Санат: Қазақстан
-

«Өзіңнен баста» экологиялық челленджі аясында әркімді қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға шақырамыз.
«Өзіңнен баста» экологиялық челленджі 🌿 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні «Өзіңнен баста» экологиялық челленджі аясында әркімді қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға шақырамыз. Экология қарапайым күнделікті әрекеттерден басталады: қоқыстарды алып тастау, артық пластиктен бас тарту, су мен энергияны үнемдеу, ағаш отырғызу немесе аумақты абаттандыруға қатысу. ♻️ Таза және…
-

Су айдындарындағы қауіпсіздік түсіндірілді
Жамбыл облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының қызметкерлері Талас ауданының Қаратау қаласындағы «Жартас» және Көктал ауылындағы «Пионер» көлдерінде рейд өткізді. Тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау және рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау қажеттігі ескертілді. Іс-шараның мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1236150?lang=ru
-

Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа жобалар басталады
16 мамыр күні Мемлекет басшысы адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және білімді әрі бәсекеге қабілетті оқырман ұлт қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап оқуды кеңінен дәріптеу, кітапхана ісіне тың серпін беру және азаматтардың білім…
-

Басқармаға бағынысты мекемелермен жиналыс өтті
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында басқарма басшысы Н. Телегеновтың төрағалығымен басқармаға бағынысты мекемелермен жиналыс өтті. Күн тәртібінде 2026 жылға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі және мемлекеттік сатып-алу бойынша жұмыстардың орындалуы қаралды.Жиналыс қорытындысы бойынша барлық мекемелерге бюджет қаражатының тиімді орындалысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/1236152?lang=ru
-

🌿 6 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы Гагарин бөгетінде өтті.
🌿 6 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы Гагарин бөгетінде өтті. Іс-шара барысында қатысушылар жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, су айдындарының тазалығын сақтауға және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Акцияға қатысқан барлық тұрғындарға,…
-

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында КҚГҚ жағдайына ден қою бойынша оқу-жаттығу өткізілді
2026 жылғы 4 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында аса қауіпті инфекцияның әкеліну қаупін оқшаулау және оның салдарын жою бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары қалалық қызметтермен бірлесіп Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмін тәжірибе жүзінде пысықтады. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты биологиялық қауіп туындаған жағдайда ведомствоаралық өзара іс-қимылдың дайындығын тексеру…
-

Маңғыстауда «Парыз» және «Еңбек жолы» конкурстарына өтінім қабылдау жалғасуда
Маңғыстауда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және еңбек адамының мәртебесін көтеруге бағытталған «Парыз» және «Еңбек жолы» конкурстарына қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Қасымжан Колхозов айтты. Спикердің айтуынша, «Парыз» конкурсы бойынша өткен жылы 2 номинацияға 3 өтінім түсіп, жеңімпаздар анықталған. –…
-

Шижағада дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Шижаға елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.Соңғы жылдары өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 2022-2026 жылдары 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның 25-і – спорт нысаны. Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, спорт саласындағы жетістіктерді атап өтті.«Президентіміз Үкімет пен…
-

Қарағанды облысында қазақ тілінің үздік оқытушысы анықталды
Қарағанды облысында қазақ тілінің үздік оқытушысы анықталды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық «Үздік оқытушы» байқауының бас жүлдесін Балқаш қалалық Тілдер орталығының әдіскері Айнұр Байымбетова иеленді. Енді ол өңір намысын республикалық кезеңде қорғайды. Байқауда мемлекеттік және жекеменшік тіл орталықтарының жеті оқытушысы мен әдіскері бақ сынады. Қатысушылар кәсіби портфолиосын таныстырып, ашық сабақ өткізіп, оқыту әдістемесі бойынша теориялық білімдерін…
-

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақтылы өтініш беру қажеттілігін еске салады
БЖЗҚ салымшылардың (төлем алушылардың), сондай-ақ БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамдар мұрагерлерінің зейнетақы төлемдерін алуға уақтылы өтініш беруі қажеттілігі туралы тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу…
-

Құтқарушылар бір күнге аюға айналса не болады?
Бүгін Талдықорған қалалық жағажайында ерекше көңілді әрі думанды күн өтті. Балаларды әдеттегі ескертулер мен нұсқаулықтардың орнына ақкөңіл аюлар қарсы алды. Алайда сүйікті кейіпкерлердің костюмдерінің астында Жетісу облысының құтқарушылары болды. Ерекше акцияға демалуға келген көптеген балалар қатысты. Ойындар, викториналар мен көңілді тапсырмалар арқылы оларға судағы қауіпсіздік ережелері еске салынды. Балалар байқауларға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп,…
-

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Біздің аймақ – көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етіп жатқан құтты мекен. Этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық — мемлекетіміздің дамуының кепілі және әрбір азаматтың басты міндеті.🔎 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес:🚨 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру: Бұл бап бойынша ұлттық ар-намысты және қадір-қасиетті қорлау, азаматтардың айрықшалығын немесе толыққанды…
-

«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары аудан аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1236163?lang=ru
-

«Абайды оқы, ерінбе» конкурсы
📌Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2026 жылдың 2 маусым күні жазғы кешенді жобасы аясында 2-4 сынып оқушылары арасында «Абайды оқы, ерінбе» конкурсын өткізді. Қаланың 30 жалпы білім беретін мектебінен 2-4 сыныптың 34 оқушысы қатысты. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауының қорытындысы бойынша 30 оқушы жеңімпаз және…
-

Әуежайда КҚГҚ жағдайларына ден қоюға дайындық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді
2026 жылғы 3 маусымда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) анықталған жағдайда жүргізілетін шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларға дайындық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» Астана филиалының, сондай-ақ әуежайдың медициналық, шекаралық және кедендік қызметтерінің өкілдері қатысты.…
