Санат: Пікір
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы Анонс
19.06.2026 жылы сағат 15:00-де Соколовка ауылы, Абай көшесі, 15 мекенжайы бойынша “СҚО Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты”КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау жүргізу жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (71538) 31874 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-sokolovsk/press/news/details/1240058?lang=ru
-

Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады
Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Рахманмен екіжақты кездесу өткізіп, еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан индонезиялық студенттермен және түлектермен жүздесті. Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым…
-

Ауыл мектебінен басталған инновациялық бастама
Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында білім беру мен ғылымды ұштастыруға бағытталған тың жобалар табысты жүзеге асырылуда. Соның бірі – оқушылар мен педагогтердің бірлескен еңбегі нәтижесінде әзірленген электромобиль құрастыру жобасы. Аталған жоба білім алушылардың инженерлік-техникалық қабілеттерін дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға және заманауи технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруіне мүмкіндік беріп отыр. Теориялық білімді практикамен ұштастырған оқушылар жаңашыл идеяларын іске…
-

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады. Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай…
-

Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі.
Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Грант бір рет қана беріледі және оны әр азамат тек бір мәрте ала алады.Конкурсқа жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке…
-

Қазақстан мен Сингапур архив ісін дамытуға қатысты жаңа бастамаларды талқылады
Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері Сингапур Ұлттық архивінің делегациясымен кездесті. Кездесуде архив ісін дамыту және осы бағыттағы әріптестікті нығайту мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, тараптар архив қорларын сақтау, құжаттарды цифрландыру және электронды архив жүйелерін енгізу мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жұмысы таныстырылды. Делегация мүшелеріне реставрация және консервация зертханалары…
-

Қазақстан Республикасының Заңы
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-zharkamys/press/news/details/1240097?lang=ru
-

«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы
Бүгін «Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел…
-

2026 жылғы 12 маусымда Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №62 түзеу мекемесінде құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді.
2026 жылғы 12 маусымда Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №62 түзеу мекемесінде құқықтық көмек көрсету акциясы өткізілді. Іс-шараға Адвокаттар алқасының адвокаты Б. Бегаев және Нотариаттық палатаның нотариусы С. М. Нұрмағанбетова қатысты. Акция барысында сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1240101?lang=ru
-

ТӨЛЕБИ ЖӘНЕ ПАРКЕНТ: ТУРИЗМ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР НЫҒАЯДЫ
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың Өзбекстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Ташкент облысының Бостанлық ауданының туристік әлеуетімен танысу жұмыстары жалғасты. Іс-сапар барысында делегация Ташкент облысының Паркент ауданында болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық және туристік даму бағыттарымен танысты. Кездесу барысында екі өңір арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамыту, туризм саласындағы тәжірибе алмасу, кәсіпкерлік және мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту…
-

«Есіктен-есікке» акциясы Михайличенково ауылында өтті
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы «AMANAT» партиясы Бородулиха аудандық филиалының атқарушы хатшысы Э.Т.Конорбаевпен бірге Михайличенково ауылындағы «Новая Заря» ЖШС-де «Есіктен-есікке» акциясын өткізді. Акция барысында референдумның маңызын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, алдағы маңызды шешімдерге саналы түрде қатысуына ықпал етеді. Сонымен қатар, ұйымға ақпараттық-түсіндірме материалдары таратылып,…
-

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!
Құрметті аудан тұрғындары! Ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Қымбатты балақайлар! Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – балалардың құқықтарын қорғауға, олардың жарқын болашағын қамтамасыз етуге және өскелең ұрпаққа деген қамқорлықты арттыруға бағытталған ерекше күн. Балалар – әрбір отбасының бақыты, еліміздің ең қымбат қазынасы әрі мемлекетіміздің жарқын болашағы. Сондықтан жас…
-

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен кездесті
Кездесуде Сот сараптамалары орталығы мен оның 20 аумақтық филиалының 2023–2025 жылдардағы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.Талдау Агенттік пен Әділет министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде, 2026 жылғы ақпан–мамыр айларында жүргізілген болатын.Нәтижесінде шамамен 70 тәуекел анықталып, 55 ұсыным әзірленіп, олардың бір бөлігі талдау барысында іске асырылды.Кездесу қорытындысы бойынша Ғылыми-әдістемелік кеңестің қызметін және валидация жүргізу…
-

Топиха ауылында хоккей кортының құрылысы басталды!
Спорттық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың белсенді демалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында Топиха ауылында хоккей кортының құрылысы басталды. Жаңа спорт нысаны хоккеймен айналысуға, жаппай коньки тебуге және түрлі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру балалар мен жастарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ауыл тұрғындарының белсенді демалысын ұйымдастыруға қосымша жағдай…
-

Қарағандыда полиция қызметкерлері екі қылмыстың бетін ашты
Қарағандыда қылмыстың ізін жасыру мақсатында автокөлікті өртеп жіберген күдікті ұсталды. Таңғы уақытта 63 жастағы ауыл тұрғыны өзіне тиесілі автокөліктің отқа оранғанын байқап, полицияға жүгінген. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. Кадрларда таңғы сағат бестер шамасында белгісіз ер адамның тұрақта тұрған көлікке жақындап, жүргізуші есігінің әйнегін сындырғаны көрінеді. Кейін ол…
