Санат: Қазақстан

  • Шымкентте халық арасында экстремизм мен терроризмнің  алдын алу жұмыстары жүргізілуде

    Шымкентте халық арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Сайрам тұрғын алабында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеуге және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға ауыл ақсақалдары, билер, аналар кеңесінің мүшелері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардарлығын арттыру, азаматтардың, әсіресе жастардың радикалды діни ағымдарға тартылуының алдын алу,…

  • Елордалық балабақшаның бүлдіршіндері «Атамекен» әнін орындап, челленджді өзге қалаларға жолдады

    Елордалық балабақшаның бүлдіршіндері «Атамекен» әнін орындап, челленджді өзге қалаларға жолдады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астана қаласындағы №99 «Бүлдіршін» балабақшасының педагогтері мен тәрбиеленушілері Республика күніне орай «Атамекен» әнін орындап, патриоттық челленджді еліміздің өзге қалаларындағы балабақшаларға жолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Игі бастаманың мақсаты – Өскелең ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Былтыр ғана ашылған балабақша бүгінде 300 бүлдіршінді тәрбиелеп отыр. Мұнда 30 педагог еңбек…

  • Республика күнін мерекелеу аясында, мерекелік сауда науқандары өтіп жатыр.

    Республика күнін мерекелеу аясында, мерекелік сауда науқандары өтіп жатыр.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының күнін мерекелеу аясында «Семейный» және «Светофор» супермаркеттерінде бөлек тауарларға акциялар мен жеңілдіктер ұйымдастырылады. Сатып алушылар арнайы ұсыныстарды пайдалана отырып, қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады және отбасылық бюджетті үнемдейді. Мұндай акцияларды өткізу халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға және еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі қарсаңында тиімді сатып алулар үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.…

  • 2026 жылғы 29 қазанда сағат 10-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

    2026 жылғы 29 қазанда сағат 10-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 29 қазанда сағат 10-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. Күн тәртібіндегі мәселелер: Алдыңғы отырыстардың қорытындылары бойынша қабылданған Қоғамдық кеңестің ұсынымдары мен ұсыныстарының орындалуы туралы. Алтай қаласының орталық алаңын абаттандыру бойынша жобалық шешімдерді талқылау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1315914?lang=ru

  • 400 мыңнан аса жас қазақстандық Ұлттық қор қаржысын пайдаланды

    400 мыңнан аса жас қазақстандық Ұлттық қор қаржысын пайдаланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қазанға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 88,86 млн АҚШ долларына 407 145 алушыға төлем жасалды. Оның ішінде 267 986 алушыға жалпы сомасы 58,29 млн АҚШ доллары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал 139 159 алушыға 30,57 млн АҚШ доллары…

  • Бір әзіл – үлкен салдар

    Бір әзіл – үлкен салдар

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астанада білім беру мекемесінің маңында жарылғыш құрылғы мен террористтер туралы жалған хабарлама тіркелді. Бұл ақпарат қаланың төтенше жағдайлар қызметтерін тартуға және тиісті тергеу жүргізуге әкелді. Кәмелетке толмағандардың мектеп аумағынан тыс жерде болған кезде Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 112 жедел жәрдем нөміріне қоңырау шалып, мектеп маңында жарылғыш құрылғы мен террористтер туралы хабарлағаны анықталды. Хабарлама алғаннан…

  • Чэнду қаласында Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында «Camerata Kazakhstan» концерті өтті

    Чэнду қаласында Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында «Camerata Kazakhstan» концерті өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Чэнду, 2026 жылғы 22 қазан — Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылдары шеңберінде және Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнінің 35 жылдығы қарсаңында Чэнду қаласында (ҚХР, Сычуань провинциясы) «Camerata Kazakhstan» классикалық ансамблінің концерті өтті. Іс-шараның ашылу салтанатына Сычуань провинциясының үкіметінің Мәдениет және туризм саласының, Сыртқы істер басқармасының, Сыртқы сауда басқармасы басшылары, дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері мен Чэнду…

  • Абай облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік кеңес өтті

    Абай облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік кеңес өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Абай облысының білім басқармасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің осы бағыттағы рөлін айқындау мәселелеріне арналған ақпараттық-әдістемелік кеңес өтті. Кеңесті Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Темірлан Шалқарұлы Қалелов жүргізді. Іс-шараға орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары, сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің…

  • Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Астанадағы жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды

    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Астанадағы жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, елорда тұрғындары мен қонақтарына жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімдерінің кең ассортиментін ұсынды.     Жәрмеңкеге жергілікті жерде өндірілген әртүрлі өнімдер жеткізілді: ұн, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз, бал, ет, сары май, шұжық өнімдері және т.б. Өнімнің сапасына, балғындығына және сатып алушылар үшін қолжетімділігіне ерекше назар…

  • Заң, қауіпсіздік, болашақ

    Заң, қауіпсіздік, болашақ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Түркістан облысы Кентау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен «Шаш-төбе», «Қашқари», «Қарнақ» ЖОМ оқытушы және жастар құрамы, «Кентау қалалық оқушылар үйінің» ұжымы және «Политехникалық колледжінің» жастарымен терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында «Заң, қауіпсіздік, болашақ!» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облыстық ақпараттық насихаттық тобының, аудандық Терроризмге қарсы комиссиясының жауапты мүшелері қатыстырылды. Кездесудің мақсаты –білім беру ұйымдарының қызметкерлері…

  • Облыс әкімі Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесті

    Облыс әкімі Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жиында алдымен Бородулиха ауданының әкімі Талғат Мұратов ауданның 2025-2026 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Облыс әкімі Берік Уәли өңір экономикасының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар жайында айтты. Бородулиха – облыстың ауыл шаруашылығы дамыған ірі аудандарының бірі. Биылғы тоғыз айда ауданда 48,4 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Егіс…

  • Дұрыс ілім тура жолға сілтейді

    Дұрыс ілім тура жолға сілтейді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Отырар ауданы «Талапты», Шардара ауданы «Көксу» және «Ұзын ата» ауылдық округтері әкімдігінің қызметкерлеріне «Дұрыс ілім тура жолға сілтейді!» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары мен ақпараттық насихаттық топ мүшелері арнайы қатыстырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында экстремизм мен терроризм сипатындағы теріс идеологияның қалыптасуына және…

  • Темір тордың ар жағында: өмірге жаңаша көзқарас

    Темір тордың ар жағында: өмірге жаңаша көзқарас

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бір кездері радикалды идеялардың ықпалына түскен адам өз көзқарасын өзгерте ала ма? Бұл көбіне оның ашық әңгімеге дайын болуына, дұрыс діни білім алуына және жеке жауапкершілігін сезінуіне байланысты. Астана қаласындағы №64 республикалық мемлекеттік мекемеде сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыруға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және экстремизмнің алдын алуға арналған бірқатар іс-шара өткізілді. «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының теологтері 18…

  • Пробация үйінде азаматтарды қабылдау өтті

    Пробация үйінде азаматтарды қабылдау өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бекіткен шығу кестесіне сәйкес, Пробация үйінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қабылдау өткізілді. Қабылдауды Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС 3) бөлімінің бас маманы Қабдулова Орындық Амангалиевна жүргізді. орысша жазып берші енді Кездесу барысында азаматтарға мүгедектікті белгілеу тәртібі, МӘС-тен өту, әлеуметтік төлемдер, оңалту шаралары және арнайы…

  • Автогаз құю станциялары мен автотұрақтардағы қауіпсіздік рейді

    Автогаз құю станциялары мен автотұрақтардағы қауіпсіздік рейді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері автогаз құю станциялары мен көпқабатты тұрғын үйлердің жерасты автотұрақтарында профилактикалық рейдтер жүргізді. Шараның басты мақсаты – сұйытылған мұнай газын пайдалануға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Рейд барысында АГҚС қызметкерлеріне автокөлікке арналмаған тұрмыстық газ баллондарын құюға қатаң тыйым салынатыны, сондай-ақ отын құю…