Санат: Пікір
-

«Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін жария талқылау
2026 жылдың 24 сәуір күні 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі есебінің жария талқылауы аудандық жер қатынастары бөлімінің ғимаратында өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін…
-

Павлодарда заңсыз айналымдағы вейптердің жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда
Павлодарда заңсыз айналымдағы вейптердің жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бүгін колледж студенттері, жұртшылық өкілдері, өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Stop-вейп!» акциясы аясында жастар арасында вейп өнімдерін тұтынуға теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті.Іс-шара барысында психолог сөз сөйлеп, жастарға вейптердің зияны, оның денсаулыққа және психологиялық жағдайға кері әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Акцияның…
-

Еуропалық иммундау апталығы аясында барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Аталған іс-шараны Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Куркинбаева Гульнар Утебаевна мен Жаңаөзен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сымбат Жексенбай бірлесіп өткізді. Семинар барысында иммундаудың маңыздылығы атап өтіліп, вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, туберкулез ауруының алдын алу шаралары мен өңірдегі эпидемиологиялық ахуал талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша жауапты мамандарға эпидемиологиялық…
-

ШЫМКЕНТ КАНАДАМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасындағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганмен кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ сауда, инвестиция, білім беру және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Қаланың инвестициялық әлеуетіне ерекше назар аударылды. Шымкентте инвесторларға дайын инфрақұрылым, жеңілдіктер және жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеу ұсынылатын индустриялық аймақтар мен арнайы…
-

«Зияткерлік меншік және спорт: сөреге, назар аудар, инновация» тақырыбында дөңгелек стол
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын және «Антиконтрафакт» республикалық акциясын іске асыру аясында Зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Қазақ Батыры» аралас жекпе-жек академиясының тәрбиеленушілері үшін жаттықтырушы, грэпплингтен спорт шебері, джиу-джитсудан әлем чемпионы (Абу-Даби), грэпплингтен 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының жүлдегері, 2023 жылғы ашық әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азымбек Жайсенбаевпен бірлесіп «Зияткерлік меншік және спорт: сөреге, назар аудар, инновация»…
-

Астанада экопарк салу бойынша инвестициялық жоба іске қосылды
Қазақстан астанасында «Energy Astana» эко-саябағын салу және пайдалану бойынша инвестициялық жоба іске қосылды. Тиісті келісімшартқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов пен қытайлық «EAST HOPE» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Цюаньюань Пен қол қойды. Жоба 2029 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп күтілуде. Бірінші кезеңде эко-саябақ тәулігіне шамамен 1500 тонна қалдықты өңдеп,…
-

Азаматтарды қабылдау орталығында Ұлытау облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі М.М. Кайруллаев, азаматтарды жеке қабылдау өткізді
22.04.2026 ж. 10:00-де Азаматтарды қабылдау орталығында Ұлытау облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі М.М. Кайруллаев, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.Қабылдау барысында тұрғындар атқарушылық іс жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету және әділет органдарының құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша өзекті сұрақтарымен жүгінді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, оларды одан әрі қарау бойынша…
-

СҰХБАТ: Еуропалық иммундау апталығы туралы
«SARYARQA» телеарнасындағы «Уақыт KZ» бағдарламасында Еуропалық иммундау апталығы аясында сұхбат өтті. Бағдарламаға Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Гүлмира Муксинова қатысып, иммундаудың маңызы, вакцинация арқылы алдын алуға болатын аурулар және тұрғындар үшін екпенің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы кеңінен түсіндірді. Сұхбат барысында халықты вакцина алуға жауапкершілікпен қарауға және жұқпалы аурулардың алдын алуда…
-

“М. Саламатов атындағы Қызмет көрсету және сервис колледжі” студенттерімен кездесу өтті
Қызылорда облысының Әділет департаменті «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында «Мұрат Саламатов атындағы Қызмет көрсету және сервис колледжі » КММ студенттерінің қатысуымен кездесу өткізді. Шара барысында «Зияткерлікменшік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбындағы фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны конкурсын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Жаңа Конституция жобасында зияткерлік меншік объектілері заң жүзінде қорғалатындығы туралы түсіндірме айтылып, …
-

23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10 кітап» акциясы.
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10 кітап» акциясы жарияланды. Мақсаты – қоғамда жаппай кітап оқу үрдісін арттыру үшін әр азаматтың кітап оқуына ықпал ету. Өскелең ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында бұл акцияға Бастаушы ауылдық кітапханасы қолдап тұрақты оқырманы туралы айта кетуді жөн көрдім, Бастаушы ауылдың тумасы, Ержанова Күлбағи апамыз 84…
-

Семинар
Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының барлық аудандық, қалалық АХАТ бөлімдерінің қызметкерлерімен Zoom платформасы арқылы онлайн семинар өткізілді. Аталған семинарда ақпараттық жүйелердегі деректердің сақталуын, дұрыстығын және тұтастығын қамтамасыз ету мәселесі аталды. Атап айтқанда: – ақпараттық жүйелерге…
-

🔰 ӘР ӨТІНІШ – НАЗАРДА: СОЗАҚ АУДАНЫНДА МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін, Созақ ауданында халықпен кері байланысты нығайту және азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Созақ ауданы Созақ ауылы және Таукент елді мекенінде азаматтарды қабылдау бойынша…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Түркістан облысында экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталған шара Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай қорық аумағында өтіп, «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Президентімен телекөпір байланысы орнатылды. Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында өткен акцияға қатысушылар арнайы орнатылған LED экран алдына…
-

«Абайтану» республикалық олимпиадасының қорытындысы
Алматы қаласындағы «Абай ұлттық мектебінде» 2026 жылғы 21-24 сәуір аралығында 9-11 қазақ сыныптарының оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Абайтану» VІІІ Республикалық олимпиадасы өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 112-дан астам қатысушы бар қатысты. Олимпиаданың мақсаты – Абай мұраларын насихаттау арқылы оқушылардың Абай шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту, Абайдың білім, ғылымды игеру қағидаттары, ар ілімі, толық адам ілімін терең зерделеуге баулу. Олимпиада…
-

Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы Достық және Ертіс ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізді
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, жолдарды жөндеу, ауызсу, электр жарығы, абаттандыру және санитарлық тазалық бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен бастамалар да таныстырылды. Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің қатарында жол сапасы, көше жарығы, интернет желісі, медициналық қызметтің қолжетімділігі және ауылішілік инфрақұрылымды дамыту мәселелері болды. Аудан әкімі әрбір…
