Санат: Пікір
-

Жалағашта «Harvest agro» компаниясының агроөнеркәсіптік кластер жобасы қарқынды жүзеге асырылуда
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде егіс алқаптарын аралады. «Харвест Агро» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және соя өсіру, оларды қайта өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік кластер жобасының қазіргі жай-күйімен танысты. Жобаға Қаракеткен ауылдық округінен 22,5 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Оның 5 мың гектарына жүгері, 2 мың гектарына мақсары егілген, 142 жаңбырлатып суару қондырғысы…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСАНДЫ ЖАҢБЫР ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында жасанды жаңбыр жауғызу технологиясының пилоттық жобасын іске асыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Кездесу барысында өңір басшысы су ресурстарын тиімді пайдалану, егін алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету және заманауи технологияларды енгізу өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне…
-

Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өндірушілер үшін сауда стратегиясы бойынша ұсынымдар 13.07.2026
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі. Дәнді дақылдар Қазақстанның астық нарығына қатысушылардың мәліметінше, шілде айының басында сатып алу белсенділігі қалыпты деңгейде сақталды. Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан ұсыныс әлі де шектеулі күйінде қалып отыр. тг/кг, ҚҚС-пен, элеватордан Ағымдағы орташа баға (элеватор) Өзгерістер Ұсынымдар Ең жоғары Ең төменгі жұмсақ бидай 3 кл,…
-

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Талдықорған қаласының Рақышев және Алдабергенов көшелерінің қиылысында орналасқан коммуналдық базар аумағында әр аптаның сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін еске саламыз. Сондай-ақ, Жетісу облысының аудан орталықтарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдерінің өзіңізге қажеттісін таңдап алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-ayul/press/news/details/1256928?lang=ru
-

ТЖМ басшысы Талғар қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысының Талғар қаласында жаңа №17 өрт сөндіру бөлімін салтанатты түрде ашты. Іс-шараға сондай-ақ облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, гарнизон басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Іс-шара барысында министр азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа өрт сөндіру депосының, заманауи өрт-құтқару техникасының және қызметтік тұрғын үйдің кілттерін табыстады. Бөлімшенің жарағына өрт…
-

Елордалық құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу шараларын еске салды
Астанада балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыс жүріп жатыр. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, тұрғындар арасында тұрақты түрде түсіндіру рейдтерін өткізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жыл басынан бері елордада 250-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында тұрғындарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар қамтылған 4 500-ден астам ақпараттық…
-

Бір сәтке көзден таса қалдыру баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін: елордалық дәрігер ата-аналарға үндеу жасады
Жыл сайын жаз мезгілінде елордалық дәрігерлер ата-аналарға балалар үшін маусымдық ең үлкен қауіптердің бірі – терезеден құлау оқиғалары туралы ескертіп келеді. Мектеп демалысы кезінде мұндай жағдайлар жиілей түседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Мұндай оқиғалардың басым бөлігінің алдын алуға болатын еді. Қайғылы жағдайға ересек адамның телефон қоңырауына алаңдауы, үй шаруасымен айналысуы немесе басқа бөлмеге…
-

Су саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде 975 тұрақты жұмыс орны ашылады
Су ресурстары және ирригация министрлігі Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында Қазақстанның барлық өңірінде гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырып жатыр. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 975 тұрақты және 1866 уақытша жұмыс орны құрылады. Бұл шара су шаруашылығы нысандарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге және су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған. «Жаңа…
-

Алматы облысында 65 мыңнан астам тұрғынға қызмет ететін жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Алматы облысының Талғар қаласында №17 өрт сөндіру депосы ел игілігіне берілді. Заманауи нысан 65 мыңнан астам тұрғынды өрттен қорғауға мүмкіндік береді. Ғимарат халықаралық талаптарға толығымен сай келеді. Мұнда арнайы техникаларға арналған кең көлікжай, жөндеу шеберханалары, оқу сыныптары, спортпен шұғылдануға арналған бөлмелер, демалыс орындары және соңғы үлгідегі радиобайланыс пункті қарастырылған. Сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына да…
-

ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді
Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады. Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді,…
-

Ұлттық ұландағы сирек дауыс: Жас сарбаз ерлер хорына шақырту алды
Ұлттық ұлан қатарындағы сарбаз Артём Шеремет өзінің сирек кездесетін бас дауысымен мамандардың қызығушылығын тудырды. Елордадағы бригаданың оқу пунктінде даярлықтан өтіп жатқан жас жауынгердің қою әрі терең тембрін бағалаған мамандар оған Ұлттық ұланның ерлер хорымен бірге өнер көрсетуге ұсыныс жасады. Артём әскерге дейін «RockNRust» рок тобында ән айтып, экстремалды вокал тәсілі — гроулингті меңгерген. Сондай-ақ аниме…
-

Қызылорда облысында Ішкі істер органдарының Ардагерлер кеңесі төрағаларының көшпелі отырысы өтті
Жалағаш ауданындағы «Руханият» орталығында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағамбетовтың бастамасымен «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында қала және аудандық ішкі істер органдарының Ардагерлер кеңесі төрағаларының көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қала және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Көшпелі отырысты Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек…
-

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды
Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамаларын өңірде іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған Абай облысы әкімінің…
-

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ КЕЛБЕТІН САҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар «Цитадель» қамалының шығыс қақпасы мен шығыс мұнарасы аралығындағы зақымданған бөліктерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Уақыт өте келе пайда болған жарықтар мен сылақ қабатының бүлінуіне байланысты ғылыми-реставрациялық жұмыстар қолға алынған. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкеновпен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен «Цитадель» қамалындағы…
-

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті жұмыс сапары барысында бірқатар көшелерді аралап, жол құрылысы және қалпына келтіру жұмыстарының орындалу барысын тексерді. Қазіргі таңда 20 көшеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы биыл 180 көшеде жол жөндеу жұмыстарына сараптама қорытындысы алынып, қаржының мүмкіншілігіне сәйкес жұмыстар…
