық еңбегіне тағзым етеміз. Осындай жоғары бағамен келген бейбітшілік – біздің сақтауға тиіс ең қымбат құндылығымыз. Батырлыққа толы сол жылдардың мұрасы бізді жасампаздыққа жігерлендірілсін, ал бірлік пен келісім Қазақстанымыздың дамуының мызғымас…
-

Құрметті Отан қорғаушылар, ардақты ер азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отан қорғаушылар күні – мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше құрмет. Бүгінде ел қорғаны болып жүрген барша азаматтардың еңбегі зор құрметке лайық. Сіздердің Отан алдындағы адал қызметтеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен табандылықтарыңыз – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Осы айтулы мереке қарсаңында…
-

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» мерекелеріне орай Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Есенәлімұрат Ізтілеуов, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Нәрікбаев Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Қала әкімі Әзімбек…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! Түркістан қаласы Нұрмекен көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, сызбада көрсетілген аумағында толығымен жол жабылады. Осыған байланысты бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Жөндеу мерзімі 08.05.2026 жылғы 8:00-ден бастап 10.05.2026 жылғы 8:00 ге дейін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1216462?lang=kk
-

Әңгіме өткізілді
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 8 мамырында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов және әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкермен кездесу өткізді. 🔸Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат,…
-

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан қаласы бойынша тұрғындарды арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жәрмеңкелер өтуде. Бүгінгі жәрмеңке Бекзат секторында ұйымдастырылды. Онда Ордабасы ауданы мен Кентау қаласынан келген ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы 30 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылды. Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөністер, жеміс-жидектер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге…
-

Департаментпен «Stroygood» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді
Астана қаласының Еңбек инспекциясы департаменті құрама темірбетон және бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын «Stroygood» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлерге қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар түсіндірілді. Өндірістік операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау мәселелеріне, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушінің…
-

Әділет министрі Мәжілісте «Президенті туралы» конституцялық заң жобасын таныстырды
2026 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша баяндама жасады.Өз сөзінде Ерлан Сәрсембаев заң жобасы «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» конституциялық…
-

Ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы балалар құқықтарының бұзылуы туралы ақпарат жинау және оларға жедел жауап беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, соның ішінде балалардың жарақат алуының алдын алу және онымен күресу, сондай-ақ психологиялық және консультативтік көмек көрсету үшін Telegram мессенджерінде @VKO_URPAQ_BOT ботын құрды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vydriha/press/news/details/1216468?lang=kk
-

«ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, ЕКІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
«Тұран» командасы ірінші лиганың бесінші турында сырт алаңда «Астана жастары» клубын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, маусымдағы маңызды жеңістерінің біріне қол жеткізді. Кездесу барысында түркістандық клуб ойын тізгінін өз қолында ұстап, әсіресе екінші таймда шабуылда белсенділік танытты. Есеп 50-минутта ашылды. Матвей Герасимов қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Тұранды» алға шығарды. Матчтың соңғы минуттарында қонақтар басымдығын толық…
-

Кәріз жүйесіндегі жиі апаттар: Қонаев әкімдігі шұғыл шешім қабылдады
Қонаев қаласында тозығы жеткен кәріз желілерін толық жаңғырту басталады. Жуырда Қонаев көшесінің бойында және ХҚКО ғимаратының алдында болған апаттардан кейін инженерлік коммуникацияларды мерзімінен бұрын ауыстыру туралы шешім қабылданды. Еске салайық, бірнеше апта бұрын қаладағы орталық көшелердің бірінде асфальт опырылып, апатты жағдай тіркелген еді. Мамандардың айтуынша, оған ескірген кәріз құбырлары себеп болған. Қазіргі таңда апат салдары…
-

Астана қаласының Еңбек инспекциясы департаменті «ҚАК «ӨСК» АҚ-мен бірлесіп, «KazPan (ҚазПан)» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді
Кездесу барысында қызметкерлерге қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар түсіндірілді. Өндірістік операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау мәселелеріне, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша жұмыс берушінің міндеттеріне ерекше назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1216472?lang=kk
