Санат: Қазақстан
-

Грузияның ірі инвесторлары Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетімен танысты
Грузияның ірі бизнес өкілдері бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып, Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетін зерделеуде. Облыс әкімі Асхат Шахаров грузиялық делегациямен кездесу өткізіп, онда тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Кездесуге сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мурзалин қатысты. Грузия делегациясының құрамында елдегі ең ірі инвестициялық-өнеркәсіптік холдингтердің бірі — GIG Holding компаниясының…
-

ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ
Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезектен тыс қырық бірінші сессиясының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 41/260-VIІІ шешімі Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 – баптарына,…
-

Министрлік туралы Қызметі Комитеттер Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Бордақылау алаңдарын жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Агробизнес» ауқымды бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Бордақылау алаңдарын қаржыландыру» шағын бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады. Аталған бастама 2025 жылдан бері іске асырылып келеді және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Шағын бағдарлама аясында фермерлер өндірістік циклді қолдау үшін қысқа мерзімді әрі қолжетімді қаржы ресурстарына қол жеткізе…
-

Инфекциялық қызмет мамандары аса қауіпті инфекцияларға қарсы күрес шараларын талқылады
Инфекциялық қызмет мамандары аса қауіпті инфекцияларға қарсы күрес шараларын талқылады Жамбыл облыстық инфекциялық ауруханасы базасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы кезіндегі клиника, диагностика, емдеу және профилактикалық шаралар» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға облыстағы медициналық ұйымдардың инфекционист дәрігерлері, бас дәрігерлердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері, госпитальдық эпидемиологтар және өңірдің инфекциялық қызмет мамандары қатысты. Семинар…
-

Сыбайлас
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру 2026 жылғы 22 мамыр сағат 15:00-де Жетісу облысы Ақсу ауданы, Матай ауылы А.Қисабек көшесі 19, мекен-жайында «Матай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету…
-

Жеке қабылдау аясында өзекті сұрақтар қаралды
Жеке қабылдау аясында өзекті сұрақтар қаралды Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сержан Назарбек азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың денсаулық сақтау саласындағы өзекті түйткілдерін тыңдады. Ашық диалог форматында өткен қабылдауда әрбір өтінішке мұқият назар аударылып, нақты шешім жолдары қарастырылды. Кездесу барысында ең алдымен медициналық қызмет сапасына қатысты сын-ескертпелер көтерілді. Атап айтқанда, бірқатар жағдайда…
-

Цифрлық дәуірдің сын-қатерлері: Ақтөбеде жеке деректерді қорғау мәселесі талқыланды
Ақтөбеде сарапшылар, ғалымдар және мемлекеттік органдардың өкілдері цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында азаматтардың жеке деректерін қорғау жолдарын талқылады. Aqtobe IT Hub алаңында «Қазақстан Республикасындағы жеке деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері: цифрлық қауіпсіздік негіздері» атты ғылыми семинар өтті. Іс-шараны облыс әкімдігі мен “Астана” Халықаралық университеті ұйымдастырды. Кездесудің басты тақырыбы ақпараттық қауіпсіздіктен бастап жалған ақпаратпен…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
17 мамыр күні Шүлбі кентінде жастар арасында қазақ күресінен «ЖАҢАСЕМЕЙ БАРЫСЫ – 2026» аудандық турнирі өтеді. 🔹 Қатысушылар жасы: 18–35 жас🔹 Өтетін орны: Шүлбі кенті🔹 Уақыты: 12:30 Барша аудан тұрғындарын ұлттық спортты қолдап, тартысты бәсекені тамашалауға шақырамыз! 💪🇰🇿 📞 Байланыс телефоны:+7 708 260 3637 — Адиль Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1221013?lang=kk
-

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін азайту бағытындағы жаһандық ынтымақтастықты ілгерілетуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы мен Ұйым жетекшісі Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие климат мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ерте хабарлау жүйесін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және…
-

Ақтөбе облысының жылыжай шаруашылықтары көкөніс бағасын тұрақтандыруда маңызды рөл атқаруда
Ақтөбе облысының жылыжай шаруашылықтары көкөніс бағасын тұрақтандыруда маңызды рөл атқарудаБүгін облыс әкімінің орынбасары Ғ. Елеуов және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы бастаған жұмыс тобы қаламыздағы бірқатар жылыжай кешендерінің қызметімен танысты.Қазіргі таңда облыс бойынша жалпы аумағы 47 гектарды құрайтын 40 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар жылына 20 мың тоннаға жуық қияр мен қызанақ өндіреді. Өндірілген өнімдер…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін азайту бағытындағы жаһандық ынтымақтастықты ілгерілетуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы мен Ұйым жетекшісі Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие климат…
-

Қостанай облысы бойынша ТМРКД «Камысты» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Камысты» ЖШС-ның магистральдық құбырлар мен тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметтерге (Бестобе, Адаевка ауылдары) тарифі мен тарифтік сметасының талқылау бойынша жария тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды. Жария тыңдау 2026 жылғы 17 наурызда сағат 11.00-де Қостанай облысы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі 76,…
-

Ақтөбе – Ұлғайсын автожолындағы қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда
Қазақстанда стратегиялық маңызы бар және Ақтөбе облысының аумағы арқылы өтетін Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды және ол 7 дербес учаскеге бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары ұзындығы 28,1 шақырым болатын учаскеде жүргізілуде. Жоба 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылады. 2025 жылдан бастап аталған учаскеде…
-

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды
Бүгін Аягөз ауданында алғаш рет «Қазақстан халқына» қорының «JASAMPAZ URPAQ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» ауқымды технологиялық және шығармашылық іс-шарасы барысында жаңартылған «Жас техниктер станциясы» пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысты. Жоба аясында 13 үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде робототехника, автомодельдеу, авиамодельдеу,…
-

ШҚО экономикасында жалпы өңірлік өнімді қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің үлесі артып келеді
Өңір экономикасында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының дәстүрлі басымдығына қарамастан, жалпы өңірлік өнімді (ЖӨӨ) қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің үлесі кезең-кезеңімен артып келеді. Саланың даму көрсеткіштерінің бірі – облыс экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) үлесі. Биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде 58 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл аймақтағы іскерлік белсенділіктің жоғары…
