Санат: Пікір
-

Қол жетімді орта-заң талаптары
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 154-бабына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізуге, сондай-ақ басқа азаматтармен тең дәрежеде қызметтер алуға құқылы. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында Департамент мамандары объектілердің қолжетімділік талаптарына сәйкестігін тексереді. Атап айтқанда, пандустардың болуы және олардың нормативтерге сәйкестігі, қолжетімді кіреберіс топтары, тұтқалардың орнатылуы, есік ойықтарының қажетті ені,…
-

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік…
-

Кеңейтілген көше мен жаңа көпір ел игілігіне айналды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған жобалар қазіргі уақытта кезең-кезеңімен ел игілігіне айналуда. Аймақ басшысы алдымен Тасбөгет кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын көрді. «УАД» серіктестігі жүзеге асырған жобаға 5,1 млрд теңге қаралған, 4,4 шақырым көше жөнделіп, Есенов және Амангелді көшелері төрт жолақты…
-

Қазақстандағы әлеуметтік қызметкерлер: кәсіби біліктілік жүйесі қалай дамып жатыр?
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру және әлеуметтік саладағы кадр әлеуетін дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді. Бүгінде еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінде 12 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның 1 251-і үкіметтік емес ұйымдарда еңбек етеді. Әлеуметтік қызметкерлердің 55,5%-ы ауылдық жерлерде, 44,5%-ы қалаларда жұмыс істейді. Арнаулы әлеуметтік қызмет…
-

Президент Жолдауын жүзеге асыру: екі жылда туризмге салынған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты
Туризмді дамыту және оның ұлттық экономикадағы рөлін нығайту сапалы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін ашуға, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кадрлық әлеуетті күшейтуге және саяхатшыларды тартатын барлық нысандарда қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге…
-

Красная поляна ауылдық округі Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл – Fest» іс-шарасына белсенді қатысты. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, тіл білу деңгейлерін және еліміздің мәдени әралуандығына деген құрметін көрсетті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, түрлі этнос өкілдерін біріктірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-krasnaya-polyana/press/news/details/1287109?lang=ru
-

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. – Табиғи талантыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылық жолыңызда ерен табысқа қол жеткіздіңіз. Ұзақ жылдар бойы еліміздің беделді басылымдарында жемісті еңбек етіп, «Казахстанская правда» газеті мен «Простор» журналын басқардыңыз. Адамгершілігі мол әрі өмірлік ұстанымдарынан айнымаған тұлға ретінде қаламгерлер арасында және қоғамда үлкен құрметке…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және халықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде қаралып, жауапты басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров азық-түлік бағасын тұрақты деңгейде ұстап, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды. – Әлеуметтік…
-

«Анықтау қызметіне – 35 жыл»: Атырауда полицейлер арасында спорттық сайыстар өтті
6 қыркүйек – Анықтау қызметі күні қарсаңында полиция қызметкерлері арасында спорттық сайыстар өтті. Шараға Атырау облысы полиция департаменті, Атырау қаласы полиция басқармасы, №1 және №2 қалалық полиция бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ Атырау облысының прокуратурасы қатысты. Қызметкерлер кіші аяқ добы, эстафеталық жарыс, жүгіру және арқан тартудан өзара бақ сынады. Спорттық сайыстардың басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің спортқа…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕАТРЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕР МЕН БАЙҚАУЛАРДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНЫП ЖҮР
Түркістан облысында мәдениет саласын дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілді. Аталған құжат негізгі 5 бағытты қамтиды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиында өңірдегі мәдениет саласының қазіргі ахуалы, негізгі даму бағыттары мен өзекті мәселелері талқыланып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді. – Мәдениет – өңірдің рухани дамуының маңызды бағыты.…
-

Екі жылда туризмге салынған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты
Қазіргі уақытта республикада жалпы құны шамамен 1,3 трлн теңге болатын 328 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оларды кезең-кезеңімен енгізу 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға және халықаралық деңгейдегі 25 жаңа қонақ үй кешенін ашуға мүмкіндік береді. Толығырақ ortcom.kz сайтында Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1287116?lang=ru
-

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет
Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру маңызды.Ата-аналарға балаларға жолдан өту тәртібін түсіндіріп, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, бағдаршам сигналдарына назар аудару және жол бойында телефонға алаңдамау қажеттігін үйрету ұсынылады.Сондай-ақ автокөлік жүргізушілері балалар мекемелері мен мектептер маңында жылдамдықты төмендетіп, ерекше сақтық танытуы қажет.Жол қауіпсіздігі – сізден басталады Ақпарат…
-

Денисов аудандық мәслихатының cегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
2026 жылғы 11 қыркүйектегі сағат 10.00 Денисов аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді. Сессияның қарауына «Денисов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 67 «Денисов ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе енгізіледі. Zoom конференциясына кіру: https://us05web.zoom.us/j/4895976113?pwd=7rzUEWOcvASbzBc5F4wOPR2wMO7hab.1&omn=81018810121 Конференция идентификаторы: 489 597 6113 Кіру коды: 123456 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/1287119?lang=ru
-

Облыстық семинар
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, медициналық ұйымдар басшыларының орынбасарлары, мониторинг топтарының басшылары, госпитальдық эпидемиологтар, департаменттің аумақтық басқармаларының мамандары үшін инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелері бойынша онлайн-форматта облыстық семинар өткізді. Семинарда медициналық көмек көрсетуге байланысты жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері қаралды, оның ішінде медициналық ұйымдарда өзін-өзі бақылау мәселелері, персоналдың медициналық тексеруден өтуі мәселелері көрініс…
-

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНДАРҒА 237 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. 2026 жылдың басынан бастап қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандарға әкімшілік шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, 434-2-бап бойынша 5 746 әкімшілік хаттама толтырылып, 170,6 млн теңге айыппұл салынды. Оның 114,3 млн…
