Санат: Қазақстан
-

СҚО-да полицияның бір күндік профилактикалық жұмысының қорытындысы шығарылды
«Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 28 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық шаралар өткізілді. Іс-шараға барлығы 486 адам тартылды. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, пробация қызметінің өкілдері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, еріктілер мен қоғам белсенділері болды. Профилактикалық жұмыс барысында полицейлер…
-

«Заң және тәртіп»
2026 жылдың 28 қаңтарында Қарақоға ауылдық округінде «Заң және тәртіп» тақырыбында іс-шара өтті. Кездесу барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік, тұрмыста және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы туралы түсіндірілді. Жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен олардың салдары бойынша мысалдар келтірілді. Сондай-ақ қоғамдағы тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңның рөлі ерекше атап…
-

Бұрын сотты болған және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған ер адам қайтадан есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында Renault Sandero маркалы автокөлікті тоқтатып, оның 55 жастағы азаматтың басқаруында болғанын анықтады. Тексеру барысында жүргізушінің 2021 жылы көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік мас күйде болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.Көлік құралы арнайы айып…
-

Железин ауданының барлық мектептерінде 0–9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматында өткізілді.
Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты 28.01.2026 жылы Железин ауданының барлық мектептерінде 0–9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматында өткізілді. Оқу үдерісі бекітілген сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастырылып, білім алушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Сондай-ақ әдістемелік сүйемелдеу мен оқыту сапасын бақылау мақсатында онлайн сабақтарға білім бөлімі мамандары мен әдіскерлері қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1150481?lang=kk
-

СҚО-да патрульдік полицейлердің жедел әрекеті тас жолда жолаушының өмірін сақтап қалды
Солтүстік Қазақстан облысында «Көкшетау – Омбы» автожолында Талшық пен Дәуіт ауылдарының арасында патрульдік полиция қызметкерлері адамның өмірін аман алып қалды. Шамамен сағат 18:10-да патрульдік полиция экипажына «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жүгінді. Ер адамның оң қолы қанға боялған еді, ол шұғыл көмек сұрады. Жағдай бірден түсінікті болмағанымен, полицейлер уақыттың әр секунды маңызды екенін аңғарды. Белгілі болғандай, жүксіз…
-

Конституциялық комиссияның кезекті екінші отырысында ұсыныстар талқыланды
Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп, реформаға байланысты келіп түскен ұсыныстар талқыланды. Комиссия жұмысы ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделген,талқылаудың барлық кезеңі тікелей эфирде көрсетілуде.Отырыс модераторы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Азимова екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін, оның барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті. Азаматтар мен сарапшылардың белсенді қатысуы конституциялық өзгерістердің қоғамдық маңызын…
-

Атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды
Бүгін аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан басшылығы, кеңес мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат, ардагерлер кеңесі, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасап, жан-жақты мағлұмат берді.Қоғамдық кеңес төрағасы Сайлау Әлиұлы, кеңес мүшелері Серік Жекейұлы және Мұрат Тәңірбергенұлы…
-

Брифинг
Шығыс Қазақстан облысында тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ), тұмау және коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Қазіргі таңда өңірдегі ЖРВИ, тұмау және коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты әрі қанағаттанарлық деп бағаланады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1150485?lang=kk
-

НҰРА КЕНТІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАРАЛДЫ
Аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен Нұра кентінің 2026 жылға арналған даму жоспарын қарауға арналған кеңес өтті. Кеңес барысында кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, елді мекенді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту және бұл бағытта заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану мәселелері қаралды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кент аумағын…
-

Туризмді дамыту мәселесі және «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде туризмді дамыту, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.Аймақта туристерге қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылдың қорытындысымен облысқа 157 500 турист келіп, 35 пайыз өсім қалыптасты. Қызмет көрсету көлемі 2 млрд. 441 млн.…
-

Хабарландыру
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына ішкі конкурс жариялайды: – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің бас маманы. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген…
-

ТЖ алдын алу
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары мен Қапал ауылдық округі әкімінің аппаратының мамандары бірлесіп, тұрақты бақылауда тұрған нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Қазселденқорғау» мекемесінің тұрақты бақылауындағы Ақсу, Бүйен, Қапал өзендерінің арналары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар қаралды. Өзен арналарының өткізу қабілетіне, жағалау аймақтарының жағдайына, арналардағы қоқыс пен бөгеттердің…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауыл округіндегі 51 гектар аумақта жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Ecoculture-Eurasia» ЖШС құрылтайшысы Алмас Дауытовты қабылдады. Кездесуде тараптар жобаны іске қосу жайын кеңінен талқылап, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. – Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан «Ecoculture-Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешені – өңіріміздің агроөнеркәсіптік дамуына серпін беретін маңызды жоба.…
-

«Қазақстан Республикасы сайлау және сайлану құқығы» туралы тақырыптық бұрыш.
«Қазақстан Республикасы сайлау және сайлану құқығы» туралы тақырыптық бұрыш. 2026 жылы 5 ақпанда аталып өтетін “Дүниежүзілік сайлау күні” қарсаңында Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының “Дүниежүзілік сайлау күніне” арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылқоға аудандық орталық кітапханада “Қазақстан Республикасы сайлау және сайлану құқығы” тақырыптық бұрыш ұйымдастырылып, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы М.Сайполұлы мен төраға орынбасары оқырмандар…
-

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ КЕЛЕСТЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Сапар барысында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, нысандардың орындалу деңгейі туралы ақпарат берді. Жұмыс сапары алдымен Ақсу елді мекеніндегі ауыз су құрылысынан…
