Санат: Қазақстан
-

Суару маусымына дайындық аясында 526 шақырымнан астам ирригациялық канал тазартылды
Жыл басынан бері суару маусымына дайындық мақсатында «Қазсушар» РМК 526 шақырымнан астам ирригациялық каналда механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді. Бүгінге дейін тазартылған каналдардың 355 шақырымы Түркістан облысында, 40,5 шақырымы Қызылорда облысында, 41,9 шақырымы Жетісу облысында, 68,7 шақырымы Жамбыл облысында, 20,4 шақырымы…
-

Өскемен қаласының креативті даму орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 03 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандарымен Өскемен қаласының креативті даму орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында 21 сәуір Дүниежүзілік шығармашылық және инновация күніне және 26 сәуір — Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар туралы жан-жақты талқыланып, ұсыныстар қарастырылып нақты жоспарлар жасалынды. Алдағы уақытта аталған іс-шаралар…
-

Қарағандылықтарға балалар футболы туралы мурал жасау ұсынылды
Қарағандыда ALGA! жобасы аясында мурал эскизін әзірлеуге арналған конкурс жарияланды — жаңа стрит-арт нысаны «Орбита» шағын ауданы, 41-үйдің қасбетінде пайда болады. Ұйымдастырушылар — Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы, «Қарағанды облысының футболы» корпоративтік қоры және Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі. Қатысушыларға балалар және мектеп футболы тақырыбын ашу, спорттың, командалық ойынның және белсенді балалық шақтың маңызын көрсету ұсынылады.…
-

Қазақстан мен Молдова консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Кишинёв, 2026 жылғы 7 сәуір – Консулдық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, Молдова тарапын СІМ Консулдық істер жөніндегі бас басқармасының басшысы Лилиан Морару басқарды. Сонымен қатар кездесуге екі мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдері қатысты. Дипломаттар өзара іс-қимыл…
-

Қайтыс болғаннан кейін «Төтенше жағдайдайғы ерлігі үшін» медалімен марапатталған
Адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін Нұрахмет Қымбат марапатталды. Марқұмның отбасына марапатты ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов табыс етті. 2025 жылдың 21 маусымында Нұрахмет Қымбат Марқакөл ауданында Ертіс өзенінің маңында демалып жүрген, көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, суға батып бара…
-

2025 жыл бойынша абоненттік бөлім жұмысының қорытындысы туралы
2025 жыл қорытындысы бойынша абоненттік бөлімнің жұмысы халықтан төлем жинау деңгейінің жоғары болғанын көрсетті. Дегенмен, соған қарамастан дебиторлық берешек мәселесі өзекті болып отыр. Есепті кезеңде халық пен кәсіпорындар тарапынан төлемдердің толық жүргізілмеуі байқалды. Соның нәтижесінде берешек көлемі екі санат бойынша да қалыптасқан. Берешектің негізгі себептері ретінде төлемдердің уақытылы жасалмауы, жекелеген кәсіпорындардың қарыздарының жиналуы, сондай-ақ су…
-

Қостанай облысында «Денсаулық – жастардың көзімен: біз нашақорлыққа қарсымыз» көрмесі өтті
Қостанай облысында прокуратураның бастамасымен және уәкілетті органдармен бірлесіп «Денсаулық – жастардың көзімен: біз нашақорлыққа қарсымыз» атты ауқымды көрме өткізілді, оған 2095 оқушы мен жасөспірім қатысты. Бұл іс шара жастарды денсаулық, құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне тартудың маңызды алаңына айналды. Іс шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыру, нашақорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, салауатты өмір…
-

ТЖМ пилоттары шұғыл санитариялық авиация рейсін орындады
«Қазавиақұтқару» пилоттары Сергей Пинигин, Айдар Мамырханов және Шыңғысхан Есімханов санитариялық авиация дәрігерлері Айгүл Құдербаева мен Назым Бейсенбаевамен бірлесіп 1962 жылы туған, шұғыл медициналық көмек қажет пациентті Зайсан қаласынан Өскемен қаласына тікұшақпен тасымалдады. Ұшылым сәтті өтті. Пациент дәрігерлерге тапсырылды және мамандардың бақылауында жатыр. ТЖМ тікұшақтары ең күрделі жағдайларда көмекке келеді. Олар пациентті медициналық мекемеге тез жеткізуге…
-

Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
Кездесу барысында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар, фитосанитариялық нормаларды сақтау, сондай-ақ экспорттық құжаттарды рәсімдеу және бақылау рәсімдерінен өту тәртібі талқыланды. Қатысушылар өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасып, экспортты дамыту бағытындағы алдағы қадамдарды айқындады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1195889?lang=kk
-

KazAID және JICA Талас пен Бішкекте кәсіпкерлерге арналған Кайдзен және арық өндіріс бойынша семинарлар өткізді
2026 жылдың наурыз айында Қырғыз Республикасында «Кайдзен және арық өндіріс» тақырыбындағы бірқатар семинарлар өтті. Іс-шаралар Қазақстанның халықаралық даму агенттігі «KazAID» АҚ-ның қатысуымен Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесіп, Қырғыз-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының (KRJC) және Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының (КЈС) қолдауымен ұйымдастырылды. Алғашқы семинар 2026 жылғы 11 наурызда Талас қаласында өтті. Іс-шараға жергілікті кәсіпкерлер,…
-

КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер кеңінен қаралды. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, алғашқы мәселе – ауданның криминогендік жағдайы мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Аталған бағыт бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Руслан Мейрбеков баяндама жасап, құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу…
-

ТЕМІРЛАНДА ДАҢҚТЫ БАЛУАН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Бүгін аудан орталығы Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени- спорт кешенінде қазақ халқының даңқты перзенті, алып күш иесі, әлемге аты әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. «Қажымұқан – даланың дара батыры» атты салтанатты іс-шара аясында ел рухын көтерген тағылымды басқосу ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, елге танымал…
-

KazAID Kazakhstan Cooperation Programme аясында жасанды интеллект бойынша халықаралық вебинар өткізді
2026 жылғы 18 наурызда «KazAID» КЕАҚ Kazakhstan Cooperation Programme (KCP) бағдарламасы аясында «AI иллюзиясыз: түрлері және нақты қолдану кейстері» атты сараптамалық вебинар өткізді. Вебинар халықаралық аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, Орталық Азия елдері мен басқа да мемлекеттерден қатысушыларды біріктірді. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан, сондай-ақ басқа елдердің өкілдері қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі Қырғызстаннан (57,1%)…
-

ДАҢҚТЫ БАЛУАН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ТУРНИР ӨТТІ
🔱Бүгін ауданымызда қазақ халқының даңқты перзенті, алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. 🔱Ауқымды спорттық шараға аудан тұрғындары, спорт жанашырлары, ардагерлер мен жас балуандар қатысып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты. 🔱Аудан әкімі Азат Оралбаев турнирге арнайы барып қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнир барысында Облыстық мәслихат…
-

ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандарттарға сай есу арнасында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды. Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен келген 6 команда құрамындағы 100-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Жарыс барысында олар 20 бағдарлама бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салады. Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен байдарка мен…
