Санат: Қазақстан
-

Жастар ресурстық орталығында профилактикалық жиын өтті
Бүгін Жастар ресурстық орталығында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық жиын өтті. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің, деструктивті діни ағымдардың, алкогольдік және есірткілік заттарды пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауға жол бермеу мәселелері талқыланды. Қатысушыларға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті арттыру және…
-

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі кәсіби қызмет
Ибраева Әйгүл Сағымбайқызы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. Салада 22 жыл еңбек өтілі бар. 1987 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында техникалық регламент талаптарының сақталуын бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1243210?lang=ru
-

17 маусымда мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетовтың басшылығымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті
Депутаттар қала әкімдігінің «2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін және Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының қорытындысын тыңдады. Отырыс барысында бюджеттік бағдарламар әкімшілерінің қатысуымен қалалық бюджеттің орындалуының негізгі көрсеткіштері мен бюджет қаражатының тиімді игерілу, бюджетті жоспарлау және орындау тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды. Қаралған мәселе бойынша баяндамашылар «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Симанов…
-

ҚР АШМ: Фермерлерді қолдаудың ең тиімді құралдарының бірі – облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау
Ауыл шаруашылығы министрлігі қолданыстағы купондық сыйақыны субсидиялау тетігі- агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың тиімді әрі барынша теңгерімді құралы деп санайды. Бұл тетік фермерлер үшін қолжетімді несие шарттарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығына жеке капитал тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Сенаттың пленарлық отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қолданыстағы тетікке балама ретінде бюджеттік несиелеу қарастырылуы мүмкін.…
-

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі кәсіби қызмет
Уалинова Сәуле Әлімханқызы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. Салада 21 жыл еңбек өтілі бар. 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарады. Ведомстволық наградалар иегері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде адал еңбек етуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1243213?lang=ru
-

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА ТАРАЗ – ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылдың 18 маусымында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі аумағында «Таза Тараз – Таза қала» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тараз қаласының дәл орталығында орналасқан Қарахан кесенесі – өңірдің тарихи-мәдени мұрасының маңызды нысандарының бірі. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бұл сәулет ескерткіші тек тарихи орын ғана емес, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға ықпал…
-

Сәтбаев қалалық мәслихатының 37-сессиясы өтті
Сессияда күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша 2025 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп бекітілді. Одан әрі депутаттар қаладағы жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау жұмыстарының орындалу барысы туралы мәселені талқылап, тиісті шешім қабылдады. Одан әрі экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі тыңдалды. Күн тәртібінде сонымен қатар Сәтбаев қаласы…
-

Мемлекет басшысы Қарағанды медицина университетіне Петр Поспеловтің есімін беру бастамасын қолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының көрнекті қайраткерлерінің есімдерін бейінді жоғары оқу орындарына беру жөніндегі бастаманы қолдады. Бұл бастама өңірдегі денсаулық сақтау саласына кадрлар даярлау мектебінің негізін қалаушылардың бірі болған Петр Поспеловтің есімін Қарағанды медицина университетіне беру мәселесіне де қатысты. – Үкімет пен медицина қауымдастығының Қарағанды медицина университетіне оның негізін қалаушы әрі ұзақ жылдар бойы…
-

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады. Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай…
-

Прокуратура актісі бойынша әйелдерге медициналық қызметтер үшін заңсыз алынған қаражат қайтарылды
Қарағанды облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында әйелдерден жүктілікті жасанды түрде үзу қызметтері үшін негізсіз ақша алынғаны анықталды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС) аясында тегін көрсетілуі тиіс. Яғни, МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер өз құқықтарын пайдалану мүмкіндігінен негізсіз айырылып,…
-

Бейжің халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенді таныстырылды
Қазақстан Бейжің қаласында өтіп жатқан әлемдегі ең ірі кітап көрмелерінің бірі – Beijing International Book Fair көрмесіне қатысуда. Биыл еліміз аталған халықаралық алаңда арнайы ұлттық стендін ұсынды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Ұлттық кітапханасының, сондай-ақ еліміздің жетекші баспаларының өкілдері қатысып жатыр. Ұлттық стендте шетелдік оқырмандарды қазақ әдебиетімен, Қазақстанның тарихы және мәдениетімен таныстыратын…
-

Көпжылдық тәжірибе және іске адалдық
Қазыбаева Надира Қанапияқызы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде 35 жыл еңбек өтіліне ие. 1986 жылдан бастап Талдықорған облысы Қапал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиолог дәрігердің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында қызмет атқарды. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы Бостандық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының хатшысы болып жұмыс істейді.…
-

Майдан жолынан – ұрпақ жадындағы өнегелі ғұмырға
Майдан жолынан – ұрпақ жадындағы өнегелі ғұмырға Күршім ауылындағы Юрий Гагарин атындағы №1 орта мектепте Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Рахимов Құрмат Рахимұлына арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл тағылымды шараның дәл Құрмат Рахимұлының есімі берілген «Жас сақшы» полиция сыныбы жұмыс істейтін мектепте өтуінің өзіндік мәні бар. Өйткені оның өмір…
-

Су ресурстары және ирригация министрлігі 13 су қоймасын салу және 18 су қоймасын реконструкциялау жобаларын әзірлеп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Парламент Сенатының отырысына қатысып, онда қазіргі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы мен трансшекаралық су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықтың дамуы туралы баяндады. Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында 42 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 37 су қоймасын реконструкциялау және 14,5 мың шақырым суару каналын жаңғырту көзделген. Қазіргі таңда үш жаңа…
-

Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті XLVII сессиясы өтті.
2026 жылғы 8 сәуірде Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы – Урашева Сәуле Тұрсынқызы VIII шақырылған аудандық мәслихатының кезекті XLVII сессиясын өткізді. Сессия жұмысына Абай облыстық мәслихатының депутаттары – Хазипов Рафаиль Сайтмагруфович, Майжанов Уәлихан Төкенұлы, Давыдович Олег Олегович, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Онлайн режимде Абай облысы бойынша ревизиялық комиссияның мүшесі – Арғынгазина Асель…
