Санат: Пікір
-

Ауыл тұрғындарымен “Тәртіпті өзіңнен баста” атты кездесу өткізілді.
ҚР МҚІА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын талқылау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында ауыл тұрғындарымен “Тәртіпті өзіңнен баста” атты кездесу өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1290344?lang=ru
-

«SARAISHYQ UPGRADE 2026» жастар форумы қорытындыланды
Атырауда екі күнге созылған «SARAISHYQ UPGRADE 2026» жастар форумы аяқталды. Биыл форумға қатысуға 1000-нан астам жас өтінім беріп, іріктеу нәтижесінде 300-ге жуық қатысушы жоба жұмысына қатысты. Форумның екінші күні қатысушылар алты бағыт бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, өз жобаларын қорғады. Шеберлік сабақтарын Олжас Нұрбай, Дастан Оразбеков, Фарангиза Шукашева, Амангелді Ислам, Сандуғаш Абдиева және Дәуіт Сұраған өткізді.…
-

«Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында
Бүгін мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында «Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі бағыттары мен мақсаттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жобаның мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіруге және кәсіби әрі тұлғалық дамуына ықпал ету. Кітап оқу – білім мен ой-өрісті кеңейтудің, рухани дамудың және жаңа идеяларға жол ашудың маңызды құралы. Кітап…
-

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМГЕ ӨТІНІШ БЕРДІҢІЗ, БІРАҚ ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛМАДЫ МА?
Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін. Мысалы, азаматтың белгілі бір әлеуметтік төлемді алуға құқығы болмауы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қажетті мәліметтердің болмауы немесе ондағы деректердің төлем алуға құқықты растамауы ықтимал. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін кейбір әлеуметтік төлемдер бойынша қажетті әлеуметтік аударымдардың жүргізілмеуі де төлемнің тағайындалмауына себеп болады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алу үшін…
-

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 12 қыркүйек күні өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне шақырамыз:▪️ «Алтай» КТО (Жібек Жолы көшесі, 44);▪️ «Дос-Нар» СҮ (Виноградов көшесі, 17а) Жәрмеңкеде сіздерді кең ассортименттегі өнімдер күтеді: жаңа піскен ет өнімдері (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті), шұжық және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, бал және тағы басқа өнімдер.Бұл – сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып…
-

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындарға ие болған қазақстандық спортшылармен кездесті. Мемлекет басшысы халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшыларды құттықтап, олардың жеңісі Қазақстан спортының мерейін асқақтатқанын атап өтті. Сондай-ақ Президент Ұлытау облысының намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған жерлестерімізді арнайы құттықтады.…
-

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасында қызметтік әдеп мәселелері бойынша іс-шара өткізілді
2026 жылғы 11 қыркүйекте Алматы қаласы Цифрландыру басқармасында Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп, Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне арналған түсіндіру іс-шарасы өткізілді.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері қаралды.Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау, құмар…
-

Жолдағы тәртіпке әуеден бақылау:Семейде дрондар қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілердің жолын кесуде.
Семей қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи технологияларды тиімді пайдаланып келеді. Қазіргі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында полиция қызметкерлерінің жұмысында цифрлық және техникалық мүмкіндіктердің маңызы артып отыр. Соның бір айқын мысалы – патрульдік полиция қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни…
-

Отбасы күні құтты болсын!
Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қызмет пен отбасы сабақтастығын жарасымды ұштастырып, ұжымға үлгі болып жүрген Тәжібеков Азамат Лесбекович пен Елеуова Светлана Өтепқалиқызы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Ерлі-зайыптыларға отбасылық амандық, шаңырақтарына бақ-береке, еңбектеріне табыс және ұрпақтарына жарқын болашақ тілейміз. Отбасы күні құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1290328?lang=kk
-

Туу туралы куәліктегі қателер: қайда жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ұлытау облысы бойынша филиалы туу туралы куәлікте қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда туу туралы актілік жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге болатынын еске салады. Туу туралы куәлік азаматтың негізгі құжаттарының бірі болып табылады. Сондықтан онда көрсетілген мәліметтер дұрыс болып, туу туралы актілік жазбадағы деректерге толық сәйкес келуі тиіс. Егер тегі,…
-

-

Ақтөбе облысы Түркияның «Башкент» университетімен медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Башкент» университетінің өкілдерін қабылдап, денсаулық сақтау және медициналық білім беру салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Аймақ басшысы тәжірибе алмасу және медицина кадрларын даярлауда заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. «Біз үшін жетекші шетелдік медициналық ұйымдар және университеттермен ынтымақтастықты дамыту аса маңызды. Мұндай білім және тәжірибе алмасу мамандарымыздың біліктілігін арттыруға,…
-

ШҚО әкімі Күршім ауданындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапары барысында ауданның спорттық инфрақұрылымымен танысты. ⚽️Бірінші Күршім аудандық көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, ондағы спорт секцияларының жұмысын көрді.1969 жылы құрылған спорт мектебінде бүгінде 850-ден астам бала спорттың 10 түрімен тұрақты айналысады. Олардың қатарында волейбол, футбол, шаңғы жарысы, жеңіл және ауыр атлетика, бокс, еркін күрес,…
-

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы егін жинау науқаны – 2026.
Бейнелерді көру үшін сілтемелер: КТ «Зенченко и К» – https://www.facebook.com/share/v/1RpK9LHAA9/ «Сервис Жарс» ЖШС – https://www.facebook.com/share/r/1B2rnXNV7Q/ «Алекри Агро» ЖШС – https://www.facebook.com/share/v/1BU22iDwvM/ «Орловский» ЖШС – https://www.facebook.com/share/v/1DftnaNNjW/ «Елим – Кызыл Жар» ЖШС – https://www.facebook.com/share/v/1C2vaRp21P/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-osh/press/news/details/1290318?lang=ru
-

Депутаттардың назарына!
2026 жылғы 23 қыркүйек сағат 11-00-де сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кезекті 34-ші сессиясы шақырылады. Сессия аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді. Қызылжар ауданында жайылымдарды пайдалану және оларды басқару жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы . Бугровое және Светлопольск ауылдық округтерінің әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары туралы. Анықтамалар алу үшін телефон 7-90-04 Ақпарат көзі…
