Санат: Пікір
-
АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласының өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір ірі инвестициялық жоба Қала күні мерекесіне тарту ретінде іске қосылды. Бүгін «Himmel Aluminium» алюминий профильдерін өндіретін заманауи зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа кәсіпорынның өңір экономикасы үшін маңызы зор екенін айтты. Жаңа өндіріс орны өңдеу өнеркәсібін дамытуға, ішкі нарықты сапалы…
-
МАҚТААРАЛДА «А-15» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНА КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында кезекті жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары өткізілді. Ауқымды шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, қоғамдық белсенділер және аудан тұрғындары белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Сенбілік жұмыстары аудан аумағындағы негізгі көлік бағыттарының бірі саналатын А-15 республикалық автомобиль…
-
Жамбыл облысында өңір экономикасын дамытуға арналған форум өтті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданында өткен «Меркі Бизнес Форумына» қатысты. Іс-шара барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті, кәсіпкерлікті дамыту және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне бағытталған бастамалар талқыланды. Форумға кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, зиялы қауым мүшелері, аудан тұрғындары мен қоғам белсенділері қатысты. Жиынды ашқан облыс әкімі форум жұмысына сәттілік тілеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлердің экономикалық…
-
Өскеменде «Алтай Өскемен» және «Жетісу» арасында футбол матчы өтті
«Алтай Өскемен» командасының жанкүйерлері тартысқа және эмоцияға толы матчтың куәсі болды. «Жетісу» командасына қарсы кездесу алаң иелері үшін оңай басталған жоқ. Алғашқы таймның өзінде қонақтар екі доп айырмасымен алға шығып, кейін есеп 3:1-ге жетті. Ойын барысынды шығысқазақстандық клуб барын салды. Команда ойын қарқынын күшейтсе, трибунадағы жанкүйерлер футболшыларға қолдау білдірді. Кездесудің басты кейіпкерлерінің бірі «Алтайдың» жаңа…
-
Қазақстанның Ауғанстандағы гуманитарлық миссиясы: жүк жеткізіліп, дәрігерлер көмегі ұйымдастырылды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық үкіметтік делегация Кабулға келді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі жүйелі саясат аясында жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жеткізіліп, халыққа көмек көрсету үшін білікті дәрігерлер тобы орналастырылды. Үйлестіру және институционалдық қолдау Гуманитарлық шараны KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен ҚР Сыртқы…
-
Серік Жұманғарин Кабулда Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумын ашты
Бүгін Кабулда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хаджы Нуриддин Азизи жыл сайынғы Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумын ашты. Бұл жолы форум Кабулда өтті. Форумға агроөнеркәсіп кешені, технология, машина жасау, химия өнеркәсібі мен IT саласындағы 50-ден аса компания, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша…
-
Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде
2026 жылғы 19 маусымда Ақтөбе қаласының соты жеке сот орындаушысы, Ақтөбе облысының Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы М.К. Ниязбаевқа қатысты шешім шығарды.Сот талқылауы барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заң талаптарының бірнеше рет бұзылғаны анықталды.Анықталған бұзушылықтар борышкерлердің елден шығуына уақытша шектеу қою, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану, атқарушылық іс жүргізу мерзімдерін сақтау…
-
2026 жылғы 16 маусымда Жетісу облысының Кербұлақ аудандық соты жеке сот орындаушысы А.М.Байчепанов жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады
Жеке сот орындаушы А.М. Байчепанов Алматы облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы болып табылады.Сот барысында жеке сот орындаушысының өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағанын, сондай-ақ сот актілері мен өзге де атқарушылық құжаттардың міндетті әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған атқарушылық іс жүргізудің міндеттерін бұзғанын көрсететін заңбұзушылықтар анықталды.Осы мән-жайларды ескере отырып, сот Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің…
-
ҚАЛА КҮНІ – ШЫМКЕНТТІҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Шымкентте Қала күні мерекесі кең көлемде аталып өтіп, тұрғындар мен қала қонақтарына бірқатар жаңа әлеуметтік, мәдени және қоғамдық нысандар тарту етілді. Мерекелік іс-шаралар аясында шаһардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалар іске қосылып, тұрғындар үшін жаңа демалыс және мәдени кеңістіктер пайдалануға берілді. Қала күніне арналған іс-шараларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысып, Шымкент…
-
ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТТІ
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан қаласында мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында Түркістан қаласы әкімінің кубогі үшін кіші футбол және арқан тарту жарысы өтті. Іс-шара Түркістан қаласындағы Ш.Ниязов көшесінде орналасқан «Жаңа жабық алаңда» ұйымдастырылды. Спорттық додаға қаладағы мемлекеттік мекемелерден 120-ға жуық қызметкер қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыстың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты…
-
Жазғы мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы кезеңінде ауданның 12 мектебінде қаңқалы-модульді бассейндер жұмыс істейтін болады
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суға түсу бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылады: бір жаттықтырушыға бір сағат ішінде 5 баладан артық жүктелмейді. Бассейндерге тұрақты түрде санитарлық қызмет көрсету жүргізіледі. Судың сапасы мен қауіпсіздігін сақтау үшін аптасына екі рет хлорлау жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы санитарлық талаптарға сәйкес қажетті профилактикалық және бақылау шаралары атқарылады. Жазғы сауықтыру маусымына дайындық аясында бүгін…
-
Аққулы ауданында педагогтер мектеп жанындағы лагерьлер жұмысының жаңа тәсілдерін әзірледі
Аққулы ауданында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Білім беру мекемелерінің педагогтері мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеп, балалардың демалысымен қатар жан-жақты дамуына басымдық беріп отыр. Мамандардың айтуынша, биыл лагерь бағдарламалары оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және патриоттық тәрбиесіне бағытталады. Балалар үшін тақырыптық күндер, спорттық жарыстар, экологиялық акциялар, шеберлік сабақтары, танымдық экскурсиялар…
-
Аққулы ауданының оқушылары мен педагогтері Абай еліне тағылымды саяхат жасады
Аққулы ауданының білім беру ұйымдарының 50- ден астам оқушылары мен педагогтері Абай облысына танымдық-рухани саяхат жасап, қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасымен жақынырақ танысты. Сапар барысында қатысушылар алдымен қасиетті Қоңыр әулие үңгірі нысанына барды. Ақтас тауының әктасты жыныстарында табиғи түрде қалыптасқан бұл үңгір Абай ауданы аумағында орналасқан және еліміздің киелі орындарының бірі саналады. Үңгірдің…
-
Әке мен қоғам: ортақ жауапкершілік алаңы
Әкелер күніне орай ауданымызда «Жаны ашымастың – басы ауырмас» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін дәріптеу, жауапты әкелік құндылықтарды насихаттау және ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің маңызын арттыру. Кездесуге аудандық «Әкелер» кеңесінің 30-дан астам белсенді мүшесі қатысып, отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі және қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір…
-
Киіз үй лагерьлері – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі
Аққулы ауданында жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған киіз үй лагерьлері. Биыл аудан бойынша ұйымдастырылған киіз үй лагерьлерімен 1000-нан астам оқушы қамтылып отыр. Киіз үй лагерьлерінің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сіңіру, ата-баба…
