Санат: Пікір
-

Ақтауда теңіз жағалауынан 30-ға жуық заңсыз орналастырылған палатка тәркіленді
Ақтау қаласында жазғы маусым кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету, заңсыз кәсіппен күресу мақсатында теңіз жағалауларында рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Кезекті рейдтік іс-шараны Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты мен Ақтау қалалық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің өкілдері ұйымдастырды. Рейд барысында «Ақжелкен» тұрғын алабындағы теңіз жағалауында заңсыз орналастырылған палаткалар…
-

Жарқайың аудандық мәслихатының жария тыңдауы өтті
Бүгін Жарқайың аудандық мәслихатында жария тыңдау өтті. Жария тыңдауды аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі Раимбек Сұлтанхамитұлы Мұқанов ашып, жүргізді. Іс-шараға Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Арай Әбенова қатысты. Тыңдау барысында Ушкарасу ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын жекешелендіру және Державинск қаласындағы тарихи-өлкетану музейі ғимаратын жекешелендіру мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Ушкарасу ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын және Державинск қаласындағы…
-

Чекті міндетті беру және БКМ қолдану
💳 Ақшалай есеп айырысу: Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерге қолма-қол ақша, төлем карточкалары немесе мобильді төлемдер арқылы төлем жасау. Кез келген ақша алу – ақшалай есеп айырысу болып саналады. 🧾 БКМ чегі деген не: Контрольно-кассалық машина чегі — төлем фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты. Шығарылады: * Қағаз түрінде; * Электронды түрде ККМ немесе «Е-Салық Бизнес» мобильді…
-

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕП МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫН ЕНГІЗЕДІ: БАСТЫ НАЗАРДА – ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ САПАСЫ
Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде биыл жаңа стандарттар енгізілуде. Олар оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізуді цифрландыруды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын диагностикалық жабдықтар жиынтықтарымен қамтамасыз етуді және орта буын медицина қызметкерлерін оқытуды көздейді. «Бүгінде профилактикалық тексерулерді жай ғана өткізу емес, олардың жоғары сапасын қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін медицина қызметкерлерін жаңа тәсілдерге оқытып, оларды заманауи диагностикалық құралдармен қамтамасыз…
-

Қазақстандық астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңде астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады. Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Аталған кезеңде экспорт көлемі 11,6 млн тоннаны құраған. Экспорт көлемінің өсуіне негізінен Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жеткізілімдердің артуы ықпал етті. Атап айтқанда,…
-

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,7 млн гектар алқапқа өңдеу жүргізілді
Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 9-шілдедегі жағдай бойынша болжанған 2,2 млн гектар алқаптың 1,7 млн гектары немесе 76,2%-ы өңделді. Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Барлық қажетті іс-шаралар уақтылы әрі толық көлемде орындалуда. Шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау мақсатында қазіргі уақытта Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы…
-

Өңірлік коммуникациялар қызметінде еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша брифинг өтті
Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы А. Қапановтың еңбек заңнамасының сақталуы және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған брифингі өтті. Брифинг барысында мемлекеттік еңбек инспекциясының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары, мемлекеттік бақылау нәтижелері, жалақы бойынша берешекті өтеу, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз…
-

University of Arizona президенті Nazarbayev University-дің ғылыми инфрақұрылымымен танысты
University of Arizona президенті Nazarbayev University-дің ғылыми инфрақұрылымымен танысты Nazarbayev University-ге University of Arizona президенті доктор Суреш Гаримелла келді. Кездесу барысында тараптар бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос диплом бағдарламаларын іске қосу мәселелерін қоса алғанда, академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. University of Arizona Қазақстанмен жоғары білім беру саласындағы серіктестікті белсенді дамытып келеді. 2022…
-

Міндетті медициналық қарап-тексерулері (скринингтері) туралы еңбек заңнамасы бойынша түсіндірме
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің, Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлердің міндетті медициналық қарап-тексерулері (скринингтері) туралы еңбек заңнамасы бойынша түсіндірме берді. Толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз орысша https://www.facebook.com/share/v/1D687rAjNz/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1255930?lang=ru
-

2026 жылғы 9 шілдеде Жарқайың ауданында құқықтық оқу отырысы өтті.
Дөңгелек үстел форматында өткен жиынды Жарқайың аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Шыңғыс Қанафин ашып, жүргізді. Іс-шараға Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Дулат Сыздықов қатысты. Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес күн тәртібінде «Ауданда жайылымдарды басқару жоспарының іске асырылуы туралы» мәселе қаралды. Отырыс барысында жайылымдарды тиімді пайдалану, оларды басқару жоспарының орындалу барысы және осы бағыттағы…
-

ШҚО-да электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа заңнамалық талаптар түсіндірілді
ШҚО-да электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа заңнамалық талаптар түсіндірілді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр самокаттарының қатысуымен жол қозғалысы ережелерін реттейтін маңызды заңнамалық түзетулер күшіне енді. Осыған байланысты, бүгін ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бизнес өкілдері мен қолданушыларға қойылатын жаңа талаптарды түсіндіру мақсатында ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшылығының қатысуымен брифинг өтті. Кездесу барысында электр…
-

Санитариялық нормаларды сақтау және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Халық денсаулығын қорғаудың маңызды бағыттарының бірі – азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау. Қауіпсіз әрі сапалы тағамды тұтыну – жұқпалы аурулардың, тағамнан уланудың және денсаулыққа зиян келтіретін өзге де жағдайлардың алдын алудың негізгі кепілі. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, дайындау және өткізу кезеңдерінің барлығында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тікелей байланысты.…
-

Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізуге арналған мамандандырылған орындар
Бейбіт жиналыстар немесе шерулер өткізуге арналған мамандандырылған орындардың тізбесі № Мамандандырылған орынның атауы Уақыты Шекті толымдылық Жағдайы 1. Абай көшесіндегі Абай ескерткіші алдындағы гүлзар 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін 1000 адам Бос емес 2. Абай көшесіндегі Ленин кинотеатрының артындағы гүлзар 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін 1000 адам Бос емес 3. «Жаңа Майқұдық» МҮ артындағы…
-

Сарқанда су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Сарқан ауданында сала мамандарына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы Есжанов қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде су шаруашылығы – өңірдің тұрақты дамуы мен табиғи ресурстарды тиімді басқаруда маңызды орын алатын стратегиялық сала екенін атап өтіп, мамандардың жауапты еңбегіне…
-

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Әуезов ауданы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы азаматтарды жаңа мекенжайда қабылдайды
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары! Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Әуезов ауданы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы азаматтарды жаңа мекенжайда қабылдайды. Мекенжай: №117 жалпы білім беретін мектеп, Жетісу-2 ықшамауданы, 8Б үй. Қабылдау барысында қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтарын қорғау, бала асырап алу және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша кеңес ала аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1255936?lang=ru
