Санат: Қазақстан
-

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» аграрлық сала өкілдерін форвардтық қаржыландыру көлемін 29,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтты
Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы фермерлерге 29,5 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,6 млрд теңгеге артық. Ұлттық астық операторы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға былтырғы жылдың желтоқсан айында өтінім қабылдап бастаған. Бұл шаруаларға жауапты науқанға алдын ала дайындалуға мүмкіндік берді. Биылғы жылғы 15 мамырдағы…
-

Ақмолалық оқушы «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауында үздіктер қатарынан көрінді
Жетісу облысы Талдықорған қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Зияткерлік-шығармашылық байқау Ілияс Жансүгіров мұрасын насихаттауға, оқушылардың сахна мәдениетін дамытуға және жас таланттардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды. Республикалық додада Ақмола облысының намысын үш дарынды оқушы қорғады. Қатысушылар ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін, көркем сөз оқу шеберлігін…
-

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағында жүргізіліп жатқан көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен танысу мақсатында қала аумағын аралады. Аудан басшысы қала әкімдігі аппаратына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын саралап, қала әкімі Айыпхан Ешанқұлға нақты міндеттер жүктеді. Сонымен қатар, қала келбетін жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда…
-

Қандыағашта өңір басшысы Асхат Шахаров екі өнеркәсіп кәсіпорнының өндірістік әлеуетімен танысты
Облыс әкімі «АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС мен «QAZEXPOCENTRE-PIPE» ЖШС өндірістік алаңдарын аралап, кәсіпорындардың қазіргі қызметі, технологиялық үдерістері және даму перспективалары туралы ақпарат алды. «АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС мұнай-газ және механикалық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен, сондай-ақ құбырлар мен резервуарларды дайындау және қызмет көрсетумен айналысады. Кәсіпорында 474 адам еңбек етеді. Орташа жалақы көлемі 300–350 мың теңге. «QAZEXPOCENTRE-PIPE» ЖШС-де…
-

Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды.
Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ (УБОП) қызметкерлері шетелдік студенттен ақша бопсалау фактілері туралы жедел ақпарат алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы ақтөбелік тұрғынды анықтап, арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, ақша беру кезінде күдіктіні ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 10 күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олар бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт…
-

Атырау прокуратурасы инвесторларды заңсыз айыппұлдардан қорғады
Атырау облысының прокуратурасы инвесторларды тиісті келісімсіз әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерін анықтады. Заңнамаға сәйкес, инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан инвесторларға қатысты әкімшілік іс қозғау тек прокурордың келісімімен ғана мүмкін болады. Осыған қарамастан, полиция департаменті көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жалпы сомасы 39,6 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асырып жатқан екі инвесторды тиісті келісімсіз әкімшілік жауаптылыққа тартқан. Прокурорлық қадағалау актісімен…
-

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы – Бурлибаев Санжар Таскинбаевич 2026 жылдың 9 маусымда сағат 16:00-18:00 да азаматтарға жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз. Тіркеу 8(725 33) 5-84-59; 5-97-31; байланыс нөмірі арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-qorgau/press/news/details/1223783?lang=ru
-

Облыс әкімі Қандыағашта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті үшін ғимарат бөлуді тапсырды
Мұғалжар ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Асхат Шахаров арнайы мекемеде балаларға көрсетілетін түзету-дамыту қызметтері мен оңалту жұмыстарының жағдайымен танысты. Қандыағаш қаласындағы түзету кабинеті 2007 жылдан бері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге оңалту және әлеуметтік бейімдеу қызметтерін көрсетіп келеді. Бүгінде мұнда психикалық дамуы тежелген, сөйлеу тілінде кемістігі бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған,…
-

ШҚО әкімі мен «Қазақтелеком» басшысы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Шығыс Қазақстан облысы мен «Қазақтелеком» АҚ өңірдегі байланыс пен интернет инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды. «Ауыл Online» жобасы аясында 2026-2027 жылдары Шығыс Қазақстандағы 204 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Жоба шеңберінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін…
-

Жетісу облысында прокурорлар еңбек нарығының ашықтығын және азаматтардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етті
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және жасырын жұмыссыздықты жою бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік саланы мониторингілеу барысында бос жұмыс орындарын жариялаудан жалтарған жұмыс берушілердің қызметіндегі елеулі заң бұзушылықтар анықталды. Қаратал ауданының прокуратурасы жүргізген талдау бірқатар кәсіпорындардың Әлеуметтік кодекс талаптарына қарамастан, бос лауазымдар туралы мәліметтерді жасырғанын көрсетті. Жұмыс берушілер мәліметтерді Электрондық еңбек биржасында белгіленген бес…
-

Шығыс Қазақстан облысы мен «Қазақтелеком» АҚ өңірдегі байланыс пен интернет инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Ауыл Online» жобасы аясында 2026-2027 жылдары Шығыс Қазақстандағы 204 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Жоба шеңберінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және шалғай ауылдардағы интернет сапасын арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Нәтижесінде ауыл тұрғындары цифрлық қызметтерге, онлайн білім беру жүйесіне, телемедицина мен мемлекеттік сервистерге тұрақты әрі сапалы қол жеткізе алады. Сонымен…
-

Қазақстан Алтын Орданың мұрасын Еуразия тарихының ажырамас бөлігі ретінде дәріптеуде
19-20 мамыр күндері Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен және ЮНЕСКО қолдауымен «Алтын Орда және Ұлы дала өркениеті: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтуде. Форумға Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Таяу Шығыстың 20-дан астам елінен 350-ге жуық ғалым мен сарапшы қатысуда. Тарихшылар, археологтар, шығыстанушылар және мәдени мұра саласының мамандары Алтын Орданың Еуразия…
-

Ақмола облысында жылдың үздік әлеуметтік педагогі анықталды
Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы «Үздік әлеуметтік педагог – 2026» облыстық байқауын өткізді. Үздік атағы үшін Ақмола облысы аудандарындағы жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің 17 әлеуметтік педагогі бақ сынасты. Байқау кәсіби шеберлікті бағалайтын дода ғана емес, тәжірибе алмасу, жаңа идеялармен бөлісу және шабыт алаңы болды. Қатысушылар авторлық әдістемелерін таныстырып, балалармен жүргізілетін жұмыстар…
-

9 мамыр мерекесі қарсаңында қаланың өкілдері жалғыз тұратын тыл еңбеккерлерін құттықтады.
9 мамыр мерекесі қарсаңында қаланың өкілдері жалғыз тұратын тыл еңбеккерлерін құттықтады.Бұл адамдар ерең еңбектері мен қайтпас қайсарлықтарының арқасында Жеңіске жетуге күштерін салды. Құрмет пен алғыс ретінде жылы құттықтаулар, денсаулық, ұзақ өмір тілеу арқылы жақсы тілектер айтылды.Жеңмпаз ұрпақтың батырлығы және Отанға деген адалдықтары туралы естелік біз үшін тарихтың маңызды бөлігі және келер ұррақ үшін үлгі ретінде…
-

Темекі тұқылы қоқыс жәшігіне емес, камера объективіне түсті
Ақтөбеде Жедел басқару орталығының камералары жолдағы жағдайды ғана емес, қоқысты бейберекет тастайтындарды да бақылауын жалғастыруда.ЖБО операторлары тәулік бойы көшелер мен қоғамдық орындарды ластау деректерін анықтайды. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі — темекі тұқылын тротуарға немесе жол жиегіне тастау. Кейбір азаматтар темекі тұқылы жерге түсе сала өздігінен жоғалады деп ойлайтындай. Алайда, қырағы камералар мұнымен келіспейді…
