Санат: Қазақстан
-

Қазақстан мен Ұлыбританияның атом саласындағы ынтымақтастығы талқыланды
2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Тимур Жантикиннің Ұлыбритания Премьер-министрінің Орталық Азия бойынша сауда өкілі Лорд Джон Алдердайспен кездесуі өтті. Кездесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Британ ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму перспективалары талқыланды. Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының атом энергетикасын дамыту басымдықтары, оның ішінде шағын модульдік реакторларды…
-

ШҚО тұрғындарына мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу ескертілді
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Шарип Сейкенов жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу тәртібі, камералдық бақылау хабарламалары бойынша анықталған бұзушылықтар және салық міндеттемелерін орындау талаптары туралы баяндады. Салық заңнамасына сәйкес, жеке тұлғалардың 2025 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 қазанда аяқталады. Биыл өңірде…
-

Халықтың әлеуметтік осал топтары арасында аулаларды аралау
2026 жылғы 15 қыркүйекте Дружба ауылдық округі әкімінің аппаратының мамандары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ТЖБ инженері Н. Ж. Мусинмен бірлесіп, әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындардың үйлерін аралады.Аралау барысында тұрғын үйлердің алдағы жылыту маусымына дайындығы тексеріліп, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді.Көпбалалы отбасылардың үйлеріне улы газдың қауіпті концентрациясы пайда болған жағдайда дер кезінде ескертуге арналған көміртек тотығы…
-

2026 жылғы 21 қыркүйекте Ұлытау облысының Әділет департаменті халықтың конституциялық-құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық ағарту және профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мақсатында адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен Жезқазған қаласындағы №13 мектептің педагогтері мен қызметкерлері арасында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
2026 жылғы 21 қыркүйекте Ұлытау облысының Әділет департаменті халықтың конституциялық-құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық ағарту және профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мақсатында адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен Жезқазған қаласындағы №13 мектептің педагогтері мен қызметкерлері арасында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Кездесу…
-

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында аудан әкімінің орынбасары Д. Карсембаевтың төрағалығымен Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) кеңесінің отырысы өткізілді
Отырыс барысында төмендегідей мәселелер күн тәртібіне енгізілді: ҮЕҰ кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;Шет ауданында қызмет атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың тізімін өзектендіру. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша отырысқа қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, алдағы жұмыс бағыттарын талқылады. Жиын қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қаралып, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары айқындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1296719?lang=ru
-

Облыс әкімдігі жанындағы “Заң және тәртіп” Конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен Облыс әкімдігінің жанындағы «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мас күйінде жасалатын қылмыстардың профилактикасы туралы мәселелер қаралды. Сегіз айдың қорытындысы бойынша облыста тіркелген ЖКО саны 3,4% төмендеді – 854-тен 825-ке дейін.…
-

Ағымдағы жылдың 28 тамызында аудан әкімінің орынбасары Д. Карсембаевтың төрағалығымен Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) кеңесінің отырысы өткізілді
Отырыс барысында ауылдық елді мекендердегі қоғамдық бастамаларды дамыту мәселесі күн тәртібіне енгізіліп, жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша отырысқа қатысушылар ауылдық елді мекендердегі қоғамдық белсенділікті арттыру, тұрғындардың бастамаларын қолдау және жергілікті қоғамдастықтың дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жиын қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар назарға алынып, қоғамдық бастамаларды қолдау және…
-

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Қалалық мәслихат депутаттары 2026 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 17.00– ден 18.00-ге дейін қала тұрғындарының жеке мәселелері бойынша «Ашық есік» күнін өткізеді. Өтетін орны: Балқаш көшесі 5- үйдің 2 қабатында ораналасқан мәслихат ғимараты. Анықтама және жазылу 8(71039) 5-33-16 телефоны арқылы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1296726?lang=ru
-

Қарағаш ауылдық округінде ағаш отырғызу күні өтті!
19 қыркүйек күні Қарағаш ауылдық округінде елді мекенді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары аясында ағаш отырғызу күні ұйымдастырылды. Іс-шараға ауылдық округке қарасты мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ауыл аумағына жас көшеттер отырғызды. Сонымен қатар, көшеттердің айналасы тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ағаш отырғызу – табиғатты қорғау мен туған жерді көркейтуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Бүгін отырғызылған әрбір көшет…
-

Конституциялық Сот шешімдерінің нақты орындалуы
Қала прокуратурасымен Конституциялық Соттың 2026 жылғы 11 маусымдағы №86-НҚ Нормативтік қаулысын іс жүзінде орындау қамтамасыз етілді. Бұған дейін баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы сот шешімдерін орындау барысында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы екі тараптан да, оның ішінде сот шешімі пайдасына шығарылған ата-анадан да өндіріліп келген. Конституциялық Сот мұндай тәсілдің жол берілмейтінін атап өтіп, сот…
-

«Май ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ хабарлайды 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15:00-де конкурс өткізілетінін хабарлайды
Құрметті жерлестер! «Май ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ хабарлайды 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15:00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндір ісін жүргізу үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша жалпы алаңы –4460,2219 га жерге конкурс өткізілетінін хабарлайды. Оның ішінде жайылым – 3231,1 га, тыңайған жер –…
-

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАНАТ ШАПАТОВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Семей қаласы мәслихатының депутаты Қанат Шапатовтың жеке қабылдауына қала тұрғындары автомобиль жолдарының жай-күйі, абаттандыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша жүгінді. Азаматтарды қабылдауға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілі бейнебайланыс арқылы қатысты. Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Көтерілген мәселелер бақылауға алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1296751?lang=ru
-

Аудандық мәслихаттың кезекті 44-ші сессиясы өтті
Бүгін, аудандық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясы өтті. Мәслихат төрағасы Өмірхан Әйкенұлы «Тарбағатай аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстар туралы» есебін берді. Сонымен қатар, «Аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы атқарылған жұмыстар және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы. Мал шаруашылықтарының субсидиялау бағдарламаларына қатысуы мен тиімділігі туралы»; «Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері,…
-

Қызметтік жұмыс мәселелері талқыланды
22.09.2026 жылы Жетісу облысының Әділет департаментінің басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы Жетісу облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палата өкілдерімен қызметтік жұмыс мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында әділет органдары, нотариат және жеке сот орындаушылары арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру, сондай-ақ ортақ мәселелерді шешу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1296755?lang=ru
-

Экология және энергетика: жалпы вектор
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. С. Қуантыров Қазақстанның KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы С. А. Брекешевпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы ынтымақтастықты нығайту, энергетикалық компаниялардың экологиялық жауапкершілігі және саланы дамыту мен табиғи ресурстарды сақтау арасындағы тепе-теңдікті іздеу. Тараптар экологиялық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты және…
