Санат: Қазақстан
-

Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне сенім грамоталарын табыстады
Манама, 2026 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Меңілбеков Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифаға сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, қазақстандық тараптың екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілдігін растады. Өз кезегінде,…
-

Көлік министрлігі мен БҚО әкімдігі көлік жобаларын іске асыру бойынша нақты міндеттерді айқындады
Оралда Көлік министрлігі Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ұлттық компаниялардың, мердігерлердің, мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен негізгі автомобиль және теміржол жобаларының орындалу барысы қаралып, түйткілді мәселелер айқындалып, оларды шешу жөніндегі шаралар айқындалды. Теміржол блогында Индербор – Орал учаскесін салу перспективаларына басты назар аударылды. Жаңа желі облыс орталығына тікелей теміржол…
-

Манамада Қазақстан мен Бахрейн арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өтті
Манама, 2026 жылғы 28-29 шілде аралығы – Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Менілбеков Манама қаласына жұмыс сапары аясында Бахрейн Корольдігінің мемлекеттік органдарының, сарапшылық қауымдастығының және іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан Елшісі Бахрейн Корольдігі Сыртқы істер министрі орынбасарының міндетін атқарушы және екіжақты қатынастар жөніндегі бас директоры шейх Абдулла бен Әли Әл Халифамен, Aluminium…
-

Қарағанды облысы бойынша Омбудсмен өкілі Қайрат Бейсенбеков «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының № 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды
Қарағанды облысы бойынша Омбудсмен өкілі Қайрат Бейсенбеков «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының № 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Сапар барысында Омбудсмен арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың тұру жағдайларымен, тамақтандыруды, медициналық қамтамасыз етуді және бос уақытын ұйымдастырумен танысты, сондай-ақ үй-жайлардың санитарлық жай-күйін, мекеменің материалдық-техникалық жарақтандырылуын және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарын сақтау шарттарын…
-

Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі сотталғандардың құқықтарының сақталуына және оларды ұстау шарттарына мониторинг жүргізу мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 34 мекемесіне барды
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі сотталғандардың құқықтарының сақталуына және оларды ұстау шарттарына мониторинг жүргізу мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 34 мекемесіне барды. Сапар барысында сотталғандарды тамақтандыруды, медициналық қамтамасыз етуді, еңбекпен қамтуды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ олардың тұрғын үй-жайларда тұру жағдайлары зерделенді. Бұдан басқа, өтініштер мен бейнебақылау құралдарын беруге арналған терминалдардың жұмыс істеуі тексерілді.…
-

Марқакөл ауданында бірнеше маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында бірқатар маңызды нысанның ғимараттары жаңартылды. Атап айтқанда, прокуратура, сот, полиция бөлімі және «Қазпошта» АҚ ғимараттарын қайта жаңғыртудан өтті. (Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1267217?lang=ru
-

CAREER DAY – Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының қызметкерлері CAREER DAY – Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, мекеменің мәдени-рухани бағыттағы қызметін кеңінен таныстырды. Іс-шара барысында келушілерге орталықтың негізгі бағыттары, жүзеге асырып жатқан жобалары мен мәдени бастамалары туралы ақпарат беріліп, мәдениет саласындағы еңбек мүмкіндіктері мен шығармашылық қызметтің ерекшеліктері таныстырылды. Мұндай кездесулер жастар мен жұмыс іздеушілерге мәдениет…
-

Үржардағы «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығында 560 оқушы демалады
Үржар ауданының Тарбағатай тауы баурайында орналасқан «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығы биылғы жазғы демалыс маусымында балаларды қабылдауды жалғастыруда. Табиғаты көркем, таза ауамен көмкерілген лагерьде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Демалушылар үшін спорттық жарыстар, танымдық және шығармашылық іс-шаралар, мәдени-рухани бағдарламалар ұйымдастырылып, олардың бос уақытын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл лагерьде…
-

Ақтауда «Жеті қайқы ізімен» жобасы аясындағы жыр кеші өтті
Ақтауда «Жеті қайқы ізімен» жобасы аясындағы жыр кеші өтті Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен және «Нават» мейрамханасының қолдауымен «Жеті қайқы ізімен» жобасы аясында жыр кеші өтті. Кештің мақсаты – Жеті қайқы мұрасын дәріптеу, жыраулық өнерді насихаттау және ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1267208?lang=ru
-

Ақтауда «Тіл шебері» облыстық конкурсы өтті
Ақтауда кемінде үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. «Байқаудың мақсаты – бірнеше тілді еркін меңгерген талантты жастарға қолдау көрсету. Бұл жарысқа қатысуға Бейнеу және Маңғыстау аудандарынан төрт мемлекеттік қызметкер келді. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды»,-…
-

«SAZ FEST» фестивалі
Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары және қонақтары! Сіздерді жанды музыканың әуенімен тербелетін ерекше өнер кеші – өңірлік вокалды-аспапты ансамбльдердің «SAZ FEST» фестиваліне шақырамыз! Фестиваль 5 тамыз күні, сағат 20:00-де, Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінің орталық алаңында өтеді. Фестиваль сахнасында өңірдің үздік вокалды-аспапты ансамбльдері жанды дауыста өнер көрсетіп, әртүрлі жанрдағы таңдаулы шығармаларды орындайды. Атап айтсақ:1. Жаңаөзен қаласы…
-

“SHUBAT FEST” фестиваліне тіркелу ашық!
“SHUBAT FEST” фестиваліне тіркелу ашық! Барлық номинацияға қатысатын үміткерлер shubatfest.kz/registration сайтына өтіп, 10 тамызға дейін өтінімдерін жіберуі қажет. Қатысушыларға сайтта бекітілген ережелерді мұқият оқып шығуы сұралады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1267211?lang=ru
-

“SHUBAT FEST” фестивалінің аясында “Ең үздік шұбат” номинациясында байқау жарияланады.
“SHUBAT FEST” фестивалінің аясында “Ең үздік шұбат” номинациясында байқау жарияланады. Негізгі байқаудан бөлек, 6 номинация бойынша байқау өтеді:* «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді құрт»* «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді балқаймақ»* «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді десерт»* «Түйе сүті қосылған ең дәмді кофе»* «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді балмұздақ»* «Түйе сүті қосылған ең дәмді коктейль» Өтінімді…
-

Сыр теміржолшыларына құрмет көрсетілді
Бүгін Н.Бекежанов атындағы драма театрда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.Мемлекет басшысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталып, теміржол саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтті.«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жол – тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға…
-

Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында Қазақстан–Кения сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды
Найроби, 2026 жылғы 30 шілде — 2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында (Найроби) Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті, сондай-ақ Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы таныстырылым өткізді. Өз сөзінде Елші кениялық бизнес-қоғамдастық өкілдерін Қазақстанда жүзеге…
