Санат: Қазақстан

  • Қазақстан мен Черногория: өзара тиімді серіктестікті нығайтудың жаңа кезеңі

    Қазақстан мен Черногория: өзара тиімді серіктестікті нығайтудың жаңа кезеңі

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Подгорица, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Черногория Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Периша Кастратовичтің төрағалығымен қазақстан-черногория саяси консультациялардың 2-ші раунды өткізілді. Іс-шара аясында қазақ дипломаты Черногория Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Эрвин Ибрагимовичпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Астана мен Подгорица арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейін…

  • Ақмола облысында бірыңғай дрондар желісі жұмыс істейді

    Ақмола облысында бірыңғай дрондар желісі жұмыс істейді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысында мониторингтің озық технологиялары белсенді түрде енгізілуде. «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында бүгінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін 21 стационарлық кешен және бір мобильді экипаж қызмет атқаруда. Қардың белсенді еруі жағдайында су тасқынына қарсы шаралар басымдыққа ие. Қазіргі таңда тұрақты мониторинг 18 елді мекенді қамтиды. Дрондарды пайдалану өзендердегі мұздың жиналуы мен кептелістерін жедел…

  • Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру

    Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

             Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы С. Төлегенов Мақат кентіндегі Х. Санбаев атындағы мектеп қызметкерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.          Сондай-ақ, тергеп-тексеру барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасы талаптары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1192928?lang=kk

  • 2-ші сәуір Халықаралық балалар кітабы күні

    2-ші сәуір Халықаралық балалар кітабы күні

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін 2-ші сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Балалар кітабы – болашақтың бастауы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Халықаралық балалар кітабы күніне орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Кітапхана фойесінде оқырмандарға арналған «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты иллюстративті кітап көрмесі, одан әрі әдістемелік-библиографиялық…

  • Исатай ауданында еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

    Исатай ауданында еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

            2026 жылғы 1 сәуірде Исатай ауданында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, ұжымдық шарттарды жасақтау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.          Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Самал Үбіғалиева, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері…

  • Оқу-ағарту министрлігінде оқушылардың білім сапасы мен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды

    Оқу-ағарту министрлігінде оқушылардың білім сапасы мен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ҚР Оқу-ағарту министрлігінде кезекті аппараттық жиын өтті. Жиын барысында министрлік басшылығы үшінші тоқсанның қорытындысына сәйкес білім сапасына талдау жасап, мектептердегі тәрбие жұмыстарының барысын, соның ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуын талқылады. «Адал азамат» бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген ауқымды іс-шаралар…

  • ҚАЗАҚСТАНДА «ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІРГЕ. ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАЙЫҚ» ҰРАНЫМЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАНДА «ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІРГЕ. ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАЙЫҚ» ҰРАНЫМЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгінгі таңда бұрынғыдан да маңыздысы – ұлт денсаулығы ғылымға, дәлелді медицинаға және кәсіби қауымдастыққа деген сенімнен басталатынын түсіну болып табылады. Биылғы тақырып «Біртұтас денсаулық» (One Health) қағидатын біріктіреді. Бұл – адам денсаулығы қоршаған ортаның, жануарлар әлемінің және жалпы экожүйенің жағдайымен тікелей байланысты дегенді білдіреді. Тек бірлескен әрі ғылыми негізделген шешімдер ғана заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап…

  • ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЕРТЕҢІНЕ КЕПІЛ

    ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЕРТЕҢІНЕ КЕПІЛ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

            2026 жылғы 1 сәуірде Исатай ауданында аудандық әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.          Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов төрағалық етті. Жиынға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының өкілдері және мекеме қызметкерлері қатысып, еңбек заңнамасының талаптары жан-жақты түсіндірілді.          Кездесу барысында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік…

  • Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумы аясында бірқатар кездесулер өткізді

    Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумы аясында бірқатар кездесулер өткізді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында Британиялық геологиялық қызмет, Корей геоғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM), сондай-ақ “Росгеолфонд” ФМБМ, Boston Consulting Group халықаралық консалтингтік компаниясының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында геологиялық барлау, геологиялық деректермен алмасу, заманауи цифрлық шешімдер мен озық технологияларды енгізу,…

  • Ақмола облысында 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы іске қосылды

    Ақмола облысында 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы іске қосылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысының Зеренді ауданында 400 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Инвестициялық жоба Еленовка ауылында «Agro Milk Project» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, сауу жабдықтары орнатылып, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді. «Голштин-фриз тұқымды ірі қараның жалпы саны биылғы төлді қоса есептегенде шамамен 440 басқа жетті. Қазіргі уақытта тәулігіне…

  • Жетісу облысында мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мен патриоттық бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды

    Жетісу облысында мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мен патриоттық бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Облыс әкімінің орынбасары Д. Есдәулетовтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Аталған жиынға комиссия мүшелері, тиісті басқарма басшылары мен аудан-қала әкімдіктерінің өкілдері қатысып, мемлекеттік рәміздер саясатын жүзеге асыру бағытындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ұлықтау, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес дұрыс әрі бірізді қолданылуын…

  • Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің XI конференциясына 100-ден астам делегат қатысты

    Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің XI конференциясына 100-ден астам делегат қатысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің XI облыстық есептік-сайлау конференциясына барлық қала мен аудандардан делегаттар жиналды. Конференция жұмысына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев және басқалар қатысты. Өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайы туралы ақпарат беріп, ардагерлерге белсенді өмірлік ұстанымы мен өңір өміріне қосқан үлесі үшін алғыс…

  • Ақмола облысында алдағы жазғы маусымға курорттық аймақтардың дайындығы талқыланды

    Ақмола облысында алдағы жазғы маусымға курорттық аймақтардың дайындығы талқыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысында облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешовтың төрағалығымен курорттық аймақтарды алдағы жазғы туристік маусымға дайындау мәселелері бойынша кеңес өтті.2025 жылы Ақмола облысына ішкі туристік ағын 1,5 миллионнан астам адамға жетті, ал биылғы маусымда туристер саны 1,8 миллионға дейін өседі деп күтілуде. Кездесу барысында дайындықтың негізгі бағыттары жан-жақты қаралды: санитарлық жағдай, туристік инфрақұрылым, қауіпсіздік және қызмет…

  • ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан активінің жиналысында жаңа орынбасарын таныстырды. Аталған лауазымға Ғалымжан Қолдасбекұлы Төлегенов тағайындалып, ол бұл міндетті уақытша атқаратын болады.   Ғалымжан Қолдасбекұлы құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік етеді.   Ғалымжан Қолдасбекұлы 1984 жылы 9 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік…

  • Жарнама, көрнекі ақпараттардағы тілдік нормаларды сақтау – қоғам мәдениетінің көрсеткіші

    Жарнама, көрнекі ақпараттардағы тілдік нормаларды сақтау – қоғам мәдениетінің көрсеткіші

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 2 сәуірде Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жарнама мен көрнекі ақпараттағы тіл нормаларын сақтау» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті. Аталған семинар-тренинг жұмысына қатысқан аудан, қала әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары, аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі басшылары, жауапты мамандар, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Жетісу облыстық филиалы өкілдері, тіл оқыту орталықтарының қызметкерлері, «Қазақ…