Санат: Пікір
-
Қызылорда облысында мас күйде көлік басқарған тұрғын әкімшілік қамауға алынды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында мас күйде көлік басқарған 29 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Патрульдік полиция инспекторлары «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 қыркүйек күні сағат 01:58 шамасында ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, ол жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының…
-
Баспасөз аңдатпасы
Баспасөз аңдатпасы 2026 жылғы қыркүйектің 16 күні сағат 11-00-де, 15-00-де «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темирбаев көшесі, 30 үй. Іс-шараның тақырыбы: «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы…
-
Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапкершілікке тартылды
Заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында Қызылорда облысының аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара 9–12 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, оның барысында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін сақтауына, сондай-ақ көші-қон заңнамасының талаптарын орындауына бақылау жүргізді. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында барлығы 108 құқық бұзушылық анықталды. Шетел азаматтары…
-
Қарағандыда жүрекке операция жасаудың жаңа әдісі енгізілуде
Қарағанды қаласының кардиохирургтары аз инвазивті коронарлық шунттау әдісін меңгеріп жатыр. Жаңа технология операциядан кейін пациенттің тезірек оңалуына мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Қарағанды қаласының №2 көпбейінді ауруханасында осы әдіспен алғашқы төрт операция жасалды. Операцияларды қарағандылық мамандар Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының кардиохирургтарымен бірлесіп орындады. Классикалық коронарлық шунттау кезінде науқастың кеуде қуысы толық ашылады.…
-
Жаңаарқа ауданында мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңаарқа ауданында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші алкогольдік масаң күйде қайтадан рөлге отырған. Оқиға 13 қыркүйекте болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Жаңаарқа кентінің айналма жолында Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында 1997 жылы туған жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру…
-
Қызылорда облысында “Тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды
9–12 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолын кесуге бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1208 дерегін анықтады. Оның ішінде 128 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, 282 көлік құралының мемлекеттік белгісі шешілді. Жолаушылар тасымалы саласындағы…
-
Энергетикалық сусындар бақылауда: Алматы полициясы сауда орындарына рейд жүргізуде
Алматыда полиция қызметкерлері энергетикалық сусындардың кәмелетке толмағандарға сатылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр. Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-1-бабы талаптары аясында өткізіліп жатыр. Аталған бапта энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сату үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Рейд барысында полиция қызметкерлері сауда орындарын аралап, белгіленген талаптардың сақталуын тексереді. Сондай-ақ сатушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын…
-
Қала көшелеріндегі рейд: полиция кімдерді анықтап, қайда жеткізеді
Алматы қаласында учаскелік полиция инспекторлары тұрақты түрде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша профилактикалық рейдтер өткізеді. Бұл жұмыс қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсетуге бағытталған. Рейд барысында полиция қызметкерлері азаматтардың жеке басын анықтап, тиісті ақпараттық есептер бойынша тексереді, көшеде жүру себептерін анықтайды. Қажет болған жағдайда өз…
-
Алматы қаласы арнайы жасақ қызметкерлері балаға көмек көрсетуге үн қосты
Әлеуметтік желілерде балаға көмек көрсету туралы тараған үндеуге Алматы қаласының полиция қызметкерлері бірден қолдау білдірді. Бүгін Алматы қаласы Полиция департаментінің арнайы жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 50-ден астам қызметкері қан тапсырды. Олардың әрқайсысын ортақ мақсат біріктірді – қазір көмекке аса мұқтаж кішкентай науқасты қолдау. Полиция қызметкерлері күн сайын сабырлылықты, батылдықты және кез келген сәтте көмекке келуге…
-
Шетелдік студенттерге Қазақстанда болу тәртібі түсіндірілді
Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдік студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді. Студенттерге көші-қон заңнамасының негізгі талаптары, атап айтқанда, Қазақстанға кіру және елде болу тәртібі, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, құжаттардың қолданылу мерзімі және оларды уақтылы ұзарту тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ тиісті негіздер мен рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға жол берілмейтініне ерекше…
-
Қазақстандық дизайнерлер Нью-Йоркте өз топтамаларын таныстырды
Қазақстандық дизайнерлер Нью-Йоркте өз топтамаларын таныстырды Нью-Йорк, 2026 ж. 13 қыркүйек – Нью-Йоркте өткен Unique Fashion Show халықаралық жобасы аясында қазақстандық үш дизайнер — Раушан Ануарбекова, Сабина Вольская және Тимур Тұрсынқұловтың топтамалары көпшілік назарына ұсынылды. Сән көрсетілімінде отандық сән индустриясының түрлі бағыттары таныстырылды: дәстүрлі ұлттық нақыштағы киімдер, заманауи әйелдер образдары және талғампаз классикалық үлгілер. Әрбір…
-
Қазақстан мен Таиландтың оңтүстік провинциялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Сонгкла, 2026 жылғы 28 тамыз – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиландтың оңтүстігіндегі Накхонситхаммарат, Сатун және Сонгкла провинцияларына өңіраралық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ресми сапармен барды. Сапар аясында Елші үш провинцияның губернаторларымен кездесулер өткізіп, Қазақстан мен Таиландтың оңтүстік өңірлері арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары жөнінде пікір алмасты. Кездесулер барысында сауда, инвестициялар,…
-
Таиланд шетел азаматтары үшін 60 күндік визасыз режимнің күшін жояды
Таиланд бірқатар мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады. Таиланд Министрлер кабинетінің тиісті шешімі 2026 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енеді. Аталған норма күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматтарына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің ережелері қолданылатын болады.…
-
Алматы облысында баспана құрылысы қарқын алды
Алматы облысында үй кезегінде тұрған отбасыларды баспанамен қамтуға биыл 42 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2361 пәтер сатып алу көзделген. Сондай-ақ бюджет есебінен 1018 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғынүйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл баспаналар азаматтарға жеңілдетілген несие арқылы беріледі – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Былтыр өңірде 3 мыңнан аса әлеуметтік осал топ санатына…
-
ҚОНЫС АУДАРҒАН КЕЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ: НЕНІ БІЛУ КЕРЕК
Қазақстанда қоныс аударған азаматтарға жаңа жерде жұмысқа орналасуға, баспана мәселесін шешуге және отбасының бейімделуіне бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Қандастарға 25 түрлі қызмет ұсынылады. Оның ішінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, баспана іздеу және таңдау, жер учаскесін алу, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыру, медициналық, құқықтық және консультациялық көмек бар. Қаржылай қолдау да қарастырылған:🔹 отбасының әр мүшесіне қоныс аудару…
