Санат: Пікір
-

Алтай қаласында 7 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық субөңіраралық ынтымақтастық конференциясы аясында 20-ға жуық шет елдік инвестормен B2B форматында кездесу өтті. Кездесуге аймақ басшысы Берік Уәлидің атынан облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков және тиісті басқармалардың жетекшілері қатысты. Жиын барысында инвесторлар…
-

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін жетілдіру бағытында кешенді жұмыс жүргізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен бұл бағытта нақты шараларды жүзеге асырды. Жаңа тәсілдерді түсіндіру мақсатында жергілікті…
-

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды
Қазақстан Республикасының Президенті 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізудің жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Стратегия алдағы жылдарға арналған елдің технологиялық дамуының басты құжатына айналады және жаһандық цифрлық трансформация жағдайында мемлекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындайды. Стратегиялық құжат елдің технологиялық ұлт құру жолын белгілеп, нақты…
-

Уақытша депутаттық комиссия «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысымен танысты
Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия Мақтаарал ауданындағы стратегиялық маңызы бар «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарымен танысуға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, А.Үмбетәлиев, Н.Әжіметов, Ж.Қанаев, Б.Серманизов, Д.Егамбердиева, Е.Ералиев, Ж.Құрақбаев қатысты. Іссапар барысында депутаттар теміржол желісінің құрылыс алаңдарын…
-

Құпия код сөз, Passkeys және қауіпсіздік кілті: алаяқтардан қорғану үшін не істеу керек
Елордада интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Желіде кең таралған алаяқтық схемалары мен олардан сақтану жолдары туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Азат Тастанов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Спикердің айтуынша, интернет-алаяқтыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін АНТИФРОД жүйесі енгізілді.…
-

Уақытша депутаттық комиссия «Сарыағаш айналма жолы» құрылысының барысымен танысты
Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия жұмыс сапарын Сарыағаш ауданында жалғастырды. Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, А.Үмбетәлиев, А.Салимов, Б.Басымбек, У.Рахиев, Н.Әжіметов, Ж.Қанаев, Б.Серманизов, Д.Егамбердиева, Е.Ералиев, Ж.Құрақбаев «Сарыағаш айналма жолы» құрылысынан Көктерек елді мекеніне және Сарыағаш қаласына шығатын транспорттық қиылыс құрылыс жұмыстарымен танысты.…
-

Депутаттар Мақтаарал және Сарыағаш аудандарындағы инфрақұрылымдық жобалар бойынша қорытынды жиын өткізді
Уақытша депутаттық комиссия Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданында жиын өткізді. Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, А.Үмбетәлиев, А.Салимов, У.Рахиев, Ж.Қанаев, Д.Егамбердиева, Ж.Құрақбаев, Сарыағаш ауданының әкімі А.Абдуллаев, Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасы Р.Асылбекұлы, аудан әкімі орынбасарлары мен тиісті бөлім басшылары,…
-

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы су ұңғымаларына қатысты мәселелер талқыланды
Сарыағаш ауданында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың төрағалығымен «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жолданған өтініште көрсетілген өзекті мәселелер бойынша арнайы жиын өтті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары А.Умбеталиев, А.Салимов, Ж.Сүлейменов, У.Рахиев, Д.Егамбердиева, Сарыағаш ауданының әкімі А.Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Р.Асылбекұлы, аудандық полиция басқармасының бастығы Д.Нұсқабеков, облыстық салалық басқармалар мен департаменттердің басшылары және жауапты мамандары,…
-

Ақмола облысы бойынша Омбудсменнің өкілі психикалық денсаулық орталығының балалар бөлімшесіне барды
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнар Жанбекова Омбудсмен жанындағы «Еркіндік Рухы» ҚБ Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Аяулым Дарханбекпен бірге Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығының балалар бөлімшесіне барды. Сапардың мақсаты — емдеу және оңалтудан өтіп жатқан кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Шығу барысында балалардың тұру жағдайларына,…
-

Бейбіт Исабаев: «Биыл Талдықорғанның барлық негізгі 11 көшесі жөнделеді»
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бүгін Талдықорған қаласындағы жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді. Өңір басшысының айтуынша, биыл облыс орталығындағы негізгі 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қаланы аралау барысында облыс әкімі Шевченко, Ескелді би және Даиров көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жөнделіп жатқан учаскелердің жалпы ұзындығы…
-

Туризм саласын дамыту мәселесі қаралды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, онда туризм саласын дамыту мәселесі жан-жақты қаралды. Аудан басшысы туризм аудан экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін маңызды сала екенін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жан-жақты жандандыру керектігін жеткізді. Бұл жұмыстар мемлекеттік саясат аясында да жан-жақты қолдауға ие болып келеді. Мемлекет басшысының шетелдік…
-

Business.enbek.kz порталында 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттардың бірінші легіне өтінім қабылдау басталады
Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі. Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың…
-

Қарағандылық жас әнші халықаралық байқауда Гран-при иеленді
Қарағанды қаласының тумасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті әрі Кеншілер мәдениет сарайы жанындағы «Шабыт» вокалдық студиясының тәрбиеленушісі Мархабат Мұрадәлі XXVIII халықаралық Boztorgai – 2026 байқауының Бас жүлдесін жеңіп алды. Алматы қаласында өткен шығармашылық додаға Қазақстан, Армения, Грузия, Болгария, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытайдан 700-ден астам қатысушы жиналды. Мархабат музыкаға бала кезінен қызығып келеді. Бүгінде ол оқуын…
-

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға тиісті мекемелердің басшылары мен жауапты сала өкілдері қатысып, балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасы жағдайына байланысты туындайтын мәселелерді шешу бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Комиссия отырысына балалардың жазғы демалысы кезінде…
-

Құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері МКК ұйымдастырған семинарда талқыланды
2026 жылғы 28–29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының басшысы Мадина Жанғұрчинова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментінің директорының қатысуымен Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар құқық қолдану және сот тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылап, даулы жағдайларды шешудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың соттардағы құқықтық ұстанымдарын нығайту мәселелерін…
