Санат: Қазақстан
-

Адалдықтың ақиқаты – елжанды азамат
Жайпақ ауылдық округі әкімдігі, мектеп ұжымы және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Жайпақ ауылында туып-өскен, елге танымал қос тұлғаның өнегелі өмірі мен еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Адалдықтың ақиқаты – елжанды азамат» атты еске алу конференциясы өткізілді. Іс-шарада журналист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері Ғалым Төлембекұлы Доскенов пен «Аспанның ақиығы» атанған әскери ұшқыш, авиациялық эскадрилья командирі, ІІ…
-

Ақтоғай және Ертіс аудандарына іссапар
Бүгін облыстық дін істері басқармасының басшысы Н. Ж. Байбақиров жұмыс сапарымен Ақтоғай және Ертіс аудандарына келді. Іссапар барысында аудандық әкімдіктердің мемлекеттік қызметшілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған кездесулер, зайырлылық қағидаттарын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізілді. Аталған шаралар кезінде қатысушыларға мемлекеттің зайырлылық негіздері, дін саласындағы мемлекеттік саясат…
-

«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді
Ағымдағы жылдың 11 маусымында «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңіндегі мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді. Қызметтің негізгі бағыттары бойынша жүргізілген талдау нәтижелері, сондай-ақ анықталған ұйымдастырушылық және рәсімдік…
-

Қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында «Заңды сыйлау – өзіңді сыйлау» республикалық жобасы аясында Ұлытау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері ақпараттық челлендж ұйымдастырды.
Қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында «Заңды сыйлау – өзіңді сыйлау» республикалық жобасы аясында Ұлытау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері ақпараттық челлендж ұйымдастырды. Челлендж барысында қызметкерлер «Заңды құрметтеу мен үшін нені білдіреді?» деген сұраққа жауап беріп, заңнаманы сақтаудың маңыздылығы, қоғам алдындағы жауапкершілік және заңның әділдік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі…
-

Камышенка ауылында референдум мәселелері бойынша шаруа қожалықтары басшыларымен кездесу өтті
2026 жылғы 5 наурызда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы, аудандық мәслихат депутаты Кудушев Айтуған Ғабдулғазизұлы және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Конорбаев Эльдар Төлегенұлы Камышенка ауылының шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында қатысушыларға алдағы референдум туралы ақпарат беріліп, еліміздің Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Барша тұрғындар өздерінің азаматтық құқығын пайдаланып,…
-

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру
19.06.2026 жылы сағат 15:00-де Якорь ауылы, Мира көшесі, 39а мекенжайы бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:3-45-82 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-yakor/press/news/details/1240057?lang=ru
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы Анонс
19.06.2026 жылы сағат 15:00-де Соколовка ауылы, Абай көшесі, 15 мекенжайы бойынша “СҚО Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты”КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау жүргізу жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (71538) 31874 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-sokolovsk/press/news/details/1240058?lang=ru
-

Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады
Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Рахманмен екіжақты кездесу өткізіп, еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан индонезиялық студенттермен және түлектермен жүздесті. Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым…
-

Ауыл мектебінен басталған инновациялық бастама
Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында білім беру мен ғылымды ұштастыруға бағытталған тың жобалар табысты жүзеге асырылуда. Соның бірі – оқушылар мен педагогтердің бірлескен еңбегі нәтижесінде әзірленген электромобиль құрастыру жобасы. Аталған жоба білім алушылардың инженерлік-техникалық қабілеттерін дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға және заманауи технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруіне мүмкіндік беріп отыр. Теориялық білімді практикамен ұштастырған оқушылар жаңашыл идеяларын іске…
-

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады. Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай…
-

Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі.
Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Грант бір рет қана беріледі және оны әр азамат тек бір мәрте ала алады.Конкурсқа жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке…
-

Қазақстан мен Сингапур архив ісін дамытуға қатысты жаңа бастамаларды талқылады
Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері Сингапур Ұлттық архивінің делегациясымен кездесті. Кездесуде архив ісін дамыту және осы бағыттағы әріптестікті нығайту мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, тараптар архив қорларын сақтау, құжаттарды цифрландыру және электронды архив жүйелерін енгізу мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жұмысы таныстырылды. Делегация мүшелеріне реставрация және консервация зертханалары…
-

Қазақстан Республикасының Заңы
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-zharkamys/press/news/details/1240097?lang=ru
-

«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы
Бүгін «Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел…
-

2026 жылғы 12 маусымда Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №62 түзеу мекемесінде құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді.
2026 жылғы 12 маусымда Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №62 түзеу мекемесінде құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді. Іс-шараға Адвокаттар алқасының адвокаты Б. Бегаев және Нотариаттық палатаның нотариусы С. М. Нұрмағанбетова қатысты. Акция барысында сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1240101?lang=ru
