Санат: Жаңалықтар
-

ШЫМКЕНТТЕ «САБАНТУЙ – 2026» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
Шымкенттегі Абай саябағы бүгін достық пен татулықтың, ұлттық дәстүр мен мәдени мұраның ордасына айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары татар-башқұрт халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі «Сабантой – 2026» мерекесінде бас қосып, көпұлтты Қазақстандағы бірлік пен өзара сыйластықтың ерекше көрінісіне куә болды. Тамыры тереңге тартқан Сабантой мерекесі еңбек пен берекені, татулық пен қуанышты ұлықтайтын рухани мереке. Ғасырлар…
-

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
2026 жылдың 15 мамыр күні VIII шақырылымдағы Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс 47-сессиясы өтті. Сессияға Қызылорда облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Пшанов Бауыржан Төлешұлы қатысты. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392-V заңының 51-бабы 1-тармағына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша…
-

«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алукомитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктіңтәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралыескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметінше (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/apple-account-change-alerts-abused-to-send- phishing-emails/, https://itspeaker.ru/news/khakery-atakuyut-polzovateley-apple/, https://securitymedia.org/news/list/apple-prevratili-v-fishing-retranslyator-moshenniki- vshivayut-primanku-v-legitimnye-uvedomleniya.html), қасакөйлер PayPal төлем жүйесінпайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалғанхабарламалар таратуда.Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебікиберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып,хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone…
-

Алматыда италиялық туристің өмірін қолқа аневризмасы жарылғаннан кейін дәрігерлер аман алып қалды
Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды. Пациенттің айтуынша, ол Қазақстанға келіп, елдің мәдениетімен, халқымен танысуды көптен армандаған. Алайда Алматыға келгеннен кейін үш күн өткен соң оның жағдайы күрт нашарлап, іші қатты ауырып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.…
-

Елорда мәслихатының депутаттары әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысына дайындық аясында кедергісіз және инклюзивті орта құру жобалары жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады (18.05.2026)
Көшпелі кеңес барысында олар Х. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион нысанының дайындығымен, паралимпиадашыларға арналған манеж құрылысының барысымен және Инклюзивті спорт орталығының жұмысымен танысты. Ерекше назар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін нысандардың қолжетімділігіне, жаңғырту жұмыстарының сапасына және бюджет қаражатының тиімді игерілуіне аударылды. Х. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның техникалық ашылуы 25 мамырға жоспарланған. Аумағы 3 мың шаршы метрді құрайтын…
-

ШЫМКЕНТТЕ БАТЫР ПОЛИЦЕЙДІҢ АТЫНА «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында №16 мектепте қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицей Ғазиз Байтасовтың атындағы «Жас сақшы» мамандандырылған сыныбының салтанатты ашылуы өтті. 9 сыныптың 30 оқушысы жаңа кезеңге қадам басып, жас тәртіп сақшылары қатарына қосылды. Жоба жасөспірімдердің бойында патриоттық рухты, тәртіпті, заңға құрметті және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Салтанатты шара барысында полиция департаменті бастығының орынбасары…
-

Құрметті Қосшы қаласы мен Тәйтөбе ауылының тұрғындары!
Президенттің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Тәйтөбе ауылының әкімі Рүстем Ахметовтың халықпен кездесуі өтеді. Өткізілетін күні мен уақыты: Күні: Жұма, 2026 жылғы 5 маусым Уақыты: Сағат 15:00 📍 Өткізілетін орны: Тәйтөбе ауылының Мәдениет үйі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy-taytobe/press/news/details/1223044?lang=kk
-

Жетісу облысының толық электрондық картасы жасалды
Жетісу облысының толық электрондық картасы жасалды Бүгінгі таңда облыстағы 358 елді мекеннің барлығы бас жоспарлармен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта заман талабына сай қажетті түзетулер енгізілуде. Сонымен қатар, елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші 20,4%-ға жетті. Осындай ақпаратпен БАҚ өкілдерімен кездесуде Жетісу облысы сәулет және қалақұрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Мекебекұлы бөлісті.2025 жылдың…
-

КЕЛЕС: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Басқосуға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері қатысып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына бағытталған жаңа мүмкіндіктермен танысты. Кездесуді Келес ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша қоса атқарушы Ерлан Ибраимов ашып, жүргізді. Жиында Академияның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова 2026–2027 оқу жылына арналған магистратура және…
-

Жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтаған қазақстандық оқушы марапатталды
АҚШ-тың Phoenix қаласында Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесі аяқталды. Әлемдегі ең беделді ғылыми додаға биыл 60-тан астам елден 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Байқау қорытындысында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай арнайы…
-

«Таза Қазақстан»: елордалық полицейлер абаттандыру қағидаларын бұзғандарды анықтауда
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Астана қаласының полицейлері абаттандыру қағидаларын бұзу мен қоғамдық орындарды ластау деректерінің алдын алуға бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.Іс-шара барысында елорда көшелеріндегі тазалықты сақтау, қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге төгу, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды бей-берекет жинау фактілерін анықтауға ерекше назар аударылуда. Полицейлер қоршаған ортаның тазалығына кері әсерін тигізетін құқық…
-

Екібастұзға жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асайын Байханов қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысып, сондай-ақ «EKIBASTUZ FEST: ЗАҢ» жастар фестиваліне қатысты
Жұмыс бағдарламасы қалалық еңбек ардагерлері кеңесімен кездесуден басталды. Кездесу барысында жастар тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, қаланы одан әрі дамыту мәселелері және өзге де тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ өңір басшысы ардагерлермен жұмысты ұйымдастыруды жақсарту және мобильділікті арттыру мақсатында ардагерлер кеңесіне жаңа автокөлік табыстады. Одан кейін облыс әкімі жастар арасында заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын насихаттауға бағытталған…
-

III-ші Ашық Кубок «Senat Open» шахмат турнирі
2026 жылғы 17 мамырда Қостанай қаласында «Жастар сарайы» мәдени орталығында Қостанай облысында бүгінде республика көлеміндегі беделді шахмат бәсекелерінің біріне айналған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты ұйымдастырған шахматтан «Senat Open 2026» ІІІ – ашық кубогы өтті. Алтынсарин аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы А.Т. Құлмағанбетова мен аудандық мәслихат депутаты С.Н. Алпысов шахмат турниріне белсенді қатысып келді. Ақпарат көзі…
-

КЕЛЕС: Ә.ЖЫЛҚЫШИЕВ ГҮЛЗАРЫ МЕН АРАНШЫ КАНАЛЫНЫҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Келес ауданының орталығы — Абай ауылында инфрақұрылымды жаңарту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар басталды. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы ауыл ішіндегі құрылыс және абаттандыру нысандарын аралап, жауапты тұлғаларға бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді. Аудан басшысы алдымен ауылдың басты көрікті жерлерінің бірі — Әбжапар Жылқышиев атындағы гүлзарға барды. Қазіргі таңда бұл демалыс орнын Ошақты…
-

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кездесуде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, азаматтарды әскери қызметке шақыру, сондай-ақ, заңсыз салынған нысандарды анықтау және оларға қатысты қабылданған шаралар мәселелері қаралды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибековтың айтуынша, бүгінде Шымкент қаласында 58 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы жұмыс істейді, онда 16,6 мыңнан астам медицина қызметкері қызмет атқарады. Денсаулық…
