Санат: Пікір
-

Биіктік белесінде: маңғыстаулық газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары төзімділіктерін сынады
Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері кәсіби шеберлігі мен төзімділігін сынап, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалана отырып, 25-қабатқа жылдам көтерілу нормативін орындады. Жарысқа облыстың өрт сөндіру бөлімшелерінен газ-түтіннен қорғау қызметінің 13 командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Ақтау қаласындағы ТЖБ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы…
-

Боранқұл ауылында «қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 10 қазанда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Боранқұл кенттік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Құралбек Тағабергенов Боранқұл ауылы маңындағы мал шаруашылығы қожалықтарын аралады. Аралау барысында тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу, жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар малды қараусыз қалдырмау, әсіресе…
-

Қала тарихының әрбір бетінің артында есімдері естелік пен құрметке лайық адамдар тұр.
9 қазанда өлкетану залында Е.А. Бигозиновтың авторлығымен жазылған Серебрянск қаласының Құрмет кітабының тұсаукесері өтті.Бұл маңызды оқиға қаланың тарихи және мәдени мұрасын сақтаудағы, еңбегі, таланты және туған жеріне деген сүйіспеншілігі оның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың есімдерін мәңгілікке қалдырудағы тағы бір қадам болды.Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің Мәдениет комитетінің басшысы Геннадий Николаевич…
-

Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін орталықтарының өзгерістерін енгізу жөнінде Алатау-ауданы әкімінің шешімі
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2026 жылғы қазан 05 күнгі № 3 шешіміне № 17 сайлау учаскесі Орталығы: «№160 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарасу шағынауданы, Заводская көшесі, 96. № 18 сайлау учаскесі Орталығы: «№160 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарасу шағынауданы, Заводская көшесі, 96. № 574 сайлау учаскесі Орталығы: «№209…
-

Шымкент қаласына Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцю келді
Шымкент қаласына Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцю келді. Сапар аясында екіжақты кездесу өтіп, онда тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Шымкент қаласы мен Қытай тарапы арасындағы әріптестікті кеңейту перспективалары, өзара тәжірибе алмасу және ортақ мүдделерге бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық…
-

Көкшетауда «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті
2026 жылғы 14 қазанда Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының бастамасымен Көкшетау қаласында «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Тіл саясатын іске асыру және тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету…
-

ТҮРКІСТАН: АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Биыл өңірде 42 ауыз су нысанының құрылысына қаржы бөлініп, оның 11-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 60 мың тұрғыны бар 7 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылып, ауыз су кестемен берілетін тағы 10 елді мекеннің 46 мың тұрғыны таза сумен қамтылады. Түркістан облысында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету, су желілерінің…
-

ТҮРКІСТАНДА «ШЕКСІЗ ӘЛЕМ – ТЕҢ ҚОҒАМ»: ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫҢ ЖІГЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың мәселелерін жүйелі қарастыратын арнайы кеңес құру туралы ұсыныс айтты. Бастама «Шексіз әлем – тең қоғам» атты мерекелік іс-шарада көтеріліп, қатысушылар тарапынан жылы қабылданды. Түркістан қаласында өткен жиын ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың жетістіктерін дәріптеуге, қоғамдағы тең мүмкіндіктерді насихаттауға және әлеуметтік қолдаудың маңызын айқындауға арналды. Іс-шарада облыс әкімі…
-

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР ТӨРТ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Жетісай ауданы, Жылы су ауылдық округіне қарасты Байқоныс елді мекенінде қайыры мол қайырымдылық іс-шарасы өтті. Жетісайлық кәсіпкер Бақыт Төлбасиев өз қаражаты есебінен төрт отбасыға баспана сыйлап, елдің алғысына бөленді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Серік Мамытов елдегі жетімінің маңдайынан сипап, жесірінің қолтығынан демеп қамқорлық көрсетудің, қайырымдылық жасаудың сонау ықылым заманнан бері халқымыздың салт-дәстүрімен біте…
-

Өтеген батыр кентінде мемлекеттік көші-қон саясатын түсіндіру бойынша жиын өтті
Іс-шаралар барысында қарастырылған басты тақырыптар: Елге тұрақты тұруға көшіп келушілер үшін тестілеу және сауалнама өту тәртібі; Қабылдау өңірлеріне қоныстану шарттары; Мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар мен әлеуметтік қолдау шаралары. Жергілікті тұрғындар мен қандастарымызға заңнамалық талаптар мен жеңілдіктер егжей-тегжейлі түсіндіріліп, көкейдегі сұрақтарға толық жауап берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1311769?lang=ru
-

ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу. Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың…
-

Астанада ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндігін дамыту мәселесі талқыланды
Халықаралық ауыл әйелдері күніне орай Астанада Women in Agriculture Development Initiative (WADI) бастамасы аясында екі күндік өңірлік семинар басталды. Жиын ауыл шаруашылығы саласында және азық-түлік өндірісінде еңбек ететін әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуға және табысын арттыруға бағытталды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы мекемелері мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері, сондай-ақ фермер әйелдер қатысып жатыр. Қатысушылар Қазақстандағы ауыл әйелдерінің…
-

Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
Зейнетақы жүйесі – жасқа да, мамандыққа да қарамайтын, барлық адамның басына түсетін маңызды мәселе. Зейнетақы жинақтарының қалай қалыптасатынын түсіну, олардың көлемін бақылау және болашаққа қаржылық жоспар құру – адамның қаржылық тұрақтылығы мен ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена…
-

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар. Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс…
-

Осакаров ауданында аудан әкімінің халықпен кездесулері жалғасуда
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Мирный, Сарыөзек және Пионер ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында тұрғындар электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету, су құбыры желілерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру, ескерткіштерді күтіп ұстау, білім беру нысандарын жөндеу және жабдықтау, басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Коммуналдық қызметтердің жұмысына, қоғамдық аумақтарды күтіп ұстауға және әлеуметтік мекемелердегі жағдайды…
