Санат: Пікір
-

🔹Қазақстан мен Корея азаматтарды EPS жүйесі арқылы жұмысқа орналастырудың мемлекеттік тетігін бекітті
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында еңбек көші-қоны саласында маңызды келісімге қол жеткізілді. Екі ел басшыларының келіссөздері қорытындысы бойынша екіжақты 13 құжатқа қол қойылды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасында Жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі (Employment Permit…
-

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Келес ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында халықпен кездесу өтті. Маңызды жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласындағы «Сейітжан қари» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре қатысып, тұрғындармен өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев ашып, жүргізді. Ол қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті…
-

Аудан әкімі жедел штаб отырысына бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты
Аудан әкімі жедел штаб отырысына бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Аңбаев Р.Ә. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Бірінші орынбасары Тасмағанбетов М.И. төрағалық еткен жедел штаб отырысына бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты. Отырыс барысында жедел шешім қабылдауды талап ететін өзекті мәселелер қаралды және жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1292433?lang=ru
-

КӨГЕРТУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің Көгерту елді мекеніндегі оқушылардың мектепке қауіпсіз қатынауы мәселесі назарға алынды. Әлеуметтік желілерде елді мекеннің шеткі аумақтарында тұратын оқушылардың №38 Көгерту жалпы орта мектебіне қатынау кезіндегі қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдірілген болатын. Осыған байланысты жағдайды зерделеу мақсатында Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев Көгерту елді мекеніне арнайы барып, оқушылардың мектепке барып-қайту…
-

Баспасөз аңдатпасы
2026 жылғы қыркүйектің 18 күні сағат 10-00-ден 16-00-ге дейін «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 11-үй. Абай облысы Бесқарағай ауданының аудандық мәдениет үйі. Іс-шараның тақырыбы: «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы».…
-

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ!
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Жеке құрам инспекциясының қызметкерлері Қармақшы ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп қағидаларын қатаң ұстану мәселелері талқыланды. Жиын соңында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстануға, адалдық…
-

«АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!» АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
14–16 қыркүйек аралығында республика көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» акциясы өткізілуде. Акция барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауына және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беру талаптарын орындауына ерекше назар аударады. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол жүрісі қағидаларын…
-

⚜️Ішек ауруларының алдын алу
Ішек ауруларына: іш сүзегі, паратиф, дизентерия, тырысқақ жатады. Бұл аурулардың белгілері әртүрлі: дизентерия мен тырысқақта іш өту, іш сүзегінде дене қызуының көтерілуі тән. Аурудың көзі – науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы, атап айтқанда жеңіл немесе мүлдем ауру белгілері жоқ, сондай-ақ бактерия тасымалдаушы – осы аурудан айыққанымен қозырғышты сыртқы ортаға нәжіспен, құсумен, кейде зәрімен шығаратын…
-

Қарағанды гарнизонында «Айбалта-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу орталығының полигонында «Айбалта-2026» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.Оқу-жаттығуға «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен әскери бөлімдері қатысу үстінде. Оған 600-ге жуық әскери қызметші және 50-ден астам қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылған.Негізгі міндет – әскерлердің мақсатқа сай міндеттерді орындауға әзірлігін тексеру, командирлер мен штабтардың жоспарлау және шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ бөлімшелердің…
-

Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?
Бейнежазба Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі? «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша төленетін демалыс күндері беріледі. Толығырақ ақпаратты бейнероликтенкөре аласыздар. Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар: @zhazira_toqtar @elgeqyzmet.aqmola Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қатысты кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады. Ақпарат…
-

Туу туралы куәліктегі қателер: қайда жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?
Туу туралы куәліктегі қателер: қайда жүгіну керек және қандай құжаттар қажет? «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ұлытау облысы бойынша филиалы туу туралы куәлікте қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда туу туралы актілік жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге болатынын еске салады. Туу туралы куәлік азаматтың негізгі құжаттарының бірі болып табылады. Сондықтан онда көрсетілген мәліметтер дұрыс…
-

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін оңтайландыру
Қазақстанда зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2026 жылғы қаңтарда аумақтық департаменттер көрсететін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру жөніндегі Жол картасы бекітілді. Жол картасы аясында 2026 жылғы ақпан–тамыз айларында мүгедектікке, асыраушысынан айырылуға, бала тууына және бала күтіміне байланысты, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және қайта есептеу…
-

Құрметті Астрахан ауданының тұрғындары! Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында 2026 жылғы 2 қазанда сағат 10:00-де, Астраханка ауылындағы аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі Ахметжанов М.М.-ның Астрахан ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Тұрғындармен кездесу аяқталғаннан кейін Мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдайды. Ақмола облысы әкімінің аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1292420?lang=ru
-

Қазақстан мен Корея азаматтарды EPS жүйесі арқылы жұмысқа орналастырудың мемлекеттік тетігін бекітті
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында еңбек көші-қоны саласында маңызды келісімге қол жеткізілді. Екі ел басшыларының келіссөздері қорытындысы бойынша екіжақты 13 құжатқа қол қойылды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасында Жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі (Employment Permit…
-

Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-ші сессиясында ұлттық мәлімдеме ұсынды
2026 жылғы 15 қыркүйекте Венада АЭХА Бас конференциясының 70-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин ұлттық мәлімдеме жасады. Өз сөзінде Гұмар Серғазин Қазақстанның атом саласындағы негізгі басымдықтарын, оның ішінде атом энергетикасы мен өнеркәсібін, ядролық ғылым мен медицинаны дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін атап өтті.…
