Санат: Қазақстан

  • КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ  ӨТТІ

    КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

     КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ  ӨТТІ  2026 жылдың  10 маусымында  Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 44-сессия отырысы аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусіновтың төрағалығымен өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатов, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1. «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы  № 13-2  шешіміне өзгерістер  енгізу …

  • 2026 жылғы 10 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б.Кенжебеков азаматтарды жеке қабылдады.

    2026 жылғы 10 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б.Кенжебеков азаматтарды жеке қабылдады.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 10 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б.Кенжебеков азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында өтініш беруші жұмысқа орналасу туралы мәселемен жүгінді. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіні аудан әкімінің аппаратына техникалық персонал лауазымына жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1238473?lang=ru

  • Автогаз құю станцияларында қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілді

    Автогаз құю станцияларында қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, сондай-ақ Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Самара–Шымкент тасжолы бойындағы автогаз құю станцияларына мониторинг жүргізді. Іс-шара барысында нысандардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылып, газды және газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1238474?lang=ru

  • ШЫМКЕНТТЕ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДАЙЫНДЫҒЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    ШЫМКЕНТТЕ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДАЙЫНДЫҒЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ШЫМКЕНТТЕ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДАЙЫНДЫҒЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Басқарма басшысының орынбасары Алиярхан Рустембаевтың мәліметінше, биыл аумақтық қорғаныс бағытында бірқатар ауқымды оқу-жаттығулар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, ақпан айында 50120 әскери бөлімінің қатысуымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өткізіліп, әскери жағдай енгізілген кездегі іс-қимылдар…

  • «Жеке менеджер» қызметі жетісулықтар арасында сұранысқа ие

    «Жеке менеджер» қызметі жетісулықтар арасында сұранысқа ие

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Жеке менеджер» қызметі жетісулықтар арасында сұранысқа ие         2026 жылдың алғашқы 5 айында 400ге жуық жетісулық мемлекеттік қызметтерді «Жеке менеджер» сервисі арқылы алған. Бұл қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтарында да, көшпелі форматта да қолжетімді, деп хабарлайды  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жетісу облысы бойынша филиалы.        «Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда ұсынылады. Ал жылжымайтын…

  • АРДАГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

    АРДАГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    АРДАГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ   Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы ауылдық округімізде кең көлемде аталып өтуде. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай “Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған” монументінде гүл қою рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шара бір минуттық үнсіздікпен басталып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым жасалды. Шараға қатысқан ауылдық округ әкімі Жалғас Дүйсенұлы мен тыл…

  • Талдықорғанда 32 отбасы жаңа пәтерге ие болды

    Талдықорғанда 32 отбасы жаңа пәтерге ие болды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Талдықорғанда 32 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды. «Құлагер» шағын ауданынан баспаналы болған қалалықтарды облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, халықты тұрғын үймен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – Президенттің біздің алдымызға қойған басты міндеттерінің бірі. Соның ішінде баспанамен…

  • 2026 жылғы 5 айында зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету

    2026 жылғы 5 айында зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 17 түрі көрсетіледі. Департаментте күн сайын республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі электрондық іс макеттері қаралады, сонымен қатар зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жаңадан ұсынылған құжаттар бойынша қайта есептеу жұмыстары жүзеге асырылады. 2026 жылдың 5 айында 32 682 электрондық іс макеттері қаралды (оның ішінде жаңа…

  • Өнеркәсіптік  қауіпсіздік шаралары пысықталды

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары пысықталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.А. Садырбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығымен кездесіп, қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылады. Жиында кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілеріндегі ахуал жан-жақты қарастырылды. Корпорация басқарма төрағасының орынбасары С.Ш. Бакиров кеніштердегі бақылау және алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, «Жомарт» кенішінде орын алған апатты тергеу нәтижесі бойынша әзірленген іс-шаралар кешенінің орындалу барысы сарапқа салынды.…

  • Ақмолалық педагогтер «EduAI» республикалық хакатонында үздіктер қатарынан көрінді

    Ақмолалық педагогтер «EduAI» республикалық хакатонында үздіктер қатарынан көрінді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 4–5 маусым күндері Астана қаласында республикалық «EduAI: Педагогикалық хакатон» өтті. Ауқымды іс-шараны AMANAT партиясы мен Daryn Ustaz білім беру платформасы бірлесіп ұйымдастырды. Хакатонға еліміздің барлық өңірлерінен іріктеу кезеңінен сәтті өткен 400-ге жуық педагог қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күн бойы қатысушылар білім беру саласына арналған инновациялық шешімдер әзірлеп, жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісінде қолдану…

  • Shakarim University оқытушысы дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

    Shakarim University оқытушысы дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Shakarim University оқытушысы дүниежүзілік рекордтар кітабына енді Абай облысында қазақтың дәстүрлі ән өнерін халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған мәдени іс-шара өтті. Нәтижесінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, Shakarim University «Өнер» кафедрасының оқытушысы, университеттің Құрметті профессоры Қайрат Қабышев этномәдениет бағыты бойынша Азия мен Африканың дүниежүзілік рекордтар кітабына енді. Рекордты тіркеу қорытындысы бойынша өнер иесіне ресми сертификат пен Күміс…

  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А. К. Көшербаевтың 2026 жылғы 9 маусымдағы ” Қазақстандағы қызметкерлерді сақтандыру: 2026 жылы жұмыс берушілерге қандай айыппұлдар төнеді?”

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А. К. Көшербаевтың 2026 жылғы 9 маусымдағы ” Қазақстандағы қызметкерлерді сақтандыру: 2026 жылы жұмыс берушілерге қандай айыппұлдар төнеді?”

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2005 жылы әрбір жұмыс берушіні қызметкерлерді сақтандыруға міндеттейтін заң қабылданды. Сақтандыру қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде орын алған жазатайым оқиғалардан қорғау үшін ресімделеді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес сақтандырудың бұл түрі міндетті болып табылады және сақтандыру тек жазатайым оқиға қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алған жағдайда ғана қолданылады. Жазатайым оқиғаға…

  • Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті

    Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Елордада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гордың тең төрағалығымен аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы өтті. Іс-шара Astana Mining & Metallurgy (AMM-2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі қарсаңында ұйымдастырылды. Диалогқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында…

  • Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссияның кезекті отырысы өтті

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссияның кезекті отырысы өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Омбудсмен жанындағы Ғылыми комиссияның кезекті отырысын өткізді. Отырыста «Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқықтарын қорғау: халықаралық стандарттар, ұлттық тәжірибе және даму перспективалары» атты монография жобасы қаралды. Монографияда әйелдер құқықтарын қорғаудың теориялық-құқықтық негіздері мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктеріне, оның ішінде жабық мекемелерде отырған әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жан-жақты талдау жасалған.…

  • «ЖАС ДАРЫН – 2026» Облыстық өнер байқауы

    «ЖАС ДАРЫН – 2026» Облыстық өнер байқауы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «ЖАС ДАРЫН – 2026» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ  Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын – 2026» облыстық өнер байқауы өтті. Өнер байқауы «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Бейнелеу өнері» жанрлары бойынша ұйымдастырылып, жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік берді. Байқаудың басты мақсаты – талантты жас орындаушыларды анықтап, қолдау…