Санат: Қазақстан
-

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді. Динара Зәкиеваның айтуынша, биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік салаларындағы бала құқықтарын қамтамасыз ету шаралары жүйеленді. Жағдайды жіті сараптау негізінде бес жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Құжат әлеуметтік қолдауды және бала құқықтарын қорғауды күшейтетін 158…
-

Талдықорғанда 2000-ға жуық жасөспірім «Былғары доп» турнирінде бақ сынауда
Талдықорғанда 2000-ға жуық жасөспірім «Былғары доп» турнирінде бақ сынауда Талдықорған қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында дәстүрлі «Былғары доп» футбол турнирі ұйымдастырылуда. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған жоба 15 жылдан кейін қайта жаңғыртылып, биыл аулалық командалардың басын қосты. Жарысқа қала бойынша 120 команда мен 2000-ға жуық жас спортшы қатысуда. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде қатысушыларға 1800 футбол…
-

Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды
11 маусымда аудан әкімдігінің үлкен залында аудан активінің жиналысы өтті, оның барысында Айыртау ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасары ұсынылды. Бұл лауазымға Ерлан Қабдуұлы Қазбеков тағайындалды.Ерлан Қабдуұлы 1967 жылы 1 қаңтарда Сулугүл ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қостанай педагогикалық институтын, 2002 жылы Құқық және нарық Академиясын бітірген.Еңбек жолын Қостанай қаласындағыбырай Алтынсарин атындағы №1…
-

Ізгі оқиға арқылы – қауіпсіздік туралы маңызды білімге!
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген өз туындылары – «Терезе сыртындағы самал жел» атты алғашқы балалар кітабының тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесер Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қабырғасында өтті. Кітаптың алғашқы даналарын салтанатты түрде жас оқырмандарға ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов табыстады. Қызықты оқиға желісі мен балаларға түсінікті…
-

Суға батқан кездегі алғашқы көмек
1 – қадам – Судан шығарыңыз: Құтқару шеңберін, допты, арқанды немесе суда қалқып тұратын кез келген затты лақтырыңыз. Егер өзіңіз құтқарсаңыз, арт жағынан жақындаңыз. Әйтпесе, үрейленген бала сізді де, өзін де суға батырып жіберуі мүмкін. 2 – қадам – Есін тексеріңіз: Иығынан ақырын сілкіп, қатты дауыстап шақырыңыз. Егер ешқандай реакция болмаса, келесі қадамға бірден…
-

Экология министрлігі өнеркәсіптік шығарындыларды азайтуды және кешенді экологиялық рұқсат беруді енгізуді жалғастыруда
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекет басшысының ластаушы заттар шығарындыларын 20%-ға азайту жөніндегі нұсқауын іске асыру аясында өнеркәсіптік шығарындыларды жүйелі түрде азайтуды және кәсіпорындарды жаңғыртуды жалғастыруда. Елдің ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары ең үлкен экологиялық ауыртпалықты тудыруды жалғастыруда, бұл барлық ластаушы заттар шығарындыларының 63%-дан астамын құрайды. 2025 жылдың соңына қарай 50 ірі компанияның шығарындылары 2,04…
-

Тізімдеу актілері бойынша пысықтау және борышкерлердің сипатталған мүлкін сатуға беру
01.05.2026 жылға 8 салық төлеушінің 471,4 млн.тг. мүлкіне шектеу актісі жасалынды. 8 СТ бойынша жалпы сомасы 471,4 млн.тг. «www. госреестр» сайтына (өткен жылдың қалдығын қосқанда) барлығы тұмшаланған мүліктері сатуға өткізілді. Оның ішінде: – 6 СТ мүлкі 215,3 млн.тг. берешегін өтегендіктен мүлкі кері қайтарылды; – 2 СТ мүлкі 256,1 млн.тг. проблемалық кредиттер қорында. Ақпарат көзі :…
-

«Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»
Ерекше алғыс сөздері санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тәжірибелі маманы, өз қызметін халық денсаулығын қорғауға және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге арнаған Танатарова Айгүл Ермекқызына арналады. 1990 жылы ол Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдады. Алған білімі оның кәсіби жолының қалыптасуына және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесіндегі көпжылдық қызметіне берік негіз болды. Айгүл Ермекқызының…
-

“Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінде ағымдағы жылдың 11 маусымында “Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді. Қызметтің негізгі бағыттары бойынша талдау қорытындылары, сондай-ақ анықталған ұйымдастырушылық және рәсімдік тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар…
-

МАҚТААРАЛДА ӘКІМШІЛІК СОТ ПРАКТИКАСЫ МЕН «АРМ ЕКГН» ЖҮЙЕСІН ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Мақтаарал ауданында әкімшілік сот практикасына жүргізілген талдау қорытындылары мен «АРМ ЕКГН» ақпараттық жүйесін пайдалану барысында заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Аталған іс-шара Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Ә.Е. Бектұрғановтың 2026 жылғы 26 мамырдағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Семинар-кеңеске Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты басшысы Нұржан Жақсылықұлы Атақұлов төрағалық етті. Жиынға кенттер…
-

Қазақстан мен Қытайдың кітап шығару ісіндегі ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған кездесу өтті
Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері Қытай Халық Республикасындағы жетекші баспа ұйымдарының бірі саналатын «Феникс» тобының делегациясымен кездесті. Жиын барысында кітап шығару ісі, кітапхана саласы және цифрлық платформалар бағытындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ оқырман мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуды дәріптеу мақсатындағы бірлескен жобалар туралы айтылды. Тараптар кітап саласындағы ынтымақтастық мәдени байланыстарды нығайтып,…
-

БҚО-да ұрлық жасаған күзетші камераға түсіп қалды
Оралда полиция қызметкерлері ұйымдардың бірінде болған ұрлық қылмысын ашты. Анықталғандай, түнгі уақытта ұйымның қызметтік бөлмесінде орналасқан сейфтен 250 мың теңге көлеміндегі ақша ұрланған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол аталған нысанның 41 жастағы күзет қызметкері болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті сейфті кілтті іріктеу арқылы ашқан. Ұрланған ақшаның…
-

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы
Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр.Бүгінде Целиноград ауданының ветеринариялық қызметі білімді, білікті және мақсатшыл жас мамандардың арқасында қарқынды дамып келеді. Жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектер «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге келіп, туған жердің дамуына өз үлестерін қосуда.Ветеринар мамандығы –…
-

«Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»
Пахомова Наталья Васильевна – өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету ісіне өмірінің көптеген жылдарын арнаған санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тәжірибелі маманы. Наталья Васильевна өзінің кәсіби жолын 1987 жылы Чита медициналық училищесін «Санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастады. Еңбек жолын Павлодар орталық аудандық ауруханасында медициналық мейіргер ретінде бастағанымен, көп ұзамай тағдырын санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен байланыстырды және осы салаға…
-

Қазақстанның құнды жәдігерлері «Бір белдеу, бір жол» бұлтты музейінде таныстырылады
Бейжіңде өткен IV Дүниежүзілік музей директорлары форумы аясында «Бір белдеу, бір жол» бұлтты музейі жобасының алдын ала таныстырылымы өтті. Жобаның бастамашысы – Қытайдың Ұлттық музейі. Халықаралық цифрлық платформаның таныстырылымына Қазақстан, Қытай, Португалия және басқа да елдердің музей басшылары қатысты. «Бір белдеу, бір жол» бұлтты музейі жобасы әр елдің музей қорларын ортақ платформаға жинақтап, көпшілікке тарихи…
