Санат: Қазақстан
-

ҚАЛА АРДАГЕРЛЕРІ СПОРТТЫҚ ТУРНИРДЕ БАС ҚОСТЫ
Шымкентте Халықаралық қарттар күніне орай қаланың бес ауданының ардагерлерін біріктірген спорттық турнир ұйымдастырылды. 60 адам қатысқан дәстүрлі сайыс биыл сегізінші рет өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйледі. Ол қалалық ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмысына жоғары баға беріп, аға буын өкілдеріне айрықша құрмет көрсету қажеттігін атап өтті. Қала ардагерлері қоғамдық…
-

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні құтты болсын!
Қарасу ауданының әкімі Қ.Т. Оспанов азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мереке — Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнімен құттықтады. Құтқарушылардың жұмысы батылдықты, жанқиярлықты, жоғары кәсібилікті және адамдарға көмектесуге үнемі дайын болуды талап етеді. Адам өмірі мен халықтың қауіпсіздігі көбінесе олардың жеделдігіне, жауапкершілігіне және үйлесімді әрекеттеріне байланысты. Қарауыл ауданының құтқарушылары өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындайды, тұрғындардың…
-

ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ ТІРКЕУ ЕСЕБІНЕ ҚОЮҒА ЖАТАДЫ?
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 104-бабына сәйкес қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне тұруға міндетті. 🔹 Кімдер тіркеу есебіне тұруға міндетті? Оларға мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жатады: ▪️ бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және Кодексте көрсетілген отынның басқа да түрлерін өндіру; ▪️ аталған отын түрлерін көтерме және…
-

2026 жылдың 6 қазан күні Тасқарасу ауылдық округ әкімі Жақсылық Мысаханұлы Альмахуновтың 2026 жылдың II жартыжылдығындағы халықпен кездесуі өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1314335?lang=ru
-

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ қызмет алушылардың ата-аналарымен кездесу
2026 жылғы 20 қазанда Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» – ерекше қажеттіліктері бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Орталықта…
-

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде 2026 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары шығарылды
Комитетте алқа отырысы өтіп, онда 2026 жылдың 9 айындағы қызмет қорытындылары шығарылып, жылдың қалған кезеңіне арналған басым міндеттер айқындалды. Отырыс барысында мемлекеттік экологиялық бақылаудың нәтижелері, атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу, экологиялық заңнаманы жетілдіру және аумақтық экология департаменттері жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейту 2026 жылдың 9 айында аумақтық экология…
-

Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?
Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?Сыйға алынған жылжымайтын мүлікті сату кезінде жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін түсіндіреміз.Мысалы, азамат 2025 жылы пәтерді сыйға алып, 2026 жылы оны сатуға шешім қабылдады. Мұндай жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеттемесі туындай ма?Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 382 және 383-баптарына сәйкес, тұрғын жылжымайтын мүлікті сату…
-

Жалағаш ауданында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізілді
Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 қазан күні “Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” қызметкерлері мен табиғат пайдаланушы ЖК “Б. Қиланов” қатысуымен шабақ құтқару іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Жалағаш ауданы “М. Шәменов”…
-

«Заң және тәртіп» – заң талаптарын сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау.
«Заң және тәртіп» – заң талаптарын сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ағымдағы жылдың 19 қазан күні профилактикалық бақылау жүргізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары, мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Д.Жолтаева, Л. Газизовамен «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР Әлеуметтік кодексінің шеңберінде стационар…
-

Ақтауда жол инфрақұрылымын арттыру жұмыстары жалғасуда
Ақтау қаласында жолдар күтіп-ұстау шарты аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қала көшелерінде жол белгілері мен жиек тастар жаңартылып, жолдардың тазалығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар күнделікті бекітілген кестеге сәйкес жалғасады. Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1314328?lang=ru
-

Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды Қарқаралы ауданының Көктас ауылында Республика күні қарсаңында жалпы ауданы 542 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нұратов қатысты. Шара барысында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ардагер-спортшы Жұмаш…
-

Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілерде 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен оқуға түскен резиденттерді оқытуға арналған үшжақты шарттардың талаптары туралы тараған ақпаратқа байланысты келесіні хабарлайды.
Шарттық құжаттарды ресімдеу барысында шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы мөлшері туралы талаптың тұжырымдарында сәйкессіздік анықталды. Шарттардың кейбір нұсқаларында тұрақсыздық айыбының мөлшері 200% деп көрсетілсе, ал жоғары оқу орнының ақпараттық жүйесінде бекітілген сома — 2 000 000 теңге деп көзделген. Басқарма бұл сәйкессіздік резиденттердің орынды алаңдаушылығын тудыруы мүмкін екенін мойындайды. Сәйкессіздік анықталғаннан кейін шарттық…
-

Халыққа қызмет ету — жүрек таңдауы
Әлеуметтік сала — адам тағдырына бейжай қарамайтын, мейірім мен жанашырлықты, жауапкершілік пен адалдықты талап ететін ерекше сала. Бұл бағытта ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген жандардың өмір жолы — кейінгі ұрпаққа өнеге. Осындай құрметке лайық жандардың бірі Департаментіміздің зейнеткері— Әлішева Зураш Мақұмқызы. Зураш Мақұмқызы Қорған мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, 1975 жылы сол кездегі…
-

eGov Mobile мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа форматына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі
2026 жылдың 16 қазанында Чистополье ауылының Мәдениет үйі ғимаратында тұрғындармен eGov Mobile мобильді қосымшасындағы eGovGPT арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа форматына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Еркін жағдайда өткен кездесу барысында қатысушыларға қажетті мемлекеттік қызметтерді іздеуді жеңілдететін, сондай-ақ оларды алуды азаматтар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді ететін цифрлық сервистің мүмкіндіктері туралы айтылды. Бүгінгі таңда eGovGPT арқылы 55…
-

Маңғыстау облысында полицейлер ер адамнан марихуана тәркіледі
“Қарасора – 2026” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен және “Арлан”, “Бүркіт” арнайы жасақтарының жауынгерлерімен бірлесіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты екі деректің жолын кесті. Мұнайлы ауданында полицейлер “Кира” қызметтік итінің көмегімен ішінде екі ер адам болған BMW автокөлігін тоқтатты. Олардың бірін жеке тінту…
