Санат: Пікір
-
Швейцарияда кеңес жауынгерлерін еске алды
Базель, 2025 жылғы 9 мамыр — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Швейцариядағы Қазақстанның Елшісі Қайрат Саржанов пен Елшілік қызметкерлері Базель қаласындағы Германия шекарасына жақын орналасқан «Хёрнли» зиратындағы кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. 1966 жылы орнатылып, 2008 жылы жаңартылған бұл ескерткіш Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Швейцарияда қаза тапқан 23 кеңес…
-
«Ерлік елге мұра, ұрпаққа – ұран» Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шара Құрық ауылында өтті
⚜️9 мамыр күні Құрық ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік елге мұра, ұрпаққа – ұран» атты салтанатты шара өткізілді. ⚜️Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тыл және соғыс ардагерлері, аудандық мәслихат төрағасы, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары, жастар мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында майдан даласында мерт болған боздақтардың…
-
Ерлік пен қайсарлықтың үлгісі: елордада 9 мамыр күні ҰОС ардагеріне құрмет көрсетілді
Астананың Алматы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді. Жеңіс күні Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі үйдің ауласында майдангерге әскери оркестрдің қатысуымен нағыз мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. ҰОС ардагерінің құрметіне арналған шараны Алматы ауданы әкімдігі мен Қазақстан Қарулы Күштерінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы ұйымдастырды.Майдангерді құттықтауға туған-туыстары, көршілері, мектеп…
-
Талғат Орынбасар алғаш рет Grand Slam финалына шықты
Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық дзюдо турнирінде Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол отандасы Аман Бақытжанды жеңіп, алғаш рет Grand Slam турнирінің финалына шықты. Турнирдің финалдық белдесулері бүгін, 9 мамыр күні, сағат 17:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/992697?lang=kk
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді. Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында…
-
Ерлік пен жігер, естелік пен рухтың мерекесі: Бородулиха ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйге өтті
Ерлік пен жігер, естелік пен рухтың мерекесі: Бородулиха ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйге өтті 9 мамыр күні Бородулиха ауылындағы ипподромда мерекелік митингтен кейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ұлттық және ат спорты түрлері бойынша ашық жарыстар өтті. Бұл мерекелік шара «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» ұранымен өтті. Бұл – 2019 жылдан бері аудандық…
-
Жылдар жаңғырығы: Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын Нью-Делиде атап өтті
Нью–Дели, 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Есқараев пен Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Үндістан астанасындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шара Үндістандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің аумағындағы мемориалда өтіп, ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Елші Азамат Есқараев…
-
Мәслихат депутаттары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шараға қатысты
Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары Б.Абдрахманов, Ш.Ибраев, Д.Кәкімжанов, А.Данабек, И.Осипова Тайтөбе ауылындағы Р.Қошқарбаев атындағы саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шараға қатысты. Мерекеге орай ұйымдастырылған жиынды қала әкімі Азамат Есімұлы құттықтау сөзімен бастап, жиналған жұртшылықты 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады. Одан кейін Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Нұрқасым Әжітаев және аға буын өкілдері,…
-
ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ БИЫЛ ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа жылу-электр орталығы биылғы жылдың төртінші тоқсанында толық іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл – өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әрі тұрғындарды тұрақты жылумен қамтуға мүмкіндік беретін маңызды жоба. Жылу-электр орталығының іске қосылуы – қала инфрақұрылымын жаңартуға, жылу тапшылығын жоюға және экологиялық тиімділікті арттыруға бағытталған ауқымды қадам. Сонымен қатар бұл жоба жаңа…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес 2025 жылдың маусым айының 09-ы күні сағат 1500-де Жансүгіров ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында …
-
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН АШЫЛДЫ
Шиелі ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңа кәсіпкерлік нысан өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды бағдарлама. Соңғы үш жыл ішінде Шиелі ауданында аталған жоба аясында жалпы құны 968,1 миллион теңгені құрайтын 135 жоба…
-
СЫР ЕЛІНДЕГІ СОНЫ СЕРПІЛІС: СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ОРТАЛЫҚ
Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтеріп жатқан тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысы аяқталуға таяу. Бұл жобаны Сырдың бай тарихы мен рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды жоба деп айтуға негіз бар. Орталықтың ашылуы Қызылорда облысының мәдени өміріне жаңа серпін беріп, тұрғындар мен қонақтарға Сыр бойының терең тарихымен танысуға мүмкіндік жасайды. Мұнда археологиялық жәдігерлер, этнографиялық экспонаттар, тарихи құжаттар…
-
РАЙЗО БАЙДАЛЫҰЛЫНА«ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ
РАЙЗО БАЙДАЛЫҰЛЫНА«ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абуталипов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов ауданымыздың Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының үздігі Райзо Байдалыұлы Шәділбековтің шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Кездесу барысында аудан басшысы Мемлекет басшысының атынан…
-
Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлері мерекелік медальмен марапатталды
⚜️8 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін, бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған ардагерлерге құрмет көрсетілді. ⚜️Атап айтқанда, 91 жастағы Көшенұлы Тұрсынғали, 93 жастағы Мамаева Бақыт және 96 жастағы Мұратов Жеткізген Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды. Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан…
-
Айыртау ауданында құрғақ бие сүтін шығаратын зауыт салынуда
Құны шамамен 3 миллиард теңге болатын кәсіпорын тамыз айында жұмысын бастайды. Құрылыс өткен жылдың қараша айында басталып, 70% орындалды. «Север Агро LTD» ЖШС директоры Ерболат Каленовтың айтуынша, жұмыстар кестеден озып келеді. Қазір едендерді төсеу аяқталуда, екі өндірістік ғимарат салынды, жылу трассалары салынды, Газгольдер орнатылды. Жылқылар шілде айында әкеліне бастайды — саууға үйретілген. Осы уақытқа дейін…