Санат: Қазақстан
-

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында Ясауи мұрасы туралы анимациялық фильмнің таныстырылымы өтті
«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Ясауи атамыздың шын қазынасы» атты анимациялық фильмнің таныстырылымы өтті. Балаларға арналған туынды Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын насихаттап, ғұлама хикметтерінде көрініс тапқан адамгершілік құндылықтарды дәріптейді. Анимациялық фильмнің авторы Сұлтан Байсейіт Ясауитану ғылыми орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, жасанды интеллект көмегімен әзірледі. Таныстырылымда музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов жас ұрпаққа Ясауи мұрасын заманауи әрі…
-

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күні және Қала күні мерекелеріне орай КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Орта Азия мен Қазақстанның волейболдан тұңғыш спорт шебері Октябрь Қыдырбайұлы Жарылқаповты еске алуға арналған мектеп бітіруші түлектер арасындағы дәстүрлі республикалық ашық волейбол турнирі басталды. Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! Түркістан қаласы Атабай тас жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, сызбада көрсетілген аумағында толығымен жол жабылады. Осыған байланысты бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. №4А бағытының жол жүру сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі. Жөндеу мерзімі: 15.09.2026 жылғы 8:00-ден бастап 20.10.2026 жылғы 8:00 ге дейін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1311075?lang=kk
-

САРЫАҒАШТА ДҮРКІРЕГЕН СӨЗ ДОДАСЫ «ЖАРҚЫН БЕЙНЕ-ЖАУҺАР ЖЫР» АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Бүгінгі айтыс аудан төрінде бабадан қалған асыл мұрамыз жаңғырып, еліміздің айтыс өнеріне сүбелі үлес қосқан айтыскер ақынымыз Жарқынбек Наушабековты еске алуға арналды. Жарқынбек Наушабеков арамыздан ерте кетсе де, артына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырды. Ол мектеп қабырғасынан бастап киелі сахнаға шығып, жиырмаға жуық бас жүлдені бағындырған, облыстың ең үздік ақыны атанған нағыз сөз дүлдүлі еді.…
-

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары туралы
2026 жылғы 11-14 қазан аралығында Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапары өтті. Бельгия делегациясының құрамына үкімет пен өңірлік билік органдарының, іскер топтар мен академиялық қауымдастықтың 110-ға жуық өкілі кірді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистика…
-

«Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, адамгершілік нормалар мен құндылықтар» республикалық форумы
Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді 14 қазан, Орал қаласы. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форумға қатысты. Бұл – Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында конституциялық органның өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы.…
-

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың мерейтойлық даталарына орай «HasSak» ансамблінің концерті өтті
Вашингтон, 2026 жылғы 13 қазан – Смитсон институтының Азия өнері ұлттық мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына, Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына, сондай-ақ АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай қазақстандық «HasSak» этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтті. Іс-шара Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Смитсон институты жанындағы Қазақстанның мәдени мұрасы қоры жобасы…
-

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен өзекті мәселелерін қарады.
Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен өзекті мәселелерін қарады. Қабылдау барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауылішілік жолдарды жөндеу, ауыз су, газдандыру және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, Көктөбе және Сұлутөр ауылдарын сумен жабдықтау жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткен. Қазіргі уақытта қаржыландыру күтілуде. Ал Мұзбел ауылын сапалы…
-

Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің көлік саласын дамыту мәселелері талқыланды
Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің Көлік министрлерінің 14-кеңесіне дайындық аясында жоғары лауазымды тұлғалардың кеңесі өтті. Жиынға ұйымға мүше мемлекеттер мен ЭЫҰ хатшылығының өкілдері, сондай-ақ Бас хатшының орынбасары Силапберды Нурбердиев қатысты. Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің делегациясы қатысты. Қатысушылар 2026–2035 жылдарға арналған ЭЫҰ көлік саласын тұрақты дамыту және сыртқы сын-қатерлерге бейімдеу стратегиясының жобасын,…
-

ІІМ-де «Болашақ тергеушілер» республикалық форумы өтті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде еліміздің жоғары оқу орындарында заң мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерді, құқық қорғау органдарының, сот жүйесінің, адвокатура мен қоғам өкілдерін біріктірген «Болашақ тергеушілер» республикалық форумы өтті.Форумның негізгі мақсаты – болашақ заңгерлерді ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру, жастардың тергеуші мамандығына деген қызығушылығын арттыру және қазақстандық полицияның кадрлық әлеуетін қалыптастыру.Іс-шара бағдарламасы…
-

БҚО-да бес мас жүргізуші ұсталды: көліктер айыптұраққа қойылды
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері көлікті мас күйде басқарған 5 жүргізушіні анықтады. Атап айтқанда, түнгі сағат 01:20-да Переметный ауылында Lada Granta автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырғаны және мас күйде болғаны анықталды. Сол түні сағат 03:20-да Подстепный ауылында Lada Kalina автокөлігін мас күйде басқарған Орал қаласының…
-

ТҰРҒЫНДАР БАСТАМАСЫМЕН 10А ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ АУЛА ЖАҢАРТЫЛДЫ
Әуезов ауданының 10А шағынауданындағы №16 үйдің ауласы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңартылып, тұрғындар үшін жайлы демалыс кеңістігіне айналды. Жоба аясында ауладағы төсемтастар жаңартылып, қауіпсіз резеңке жабын төселді. Балаларға арналған ойын алаңы мен спорттық жаттығу құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ тербелмелі орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камерасы орнатылды. Аталған үйдің тұрғыны Гүлмира Нұрдунқызының айтуынша,…
-

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КӨПІРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЙЕЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысында автомобиль жолдарындағы көпірлердің техникалық жай-күйін бағалау, жөндеуді қажет ететін нысандарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқармалар мен мекеме басшыларының қатысуымен жиын өткізіп, көпірлерді техникалық тексеруден өткізу және қажетті жұмыстарды жоспарлау бойынша нақты тапсырмалар берді. Өңірдегі 300-ден астам көпірге техникалық тексеру жүргізу қажеттілігі анықталған.…
-

Қауіпсіз өндіріс – үйлесімді әрекеттен басталады
Мұнай өңдеу кәсіпорындарындағы қауіпсіздік – жедел әрекетке дайындық пен қызметтердің өзара үйлесімді жұмысына тікелей байланысты. Осы бағыттағы кәсіби дағдыларды жетілдіру мақсатында Шымкент қаласындағы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС аумағында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығу сценарийі бойынша жер сілкінісі салдарынан мұнай өңдеу қондырғысы зақымданып, шартты өрт орын алады. Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін өрт сөндіру бөлімшелері белгіленген тәртіппен…
-

Еңбек инспекциясы департаменті, «МАК» ӨСК» АҚ өкілдерінің, сондай-ақ «Kokjiek» ТҮК құрылыс объектісінің мердігер ұйымдарының қатысуымен кездесу өтті
Еңбек инспекциясы департаменті «МАК» ӨСК» АҚ қызметкерімен бірлесіп, еңбек қызметін жүзеге асыратын «Kokjiek» ТҮК құрылыс объектісінің мердігерлік ұйымдарының өкілдерімен және құрылыс объектісінде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді. Кездесу еңбек заңнамасы саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын күшейтуге, оның ішінде жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауға бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге қызметкерлерді…
