Санат: Қазақстан
-

Теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді
2026 жылғы 14 қазанда Семей бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен теміржол вокзалында аса қауіпті инфекцияға күдікті жолаушы анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмін пысықтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – аса қауіпті инфекциялардың Қазақстан аумағына әкеліну қаупінің алдын алу, науқасты оқшаулау және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру кезінде жауапты қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру. Іс-шара барысында науқасты…
-

НҰРЛАН ӘБДІРОВ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ ГҮЛНАР ТОЙЛЫБАЕВАҒА КУӘЛІК ПЕН ОМЫРАУҒА ТАҒАТЫН БЕЛГІ ТАБЫСТАДЫ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі табыстады. Өз сөзінде ол бұған дейін «Әділет» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімі Орталық сайлау комиссиясына жолданғанына тоқталды. Аталған шешімге сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының бос мандаты…
-

Алматы студенттері Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» республикалық акциясын бастады
25 қазан – Республика күні қарсаңында Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) студенттері «Менің Қазақстаным!» акциясын бастады. Қатысушылар бірігіп «Атамекен» әнін орындап, эстафетаны Қазақстанның өзге жоғары оқу орындарына жолдады. Іс-шара «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты зияткерлік-ағартушылық апталық аясында өтті. Бастаманың мақсаты – еліміздің әр өңіріндегі жастарды Республика күнін мерекелеуге тарту.…
-

Аса қауіпті инфекциялар бойынша оқу-жаттығуларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды
2026 жылғы 16 қазанда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Шымкент бөлімшесінде аса қауіпті және карантиндік инфекцияларға күдік туындаған жағдайда әрекет ету бойынша оқу-жаттығуларды ұйымдастыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, медициналық көмек көрсету, теміржол көлігі және өзге де мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында инфекцияға күдікті науқас анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмдері, ведомствоаралық өзара…
-

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР БОЙЫНША АҚПАРАТ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНА БЕРІЛЕ МЕ?
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР БОЙЫНША АҚПАРАТ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНА БЕРІЛЕ МЕ? Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның мобильді аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме? Иә, белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады. Себебі салықтық бақылау барысында кәсіпкерлік қызметке арналмаған банктік шоттарға түскен ақша қаражаты да ескеріледі. Мобильді аударымдарға қатысты…
-

ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысатын кәсіпкерлер мен ұйымдар тұтынушыларға қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігін ұсынуға міндетті. Аталған міндет «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №388 қаулысымен өзгерістер енгізілген №457 қаулысымен реттеледі. ҚАНДАЙ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ? 2026 жылғы 19 шілдеден бастап қолма-қол ақшасыз төлем…
-

Қатты тұрмыстық қалдықтарды үймелеу жұмыстары
2026 жылдың 16 қазанында ауылдық округ аумағының тиісті санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында полигон аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) үймелеу жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралар қалдықтарды орналастыруды ретке келтіруге, аумақтың тазалығын сақтауға және абаттандыруға, сондай-ақ олардың полигон шегінен тыс жерлерге ұшуының алдын алуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1314230?lang=ru
-

АПВ-ға қарсы вакцинация
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1314232?lang=ru
-

САЛЫҚ НЕГЕ БАСҚА МЕНШІК ИЕСІНЕ ЕСЕПТЕЛДІ?
САЛЫҚ НЕГЕ БАСҚА МЕНШІК ИЕСІНЕ ЕСЕПТЕЛДІ? Жеке тұлғалардың мүлік салығы Мемлекеттік корпорацияның мәліметтері негізінде есептеледі. Бұл туралы ҚР Салық кодексінің 603-бабында көзделген. Салық қай кезең үшін есептеледі? Мүлік салығы өткен жыл үшін есептеледі. Мысалы, 2026 жылы 2025 жыл үшін мүлік салығын төлейміз. Егер пәтерді сатып жіберсеңіз ше? Егер Сіз пәтеріңізді өткен жылы сатқан болсаңыз, ағымдағы…
-

Саясат Нұрбек Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін таныстырды
Саясат Нұрбек Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін таныстырды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек КИМЭП университетінің Басқарушы кадрларға арналған білім беру орталығы (Executive Education Center, EEC) мен Цинхуа университеті бірлесіп ұйымдастырған қытайлық жоғары буын басшыларына (C-level) арналған білім беру бағдарламасының құрметті спикері ретінде сөз сөйледі. Өз сөзінде министр Қазақстанды өңірлік білім, ғылым және инновациялар орталығына…
-

ШҚО-да абаттандыру талаптарының сақталуы бақылауда
ШҚО-да абаттандыру талаптарының сақталуы бақылауда «Таза Қазақстан» аясында Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін тіркеді. Қабанбай, Титов және Жамбыл көшелерінде аумақтарды тиісті деңгейде күтпеу, сондай-ақ түрлі заттар мен қалдықтарды жинап қою деректері анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушыларға ескерту жасалды. Анықталған кемшіліктерді жоюға және аумақтарды ретке келтіруге 10 тәулік…
-

Бас көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы саласында жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады
Жыл басынан бастап автобус жүргізушілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 5,9%-ға (606-дан 644-ке) өсті. Салдарынан 24 адам қаза тауып, 955 адам жарақат алды. Көлік прокуратурасы органдарымен жүргізілген талдау қорытындысымен жолаушылар тасымалын лицензиялау және жүзеге асыру кезінде заңнаманың өрескел бұзылу фактілерін анықтады. Атап айтқанда, жөндеу-өндірістік базалардың, тахографтардың, медицина қызметкерлері мен техникалық мамандардың болуына қатысты міндетті қауіпсіздік…
-

16 ЖАС — АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ АЛАТЫН УАҚЫТ
16 ЖАС — АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ АЛАТЫН УАҚЫТ 16 жасқа толу — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өміріндегі маңызды кезең. Дәл осы жастан бастап азаматқа Қазақстан Республикасының аумағында оның тұлғасын айқындайтын негізгі құжат — жеке куәлікті алу қажет. Қайда жүгіну керек?Алғашқы жеке куәлікті алу үшін ХҚКО-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығына) жүгіну қажет. Құжаттарды 16 жасқа толған…
-

«Ұлы Дала» шағын ауданында кварталішілік жолдар жөнделуде
Күздің шуақты күндерін тиімді пайдаланып, «Ұлы Дала» шағын ауданында жолдарды орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала көшелерін жаңартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жалпы ұзындығы 2 шақырым 950 метр жол жабынын жөндеу жоспарланған. Жұмыстар жол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі жайлы қозғалыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.…
-

Темір ауданында балаларға арналған «Ainala» оңалту орталығы іске қосылмақ
Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында мүгедектігі бар балаларға арналған «Ainala» оңалту орталығы жұмысын бастауға дайын. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қолдауымен 100 орынға арналған орталық заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылды. Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық бұзылыстары, оның ішінде аутизм спектріндегі ерекшеліктері бар, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған. Балалардың орталықта күндізгі…
