Санат: Пікір
-

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мұрат еткен сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрмет пен ризашылыққа лайық. Тәулік демей, уақытпен санаспай атқаратын жауапты қызметтеріңіздің арқасында мыңдаған азаматтар дер кезінде ем алып, сауығып, өмірге деген сенімін нығайтып келеді. Бүгінде Целиноград ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл…
-

ТҮРКІСТАНДА ЕСКЕК ЕСУДЕН ЖАЗҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына қорытынды іріктеу жарыс саналады. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худяров қатысып,…
-

Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді 20 маусым күні сағат 09:00-де Түркістан қаласында өтетін жәрмеңкеге шақырамыз! Өтетін орны: Түркістан қаласы, Шауғар секторы, Б. Момышұлы атындағы №22 мектебінің автотұрағы. Жәрмеңкеде «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорының тауарлары нарықтағы бағадан 20-30 пайыз қолжетімді арзандатылған бағада ұсынылады. Баршаңызды жәрмеңкеге келіп, сапалы тауарларды тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1242792?lang=kk
-

2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2025 жылғы 11-ші қарашада 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының және конкурстық құжаттаманың талаптарына…
-

Алматының медициналық ұйымдары — еліміздегі үздіктердің қатарында
Алматыда «Мемлекеттік тіл — менің тілім» және «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» атты республикалық байқауларының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатарында Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар бар. №9 қалалық емхана «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін үздік ұйым» аталымы бойынша жүлдегер атанды, ал «Алау» оңалту орталығы «Үздік оңалту ұйымы» аталымы бойынша II орын алды.…
-

Алматыда алғаш рет емхана деңгейінде тәулік бойы жұмыс істейтін МРТ кабинеті ашылды
Алматыда заманауи медициналық диагностиканың қолжетімділігін арттыру бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды. 2026 жылғы 16 маусымнан бастап №32 Қалалық емхана базасында қаладағы алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинеті өз жұмысын бастады. Бұған дейін түнгі уақытта МРТ зерттеуінен өту мүмкіндігі негізінен ірі стационарларда ғана қолжетімді болса, енді мегаполис тұрғындары жоғары технологиялық диагностикалық тексеруден…
-

«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім». Балалар номофобия шырмауында
Алматының психологтары ақыл-естің дамуын тежейтін, балалардың сөйлеу және ойлау қабілетін шектейтін номофобия және гаджетоманияға шалдығу жиілегеніне алаңдайды. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының балалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Александрова ата-аналарға баланың бос уақытын бақылап, телефонға тәуелділік дертінің асқынуына жол бермеуге шақырады.Цифрлық дәуірдің көзге көрінбейтін дерті номофобия сөзі ағылшын тілінен аударғанда «ұялы телефонсыз, ғаламторсыз немесе байланыссыз қалудан қорқу…
-

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ПАНКРЕАТОДУОДЕНАЛДЫ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
Шымкент қалалық көпбейінді онкологиялық орталығында алғаш рет ұйқыбездің қатерлі ісігі бар пациенттерге лапароскопиялық панкреатодуоденалды операция сәтті жасалды. Бұл онкохирургиядағы ең күрделі әрі жоғары технологиялық хирургиялық араласулардың бірі болып саналады. Өңірде жаңа әдісті енгізу мақсатында Шымкентке Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медицина орталығының тәжірибелі онкохирургтері келіп, жергілікті мамандарға арналған мастер-класс өткізді. Лапароскопиялық панкреатодуоденалды операцияның ерекшелігі – дәстүрлі…
-

2026 жылғы 16 маусымдағы туризмді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Туризм басқармасы 2026 жылғы 16 маусымда өңірдің туристік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында туризмді дамыту, туристік қызметтердің сапасын арттыру және өңір қонақтары үшін жаңа тартымды нысандар қалыптастырудың өзекті мәселелері қаралды. Мәдени туризмді дамытуға ерекше назар аударылды. Облыс әкімі музейлердің, театрлардың және тарихи-мәдени нысандардың туристік әлеуетіне…
-

Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті
Бүгін Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетпен (ЕБХК) және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп…
-

Қазақстан мен Әзербайжан Бас штабтарының бастықтары ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров пен Әзербайжан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Әзербайжан армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Керім Велиевтің кездесуі өтті. Келіссөздер Қазақстан астанасында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Қарулы күштері штабтары бастықтары комитетінің отырысы аясында өтті.Кездесу барысында…
-

Қазақстан мен Қытай кітап шығару және аударма саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығында «Қазақстанның баспа ісі: ұлттық әдебиетті әлемдік кеңістікке таныту» атты шығармашылық кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны ұсынылған 32-ші Бейжің халықаралық кітап көрмесіне қазақстандық делегацияның қатысуы аясында ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – қазақстандық әдебиетті, кітап мәдениеті мен ұлттық мәдени мұраны шетелде кеңінен насихаттау. Іс-шараны Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы,…
-

Астанада «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі» қалалық форумы өтті
Астанада Әкелер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі» тақырыбында қалалық әкелер форумы ұйымдастырылды. Форумның мақсаты – қоғамдағы әке институты мен отбасы құндылықтарын нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігінің маңызын дәріптеу және ұлттық құндылықтарға негізделген саналы ұрпақ тәрбиесіне ықпал ету. TEDx форматында өткен іс-шараға мемлекеттік органдардың…
-

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 41-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 41-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2026 жылдың 17 маусымы күні аудандық мәслихаттың кезекті 41-ші сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы ашып жүргізді. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиев,…
-

Карусель баланың өмірін қия жаздады: алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды
Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері балалар алаңындағы карусельден құлап, ауыр жарақат алған 9 жастағы баланың өмірін сақтап қалды. Бүйрегі жыртылып, ағзасынан айырылып қалу қаупі төнгеніне қарамастан, мамандар оның жағдайын тұрақтандырып, зақымданған бүйрегін сақтап қалды. Дәрігерлердің айтуынша, бала жедел жәрдем қызметімен ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Оған бірнеше ауыр жарақат диагнозы қойылды: сол…
