Санат: Пікір
-

ТҮРКІСТАНДА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ БАР «АСТАНА» САЯБАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістанда Рәміздер алаңы бар «Астана» саябағының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, жауапты басшылар мен мердігер компания директорына тапсырмалар берді. – Жоба жоспарға сай жүзеге асырылуы керек. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да сапалы атқарылсын. Қатаң қадағалауда болады, – деді Нұралхан Көшеров. Жалпы саябақ аумағына 20,2 гектар жер бөлінген. Онда Рәміздер алаңы,…
-

ҚАЛА КҮНІ: SHYMKENT CITY ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ
Қала күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполис тұрғындары және қонақтарымен бірге Shymkent City шағынауданындағы жаңа саябақтың ашылу рәсіміне қатысты. Аумағы 4,2 гектарды құрайтын жобаны іске асыру нәтижесінде қаладағы ең ірі қоғамдық кеңістіктердің бірі қалыптастырылып, тұрғындардың демалысына, серуендеуіне және бос уақытын белсенді өткізуіне арналған заманауи орын пайдалануға беріліп отыр. Абаттандыру жұмысы аясында жаяу жүргіншілер…
-

Шымкентте құтқарушылар су айдындарында түнгі рейд өткізді
Шымкент қаласында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері су айдындарында түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау. Рейд барысында мамандар су жағалауларындағы жағдайды бақылап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Сондай-ақ тыйым салынған орындарда шомылу деректерінің алдын алу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары демалушыларға…
-

Алматыда португал музыкалық аспаптарын қазақтың халық музыкалық аспаптар музейіне тапсыру рәсімі өтті
2026 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Португалия Республикасының Ұлттық күніне, сондай-ақ португал ұлттық музыкалық аспаптарын Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейіне табыстау рәсіміне арналған іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараны Қазақстандағы Португалия Елшілігі ұйымдастырды. Өз сөзінде Елші аталған іс-шараның…
-

«Білім беру саласындағы заманауи мемлекеттік қызметші»: Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында дөңгелек үстел өтті
Астана қаласының Білім басқармасында «Білім беру саласындағы заманауи мемлекеттік қызметші» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы беделін нығайту және заманауи мемлекеттік қызметшінің рөлі мен құндылықтарын талқылау болды. Іс-шараны Астана қаласы…
-

Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Балқашта Balkhash Tour Fest-2026 фестивалі мен Халықаралық волонтёрлер жылына орай ұйымдастырылған Халықаралық еріктілер форумы өтуде. Балқаш көлінің жағалауындағы ауқымды іс-шара Қазақстан, Түркия, Үндістан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген жастардың басын қосты. Көл жағалауында Балқаш өңірінің бірегей табиғатын бейнелейтін жаңа көрнекі нысан – «Балқаш жолбарыстары» пайда болды. Мүсіндік композиция бір кездері Балқаш маңын мекендеген Тұран…
-

Астанада «Халық заңгері» акциясы өтті
Елордадағы Еңбек мобильдігі орталығында Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара барысында 90-нан астам қала тұрғыны заңгерлік мәселелер бойынша кеңес алды. «Акция жұмысына 18-ден астам мемлекеттік орган мен салалық ұйымның өкілдері қатысты. Жыл басынан бері 800-ден астам азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Осындай ведомствоаралық өзара іс-қимылдың арқасында астаналықтар…
-

8 ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 3 ЕСЕГЕ ӨСІП, 5 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
8 ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 3 ЕСЕГЕ ӨСІП, 5 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ Биыл Түркістан облысының құрылғанына 8 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында өңірде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, экономиканың негізгі салаларында тұрақты өсім қалыптасты. Мемлекет басшысының қолдауымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңның қабылдануы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына…
-

Ташкентте Қазақстанның шетелдік серіктестермен инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары қаралды
Өзбекстан Республикасына бесінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу аясындағы сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шет мемлекеттердің өкілдерімен және іскер топтармен бірқатар кездесулер өткізді. Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрлігі мен Қазынашылықтың инвестициялар жөніндегі министрінің орынбасары Лорд Джейсон Стоквудпен өткен кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі…
-

19 маусым — Қала күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті
Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Е. Күзенбаев тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға Алғыс хаттар табыстады. Мерекелік кеш өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен әсем әндер шырқалып, би биленді. Сонымен қатар іс-шара аясында бүлдіршіндер…
-

Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) төленеді. Аталған жәрдемақылар шартсыз, және алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан,…
-

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Шымкент қаласында Медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Биыл денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби мерекесі Қала күнімен тұспа-тұс келіп, мерекелік іс-шараның маңызын арттыра түсті. Салтанатты жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жоғары кәсібилігін, жанқиярлық еңбегін және қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтауға қосып жүрген өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.…
-

«Заң мен тәртіп» бағдарламасы
Жаңаөзен қаласында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ ата-аналар мен білім беру ұйымдары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара Қазақстан Республикасының «Заң мен тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді. Іс-шараға Жаңаөзен қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, білім беру саласының өкілдері, мектеп директорлары мен педагог-психологтар қатысты.…
-

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
Қала күні мерекесі аясында Шымкентте жаңа Жапон саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мегаполис тұрғындары мен қонақтары қатысты. Аумағы 2,3 гектарды құрайтын бірегей қоғамдық кеңістік бұрынғы «Кең баба» саябағының орнында бой көтерген. Сабяқтың құрылысы рекордтық қысқа мерзімде 58 күнде аяқталып отыр. Бұл жоба қалалық…
-

Жамбыл облысында жылына 30 миллион жұмыртқа өндіретін құс шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және өңірлерге инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары аясында Жамбыл облысында тағы бір ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Жамбыл облысының Меркі ауданында «ЭкоФерма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды инвестициялық жобаның капсула салу рәсіміне облыс…
