Санат: Қазақстан
-

2,5 млрд теңге жымқырды деген ұйымдастырушы Вьетнамнан жеткізілді
Вьетнам Социалистік Республикасынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» РМКҚ- да мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде 2,5 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырды деген күдікті елге жеткізілді. ⚠️ Еске салсақ, 2023–2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық…
-

Елорда тұрғындарының назарына!
2026 жылғы 6 тамызда сағат 15:00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Елорда тұрғындарының назарына! Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Күн тәртібі: «Көлік ағындарын басқару мәселелері, құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйесін ұйымдастыру, жол жамылғысын салу…
-

Құтқарушылар ер адамға көмекке келді
Ұлан ауданындағы Шалқар көлінде 2001 жылы туған демалушы тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмады.Көмекке шақыру үшін ол құтқарушыларға жүгінді.Келген ТЖ қызметінің қызметкерлері оның орналасқан жеріне жетіп, биіктіктен түсуге көмектесті. Оған медициналық көмек көрсету қажет болмады.ТЖМ азаматтардан таулы жерлерде болған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1267228?lang=ru
-

Алматы облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған басым жобалар қаралды
Алматы облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы Іле ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар медициналық ұйымдардың қызметімен танысты. Іссапарға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов қатысты. Жұмыс сапары барысында Іле аудандық орталық ауруханасы,…
-

Алматы облысы әкімінің орынбасары Еңбекшіқазақ ауданындағы денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты
Алматы облысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы жұмыс сапарымен Еңбекшіқазақ ауданына барып, өңірдегі бірқатар денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты. Іссапарға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов қатысты. Жұмыс сапары Шелек ауылындағы ШЖҚ «Шелек ауылының…
-

теміржол вокзалының ашылуы
Кәсіби мереке – Теміржолшылар күні қарсаңында қайта жаңғыртудан өткен Күмістау теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Бұл айтулы оқиға теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерінің басын қосты. Салтанатты рәсімге Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Ренат Тілеуханұлы қатысып, жиналған қауымды келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады. Ол теміржолшылардың адал әрі қажырлы еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға…
-

Апталық шолу
27.07 Жамбыл облысы Қазақстан мен Қытай Таразда су саласы мамандарының біліктілігін арттырып, қайта даярлайтын бірлескен оқу орталығын ашты. 28.07 Астана Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне арналған аппарат кеңесін өткізді. 29.07 Астана Вегетация кезеңі басталғалы Қазақстанда суару үшін…
-

Қазақстанда ЖЭК электр энергиясын өндіру бойынша көрсеткіш асыра орындалды
Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін 1,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі саланы дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 8,6 млрд кВт·сағатқа жетіп, бұл еліміздегі электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінің 7%-ын құрады. Салыстырмалы түрде алғанда, 2022 жылы ЖЭК объектілерінде…
-

ҚАЛА ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Елдің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық нысандардың құрылысы – мемлекет назарындағы маңызды жобалардың бірі. Осы ретте Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қалашықтың құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Болашақта мұнда еліміздің әр өңірінен келген Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздары қызмет…
-

⚽️ ЕУРОКУБОК ТҮРКІСТАНДА!
11 тамыз күні Түркістан қаласы тағы бір тарихи футбол кешінің куәсі болмақ. УЕФА Еурокубогы аясында Алматының «Қайрат» футбол клубы Болгарияның «Левски» командасын қабылдайды. Кездесу «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Күні: 11 тамыз Уақыты: 20:00 Өтетін орны: «Түркістан Арена» Еуропалық деңгейдегі тартысты матчты тамашалап, қазақстандық клубқа бірге қолдау көрсетейік! Барша футбол жанкүйерлерін стадионға шақырамыз! Ақпарат көзі :…
-

Болат Ақшолақов урбанистермен Атыраудың мастер-жоспарының тұжырымдамасын талқылады
Талқылауға Астана қаласы Урбанистика орталығы директорының орынбасары Данияр Шындалиев пен Қазақстан урбанистер қауымдастығының қалалық жоспарлау жөніндегі сарапшысы Әдия Қарсыбек қатысты. Астана Урбанистика орталығының өкілдері жағалау бойындағы саябақтарды біртұтас велосипед-жаяу жүргіншілер бағытына біріктіретін «жасыл артерия» құру, автокөлік қозғалысын шектей отырып, жаяу жүргіншілер бульварларын қайта жаңарту, нөсер суын ағызатын жаңбыр бақшалары мен су өткізгіш жабындарды қолдану сынды…
-

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараларға қатысты
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы, авиация генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. Мерейтойлық шаралар Қарқаралы қаласында өтті. Бұл мерекенің Қарқаралы ауданының тұрғындары үшін мәні ерекше. Себебі еліміздің мақтанышы, әлемдік және отандық ғарыш тарихында өшпес із қалдырған…
-

Ақтөбедегі кәсіпорын өнеркәсіпке арналған резеңке-техникалық бұйымдар өндірісін кеңейтіп жатыр
Облыс әкімі стандартты емес резеңке-техникалық бұйымдар өндіруге маманданған «Alash Engineering Technology» ЖШС қызметімен танысты. Кәсіпорын мұнай-газ, теміржол және өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылатын өнімдер шығарады. Компания директоры Азамат Базардың айтуынша, кәсіпорын 2021 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде Қазақстандағы стандартты емес резеңке-техникалық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі саналады. Өндіріс алаңында втулкалар, резеңке-металл бұйымдары, манжеттер, мембраналар,…
-

Ақтөбеде жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Ақтөбеде қаланың жол желісін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Асхат Шахаров қаладағы негізгі көлік магистральдарының бірі саналатын Тайбеков көшесін күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бағамдады. «Атырау инжстрой-АИС» ЖШС мердігер ұйымының өкілі Эмиль Алихановтың айтуынша, өткен аптада көшедегі ескі асфальт жабындысын фрезерлеу жұмыстары толық аяқталған. Үш күн бұрын Әлия Молдағұлова даңғылынан Марат…
-

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде ауданның сайлау учаскелері төрағаларымен кездесу өтті.
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде ауданның сайлау учаскелері төрағаларымен кездесу өтті. Кездесу барысында аудан әкімі аппараты сайлау учаскелерінің төрағаларына Құрылтай сайлауына дайындық аясында тиісті жұмыстарды жүргізу үшін сайлаушылар тізімдерін табыстады. Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Кенжебеков А.Б. сөз сөйлеп, негізгі ұйымдастырушылық мәселелерді атап өтті, сондай-ақ техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау, тәртіпті қамтамасыз ету және жүктелген міндеттерді…
