Санат: Қазақстан
-
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
🏆 ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ 2026 жылғы 14 қазанда «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-де химия және биология пәндері мұғалімдері арасында облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – химия және биология пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, пәндік білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бағалау, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және…
-
20 қазан, 2026 жылы Ұлытау облысының Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқығы бөлімі Жезқазған қаласындағы (КММ) №1 жалпы білім беретін мектеппен бірлесіп, «25 қазан — Республика күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғыры — білім мен әділдік» атты біріккен зияткерлік ойын өткізді.
20 қазан, 2026 жылы Ұлытау облысының Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқығы бөлімі Жезқазған қаласындағы (КММ) №1 жалпы білім беретін мектеппен бірлесіп, «25 қазан — Республика күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғыры — білім мен әділдік» атты біріккен зияткерлік ойын өткізді.Іс-шараның мақсатыОқушылардың бойында отансүйгіштік, құқықтық сана және әділдік құндылықтарын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы…
-
Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру: заңда қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
Жұмыс адамға табыс қана емес, сонымен бірге дамуға және тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Қазақстанда мүгедек адамдарға жұмысқа орналасуға, ал жұмыс берушілерге қолайлы жағдай жасауға көмектесетін шаралар қолданылады. Осындай шаралардың бірі-квоталау. Бұл мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының міндетті минималды саны, олардың денсаулығына байланысты тиісті жұмыс орындарына қарсы көрсетілім емес. 50 қызметкері бар ұйымдар үшін квота…
-
Мектеп оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу және зайырлылық қағидаттарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда
2026 жылғы 12–16 қазан аралығында Орал қаласы мен оған қарасты елді мекендердегі мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу және зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру бағытында ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді. Аталған шаралар Орал қаласындағы №1, 2, 4, 6, 7, 8, 12, 24, 28, 32, 33, 36, 38, 42, 45, 47, 48, 49, 50, 52 мектептерінде,…
-
20 қазан 2026 жылы 2026-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 17-тармағын жүзеге асыру мақсатында, Ұлытау облысы Әділет департаментінің «Жаңаарқа ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Оқушылар үйі» КМҚК-да мемлекеттік қызметші мамандығын танымал ету бойынша жастармен кездесу өткізілді.
20 қазан 2026 жылы 2026-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 17-тармағын жүзеге асыру мақсатында, Ұлытау облысы Әділет департаментінің «Жаңаарқа ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Оқушылар үйі» КМҚК-да мемлекеттік қызметші мамандығын танымал ету бойынша жастармен…
-
ТӘРТІП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК — ОРТАҚ МІНДЕТ!
17.09.2026 жылы №214 орта мектебінде бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне арналған «Тәртіп пен жауапкершілік — ортақ міндет» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселе қаралып, ата-аналарға жадынама бойынша келісім хат таратылды. Жиынның басты мақсаты — мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жиналыста қозғалған негізгі…
-
Жаңаөзен полициясы жүргізушілерді балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады
Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге ескерту жасайды. Мектептер мен балабақшалардың маңында көлік жүргізушілері жылдамдықты төмендетіп, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын қатаң сақтауы қажет. Әсіресе, балалардың жолға кенеттен шығып қалуы мүмкін екенін ескеріп, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болған жөн. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір…
-
ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ КЕЗІНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР ТЕҢДІГІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 25-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу кезіндегі мүмкіндіктердің теңдігі келесідей реттеледі: Негізгі кепілдіктерге өтетін болсақ: – Еңбек шартын жасасу кезінде азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін бұзуға тыйым салынады. Жұмысқа қабылдаған кезде адамның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, сондай-ақ жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дін көзқарасына, тұрғылықты жеріне, қоғамдық бірлестіктер тиесілілігіне…
-
Мопед жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мопед жүргізушілері арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тәртіп сақшылары мопед жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік құралын басқару кезінде мұқият болу және жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындау қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ жүргізушілерге жылдамдықты белгіленген шектен асырмау, қорғаныш дулығасын пайдалану, жол белгілеріне…
-
Қарақия ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өтті
Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкері Қарақия кәсіптік колледжінің студенттерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жастардың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу мақсатында кездесу өткізді. Іс-шараға Қарақия ауданы мешітінің наиб имамы қатысып, студенттерге діннің адамгершілік құндылықтары, діни сауаттылықтың маңызы және күмәнді діни ақпараттарға сыни көзқараспен қарау қажеттігі жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар жастарға интернет…
-
Бейнеу ауданында ішкі істер органдарының ардагерлері жеке құраммен кездесті
Бейнеу ауданы Полиция бөлімінде ішкі істер органдарының ардагерлері Марат Кубаевич Дарибаев, Теміржан Күмісбаевич Тажмұханов және Болат Наренбаевич Аюпов жеке құраммен арнайы кездесу өткізді. Іс-шара 12–17 қазан аралығында өтіп жатқан «Ақсақалдар отбасы кеңесі» акциясы аясында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру, ардагерлердің мол қызметтік тәжірибесімен бөлісу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын…
-
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі
Базалық зейнетақы – зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет тарапынан ай сайын төленетін кепілдендірілген төлем. Ол зейнетақы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-ын, ал ең жоғары мөлшері 118%-ын құрайды. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері азаматтың еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты айқындалады. Міндетті зейнетақы…
-
Әр жүріс — бір мүмкіндік, әр есеп — жеңіске бір қадам!
Ауыл спортшыларының “Алтын күз-2026” ХХХІХ облыстық спартакиадасында тоғызқұмалақтан ерлер арасындағы командалық есепте №214 орта мектептің Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Палман Асылбек Әлденұлы жүлделі І орынмен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-telikol/press/news/details/1314521?lang=kk
-
Өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешені: Ақмола және Ленинград облыстары ынтымақтастықты дамытады
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Ресей Федерациясының Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат іскерлік байланыстарды дамытуға, тәжірибе алмасуға және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика мен басқа да салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған. Құжатқа Астана қаласында екі өңір өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел аясында қол қойылды. Кездесу барысында тараптар сауда…
-
Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қазақстанда білікті мамандарға деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес, кадр тапшылығы әсіресе денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ жекелеген жұмысшы, техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша байқалады. Сонымен қатар өнеркәсіптің, цифрлық технологиялардың және инфрақұрылымның дамуы азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіби тұрғыдан өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Биыл…
