Санат: Пікір
-

«Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық есеп
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Коррупцияға қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдарды, ұйымдарды және мемлекеттік емес сектор субъектілерін ішкі коррупциялық тәуекелдерді талдауды жүргізуге және коррупциялық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою шараларын қабылдауға міндеттей отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және коррупцияға қарсы күрес агенттісі төрағасының…
-

“Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым” конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы
28.04.2026 жылы Сауыр жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының аудандық бірінші кезеңі өткізілді. Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген 6 (Айнабулақ орта мектебі, Жарсу орта мектебі, Ю. Гагарин атындағы орта мектебі, М. Әуезов атындағы орта мектебі, Сарытерек орта мектебі, Шілікті орта мектебі) мектептің ұсынған…
-

«Бәйтерек» кешені: Қазақстан космонавтикасының жаңа дәуірі сәтті басталды
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында тарихи оқиға орын алды: 45-ші алаңнан «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені арқылы орта класты «Союз-5/Сұңқар» перспективті зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы жүзеге асырылды. Ұшу-конструкторлық сынақтар аясында зымыранның бірінші және екінші сатылары штаттық режимде жұмыс істеп, габариттік-массалық макет есептелген траекторияға сәтті шығарылды. Бұл бастама Қазақстанның әлемдік ғарыштық қызмет көрсету нарығындағы үлесін арттыру үшін күрделі…
-

Маңғыстауда халықаралық Kids Athletics балалар жобасы басталды
ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен елімізде балалар жеңіл атлетикасын дамытуға және мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған халықаралық Kids Athletics жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұған дейін жоба Алматы және Қарағанды қалаларында сәтті іске асырылған болса, енді Маңғыстау облысында жалғасын тапты. Kids Athletics — балалар мен мектеп оқушыларының жеңіл атлетиканың…
-

Алматы облысында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары үйретіле бастады
Алматы облысында мектеп оқушыларына арналған ауқымды кәсіби бағдар беру іс-шарасы басталды. Бұл бастама – республика бойынша алғаш рет қолға алынған пилоттық жоба. Жоба аясында травматолог дәрігерлер болашақ түлектерге медицина саласының қыр-сырын таныстырып, олардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды. Кездесуде дәрігерлер өз тәжірибелерімен ашық бөлісіп, оқушылардың сан түрлі сұрақтарына шынайы жауап берді. Жас буынды медицина саласының қиындығы,…
-

Елімізде параспорт жүйелі түрде дамып келеді
Спортшылар саны жыл сайын артып, балалар мен өңірлерге ерекше назар бөлінуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 743 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі спортшы тіркелген. Оның ішінде 100 мыңнан астамы – балалар. Инклюзивті спортты дамыту болашақ ұрпақ үшін де маңызды. Соңғы жылдары мыңдаған адам спорт арқылы өз өмірін өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Әсіресе балалар спортына ерекше…
-

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНДА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ МАРАТ ПАШИМОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ
Кеңесте медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты негізгі мәселелер қаралды: емханалардың жұмыс сапасы, балаларды үйде патронаждау, гинекологиялық көмекті мониторингтеу, сондай-ақ босандыру ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Инфекциялық қауіпсіздік мәселелеріне және Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарындағы медициналық ұйымдарға жүргізілген тексерулердің нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. Кеңес қорытындысы бойынша Марат Пашимов инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз…
-

Кадр даярлаудың жаңа стандарты: Астанада VELOR Academy of Hospitality & Service білім беру платформасы ашылды
Астанада қонақжайлылық және сервис индустриясы үшін жаңа буын мамандарын даярлауға, тәжірибеге негізделген білім беру платформасы — VELOR Academy of Hospitality & Service салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты: «VELOR Academy-дің ашылуы қонақжайлылық индустриясы үшін кадр даярлау жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Министрлік сервис сапасын арттыруға және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға…
-

2026 жылғы 30 сәуірде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының ұжымы “Ырыскелді қажы” мешітінің аумағында сенбілік өткізіп, Елордамызды абаттандыру мен көгалдандыруға үлес қосты
Қызметкерлер аумақты тазалауға ынтамен қатысты: тұрмыстық қалдықтар жиналды, аумақты қоқыс пен құрғақтықтан тазартты, гүлзарларды ретке келтірді. Келісілген жұмыстың арқасында іс-шараның атмосферасы тек еңбек қана емес, сонымен бірге шын мәнінде мейірімді және біріктіруші болды.Сенбілік аяқталғаннан кейін мешіттің бас имамы қызметкерлерге көрсеткен бастамасы, киелі жерге деген құрметі және тазалыққа қамқорлығы үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ризашылық белгісі ретінде ол…
-

Әзербайжанда ЭЫҰ туризм министрлерінің 7-отырысы өтті
Әзербайжанның Шуша қаласында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің 7-отырысы өтті. Жиынға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков қатысты. Іс-шара «Шуша – Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының 2026 жылғы туристік астанасы» бастамасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында туризмді әртараптандыру, экотуризмді дамыту, өңірлік туристік бағыттарды ілгерілету, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен бастамаларды іске асыру…
-

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА 40 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін Кентау қаласындағы С.Қожанов саябағында Чернобыль апатына 40 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Жорабеков, мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, ардагерлер, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтар және қала тұрғындары қатысты. Жиын барысында 1986 жылғы апат салдарын жою жолында ерлік көрсеткен азаматтардың рухына…
-

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті
А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында Алматы Кітапханалары мен «ByArT» көркемдік студиясының ұйымдастыруымен «Гүлденген мегаполис» атты қалалық көрме өтті. Салтанатты іс-шараға белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет, сондай-ақ, Еуропадан арнайы келген Игор Отченаш, Штепан Франк және София Магариллдің немересі Ариэль Борщевский мен оның отбасы мүшелері – Анастасия Барщевская мен Гуша Джорджи және байқау жеңімпаздары қатысты. Аталған байқау…
-

«Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбы аясындағы Қостанай қаласы мектептеріне онкүндік іс-шаралар циклі
Бүгінгі таңда Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының жетекшілігімен Қостанай қаласы мектептерінің 6-11 сынып оқушылары арасында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбы аясында су ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану мәселелеріне арналған ағартушылық іс-шаралар циклі өтуде. Онкүндік аясында оқушыларға су ресурстарының қазіргі жай-күйі туралы – еліміз бен әлемдегі жалпы туындап отырған қауіп-қатерлер мен оларды сақтау бағытында мемлекет тарапынан…
-

КЕНТАУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ
Бүгін Кентау қаласында «Жалпыұлттық құндылықтар – ел дамуы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар апталығы» байқауы жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында балалар арасында ұлттық ойындар — арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ жарысы өткізіліп, ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмесі көпшілікке тарту етілді. Салт-дәстүрімізді айшықтайтын «Әжелер тағылымы» дәстүрлі көріністер көрсетіліп, ұлттық киімдер сән көрсетілімі өткізілді. Жалпы шара…
-

ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында “Таза Қазақстан” эко бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау және ауылдың көркін арттыру мақсатында су жағалаулары бойында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, ауыл тұрғындарымен бірге тазалық жұмыстарына белсене араласты. Сонымен қатар, қала басшысы тұрғындарды туған жердің тазалығына бейжай қарамай, сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде…
